Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат

Қазақ радиожурналистикасының даму бағыттары 3 кезеңге бөлінеді: 1917-1918 қазақ тілінің эфирден естілуі. Ең бірінші радио станция Форт-Шевченко ( қазіргі Ақтау) қаласында жұмыс істеген.

Алғашқы радиостанциялардың пайда болуы 1921,1922,1923,1924,1925 жылдарды қамтиды.Орынбор, Семей, Ырғыз, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар қалаларында пайда болған. Сол кездегі ең белгілі деген дикторлар: Әміра Қайшаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов болған.   Алғашқы эфир — 1921 жылы қазан айында еліміздің бұрынғы астанасы Орынбор қаласында жарыққа шығып, бүкіл Республика аймағына тарала бастаған.

1931 жылдың 16 тамыз айында «Радио Хабарларды» қабылдайтын, тарататын жүйені дамыту туралы қарулар қабылданған.

1934 жылдың 8 қаңтарында Жергілікті радиохабарларының жәй күйі туралы қарулары қабылданды.

Сол жылдары Қазақстан Республикасының Республикалық радио комитеті құрылды. Ол Орынбор қаласында болды. Алғашқы комитеттің төрағасы Айтбай Хангелдин болған.

Сол кездегі радиолардың төрт бағыты болды:

-Саяси ағарту

-Білім

-Көркем әдебиет

-Музыка

1966 жылы Республиқалық комитеті «Шалқар» ақпаратты сазды редакция құрылды. 1970 жылдары қосымша «Шалқар» радиосы ашылып, оны Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және тағы да басқа шетелде тұратын қазақтар назарына ұсынылған болатын. 90-жылдардың соңында «Шалқар» радиосы үш жылдай уақытқа жабылып қалып, 2002 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақ радиосының құрамдас бөлігі ретінде қайта ашылған.

Қазақ радиосының тарихы осыдан 90 жыл бұрын басталған.
Тағы рефераттар