ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік – шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және солтүстікте Ор, Елек, Жайық өзендерімен шекаралас жерлерді қоныстанып жайлаған. Жоңғар шапқыншылығы зардаптары отра жүз , кіші жүз қазақтарының ата қоныс аумақтарына өзгерістер еңгізуіне мәжбүр етті. Орта жүз Жайық өзенінің жоғарғы ағысына Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің төменгі ағысы сағаларына ие болып қалған. Ал, кіші жүз Каспий теңізіне және Жайық, Еділ өзендеріне қарай қоныстарын жылжытты. Сол кезде Қазақ даласы Ресей мен Қытай сияқты екі мықты алпауыт мемлекеттердің назарында болды. Бұл мықты мемлекеттер Еуразия контингенті орталығында өз территорияларын ұлғайту саясатына ХVІІ – XVIII ғасырларға дәл келді.
ХVI ғ. Ресей Қазақ жерінің есебінен территорияларын бірте-бірте кеңейте берді. Ал ХVIII ғ. басында әскери линиялық бекіністер. Қазақ жеріне бекініс салып шекара ішіне сыналай кіруі арқылы жерімізді иемдене бастады. Қазақтарда жаңа линия жүргізуіне байланысты 70000 шаршы шақырым жер алынды. Жаңа линия ескі линиядан оңтүстікке қарай 200 шақырым ішкері , яғни Қазақ жерінің шекарасы ішке қарай ығыстырылды. Тек қана Ертіс бойында ескі линиядан оңтүстікке қарай 50 шақырымға ығыстырылып жаңа линия жүргізілді.
Жер жоғалтуымен қатар өзгерістер енді көшпенді қазақтардың дәстүрлі көшу маршруттарының көп жылғы қалыптасқан жүйесі бұзылды. Мал жайылымы тарылды.
XVIII ғ. ортасында басталған жаңа линия құрылысы ресей империясының қазақ даласын отарлаудың ашық жүргізген отарлық саясатының іс-әрекетінің жүзеге асуы болды. Солтүстік Қазақстанда жаңа линия бекініс құрылысының салынып бекуіне байланысты. Солтүстік Қазақстандағы Орта жүз қазақтарының көп жерлері Ресей империясына кетті. Звериноголовская — Петропавловск – Омск. Горькая линия бекіністері қазақ жеріне енудегі алаңға айналды.
1762 ж. 6 тамызында Сенат бұйрығы бойынша линия бойын жераударылғандар мен қоныстандыру жарлығы бойынша 60 жылдары XVIII ғ. Сібірден жераударғандар мен Польшадан шығарылған помещик-крестьяндар және қашқындар мен Ресейден келген еріктілер мен қоныстандырылды.
Солтүстік Қазақстан аумағына бекініс салу “тарту ” арқылы Ресей империясы екі мәселені шешті. Бірінші Қазақ даласына әскери күшін еңгізді және орыс келімсектері мен қоныстандыру арқылы қазақтың ұлттық тұтастығын бұзып дәстүрлі – Орта және Кіші Орда деп аталатын географиялық территориялық атауды өзгертіп.
Орынборлық және батыс Сібірлік губернияға бөлініп атауында өзгертті. Осылайша Қазақ даласында Орынборлық және сібірлік қырғыздар (қазақтар Ө.И.) атауы пайда болды. Жайықтың жоғарғы (Верхне яицкая) линиясы. Ойыл өзені бекінісі.Красногорская (Қызыл жар) және Ор дистанцияларын қосатын Жоғарғы Жайық линиясы. 9 бекініспен 16 редут қашықтығы. 561,5 шақырым Орынбордан шығысқа және оңтүстік шығысқа.
Орскіден Троицкі бекінісіне дейінгі жер аралығында қазақтар тығыз қоныстанған болатын Патша үкіметі арғын жағалбайлы, қыпшақтар рулары жазғы жайлаулары қоныстарының үстінен тікелей Ор дан Троицкіге тікелей жаңа бекініс тартты. Ескі бекініс пен жаңа бекініс аралығындағы жерлер қоныстанған қазақтардың иелігіне қалды. Қазақтар ол жерлерге енді бара алмады осылайша. Оның үстіне патша үкіметі.1832 ж. бұйрық бойынша әскери казактар бекіністен 15 шақырым жерлерге дейінгі аралыққа олардың пайдалану құқын берді. Мұндай жерден айырылу. Мал мен тіршілік етіп, жанбаып отырған қазақар наразы болып қарсылық жасаған жағдайда. Қарулы әскери дайындығы бар казак әскерлерін қарсы пайдалану үшін ұстаған болатын.
Жаңа линия салынуы нәтижесінде қазақ халқын жерден қысты. Шеген би, Тархан Шақшақ батыр ұрпағы арғын руының рубасының бірі былай деген. Арғындар Тобыл, Тоғызақ, Аят өзендері бойындағы малға жайлы құнарлы қоныстарынан айырылып қалды . Біздің байларымыз мал кәсіпшілігімен айналысуға дәрменсіз болып отыр деп Ресей әкімшілігіне шағым хат жолдаған. Осыдан кейін шекараға казактарды қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін иемденіп қалды. Қазақ жеріне шекаралық бекіністерді салу жұмысын патша үкіметі 1836 жылға дейін қысы жазы жүргізді. Қатты боран болып жол болмай қалған күндердің бәрінде жұмыс істеді (59 бетте)
1843-1847 жылдары Аманқарағай бекінісінде (Құсмұрын), Орынборлық (Торғай) өте ірі форпостылары салынып болды.Бұл бекіністерді Жаңа (Новый) линия мен Горький линиялар арқылы жабдықтап отырды. (67) Солтүстік Қазақстан жеріне осылайша шетінен сыналай кіріп төріне шығып, жергілікті қазақтардың қарсылығын басып жаныштайтын арнайы әскери үлкен топтарын бекіністерге түпкілікті орналастырып үлгерген.Аманқарағай бекінісінің негізі 1843 ж. қаланды. Орынбор және Сібір Қазақтарының территориясына салынды.Бұл жердің қазақтары Торғай өзеніне қарай қоныс аударып көшіп кетуге мәжбүр болды. Осылайша жергілікті қазақтар малдың жазғы жайылымы жайлауларынан айырылды. 1849 ж. әскерилер мен қазақтар қоныстандырылды. 4,5 млн. десятина құнарлы жерлерден айырылған.
Тағы рефераттар
- Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
- Сухомлинский Василий Александрович өмірі мен қызметі
- Музыкатану және музыкалық білім беру педагогикасы
- Ойлау және оның балалық шақта дамыту
- Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне сипаттама