Қазақ журналистикасы 1917-1933 жылдар арасында туралы қазақша реферат
Кеңес өкіметінің алғашқы шараларының бірі — сол кезде белгілі себептермен контре- волюцияшыл-буржуазиялық баспасөз деп аталған “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Бірлік туы”, “Ұран”, “Абай” сияқты, т.б. ұлттық басылымдарды біржолата тоқтатып, жабу болды. Осыған орай жаңадан құрылған қазақ жеріндегі кеңестер белсенді қызмет атқарады. Олар негізінен 1918 жылдың соңына дейін бойшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан бір топ газет-журналдарды біржолата жойып жіберудің арқасында солардың баспаханалары мен қағаз қорларын пайдалана отырып, өздерінің газеттерін шығара бастады.
Қазан төңкерісіне дейін де Қазақстанда еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары деп аталған ұйымдардың болғаны тарихтан мәлім. Мысалы: Верныйда “Мұсылман жұмысшы ларының біріккен одағы” құрылып, жұмыс істеген. Бұл одақ 1917 жылдың 13 желтоқса- нында “Садақ” атты сықақ журналын шығара бастады. Ол негізінен, Жетісу елі ішіндегі кемшіліктерді ашып, түзетуді, жұртқа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді мақсат еткен. Журналға идеялық жағынан жетекшілік жасаған О.Жандосов болса, редакторы Ә.Басиров еді.
Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметтің тұсында қазақ жерінде де облыстық, уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы: Ақмолада құрылған осындай “Қазақ” комитетінің құрамында С.Сейфуллин де болған. Бұл комитет сол кезде бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, олардың орнына жұмысшы-кедейлерді іске қосу, дінмен күрес және қазақ әйелдеріне бостандық әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.
Осы комитеттің қасынан Сәкен 1917 жылдың сәуір айында “Жас қазақ ” ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде 40-50-ден аспаса кейін көбейе түсті.
Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң, білім тарату, жаға саясат істеріне қатысу болып табылады. Осы ұйымның жарғысынан: “Жас қазақ ” Ресейдің ең дұрыс жобалы төңкерісшіл (революцияшыл) партисымен қатар майданға шығады. Онан соң Ресейдің құрама (федеративная) республика болуын қуаттайды – деген жолдарды оқуға болады.
Алайда “Жас қазақ ” ұйымының ең басты қызметі деп біздер олардың мүшелік арнадан жә- не елден жиналған қаражатпен қазақ баспаханасын құрып, 1917 – 1918 жылдары “Айна”деген жур налдың бір санын, “Тіршілік ” деп аталатын газеттің бірнеше нөмерін шығарғандарын айтар едік.
Тағы рефераттар
- Құқық пәнінен тест сұрақтары
- Құжат айналымының көлемін есепке алу
- Сұлтан Бейбарыс (1223-1277)
- Қарызданушының кредиттеу процессін ұйымдастыру
- 16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесі