МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……….4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ……..6
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері…….6
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері……….14
1.3 Банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі…………20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ……….31
2.1 Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы……31
2.2 АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық талдау………36
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ………51
3.1 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары……51
3.2 Банк жүйесінің даму перспективалары…………58
ҚОРЫТЫНДЫ…………….66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………68
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнгі дағдарыс Америкадан басталып, өзінің ауыр зардабын әлем елдерінің бәріне тигізіп отыр. Америкалық үлкен-үлкен компаниялар мен банктердің акциялары күрт арзандап, кейбіреуі банкрот болып, кейбіреуін үкімет өз қарамағына сатып алуға мәжбүр болуда.
Америка Құрама Штаттары еліндегі банктер мен компаниялардың күйреуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бюджеттен оларға жәрдем ретінде 700 млрд. доллар бөлінді.Бірақ бұл да аз болғандықтан ел экономикасына 600-700 млрд. доллар көлемінде қосымша қаржы берілді. Еуропада, Азияда, құрылықтың басқа өңірлерінде де қазіргі дағдарыстың зардабы осындай ауыр.
2008 жылы қаржы дағдарысының салдарынан бүкіл әлем елдеріндегі қор рыногының құны 30 триллион доллардан артық арзандаған. Үнді елінде осындай қағаздар кұны 52 пайызға, ал Қытай Халық Республикасында 66 пайызға төмендеген. Тек кана Америка үкіметі қаржы дағдарысымен күресу жолында 4 триллион 280 млрд. долларға шығынданған, кейбір есептер бойынша бүл әлем елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынынан 2 еседен аса артық[1].
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті,бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ.Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық[2].
2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды.2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50-ден астам пайыздық тармаққа: жылына 20 пайыздық жылдық өсімнен 30 пайыздық төмендеуге дейін азайды.
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті,экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің одан әрі дамуы ағымдағы жаһандық дағдарыстың негізгі қорытындыларын ескеретін болды.Қандай да болмасын қарыз алу коммерциялық қаржылық және валюталық тәуекелдерді бақылауға мүмкіндік беретін қатаң пруденциалды стандарттарға және ашықтық талаптарына негізделуі тиіс.
Халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділік банк секторының және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларының сыртқы борышының деңгейін жауапты басқаруды талап етеді.
Ел ішіндегі жинақтар деңгейінің өсуі орнықты,ашық және тиімді реттелетін болуы тиіс,қаржы жүйесіне сенімнің нығаюына байланысты.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін мемлекеттік қолдау сақталады,алайда,бірте-бірте жеке бастамаға орын бере отырып, тікелей мемлекеттің қатысуы азаятын болады[3, 1, 3 – 4 бб.].
Мұның әсіресе еліміздің алдағы он жылда әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін маңызы зор.
Нарықтық экономикада банк жүйесінің атқаратын қызметі өте зор. Біріншіден, дамыған банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық қатынастар жағдайында коммерциялық мәмілелердің көбісі электрондық төлемдер немесе чектермен төлеу жолымен қаражаттарды бөлу арқылы жүргізіледі. Екіншіден, өзге қаржы делдалдарымен бірге, банктер халық жинақтарын әр түрлі жобаларға бағыттайды, несие саясатын жүзеге асырады. Қаражаттарды инвестициялау процесінің тиімділігі белгілі бір дәрежеде банк жүйесінің ақша қорларын оларды оптималды пайдалана алатын заем алушыларға бағыттай алу қабілетіне байланысты болады. Үшіншіден, коммерциялық банктер орталық банктердің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет етеді, айналыстағы ақша көлемін реттеу процестеріне қатысады.
Осы жоғарыда айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты — әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы Қазақстанның банк жүйесінің мәнін, мазмұнын, атқаратын активті операцияларын, даму болашағын зерттеу, еліміздің жалпы банк секторының қазіргі жағдайын сипаттау, зерттеу, ондағы кездесетін проблемаларды айқындау және оны шешу жолдарын, перспективаларын, даму болашағын көрсету. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету нарығына шолу жасау, оның қазіргі жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті –дағдарысқа қарсы банктердегі тұрақтылықты орнатудың қазақстандық жолын айқындау; банк жүйесінің шетелдік тәжірибесін, активті операцияларын, бағыттарын, қызметтерін қарастыру, қазіргі банктердің экономикалық жағдайына талдау жасау. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлін, олардың қажеттілігін, еліміздегі банк жүйесінің даму тарихын, оның негізгі мәселелерін, жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері, Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері, банк жүйесінің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы ашылып, АҚ БТА Банкі қызметтеріне экономикалық талдаужасалынған.
Үшінші бөлімінде банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары, даму перспективалары көрсетілген.
Дипломдық жұмыс / 68 бет
Тағы рефераттар
- Махамбет Өтемісұлы
- Тәжірибеден фактілер жинау әдістері
- Әлеуметтіктік қызметкердің этикет проблемaсынa ғылыми көзқaрaстaрды тaлдaуы
- Кеңес дәуіріндегі қазақ айтысы
- Су мәселесі