Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердiң бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2) жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
3) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
5) заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi
1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерiстер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп соғады.
Басқада бір мемлекетте прокуратура органдарына мұндай үлкен құзырет берілмеген, және ең басты қадағалаушы органдардың бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Конституциясы. — Алматы, 1997.
2. «Прокуратура туралы» ҚР Заңы. — Алматы, 1999.
3. ҚР қылмыстық-іс жүргізу кодексі. — Алматы: Юрист, 2003. — 220 б.
4. ҚР азаматтық-іс жүргізу кодексі. — Алматы: Юрист, 2003. — 131 б.
5. Ақпарова Р.Н. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары. — Алматы: «Дәнекер»,2000.
6. Алиев М.М. Прокурорский надзор РК. Оку-әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы», Алматы, 2002. -41 6.
7. Винокуров Ю.Е. Прокурорский надзор. 3-і басылым. М., 2001, — 352 б.
8. Келдібаев М.Х., Огородников А.А. Прокурорский надзор. Оқулық. — Санкт-Петербург, 2002 — 240 б.
9. Прокурорский надзор. (Жауаптар мен сүрақтар). — М.: Жаңа заңгер, 1999
10. Прокурорлық кадағалау /Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен/. -М.: Экзамен, 2000.
11. Басков В.И. Курс прокурорского надзора. /Прокурорлык қадағалау курсы/. — М.: Зерцало, 1999.
12. Нәрікбаев М.С. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау//Астана -2005.- 237-255 бб.
13. Егембердиев Е. Азаматтық сот ісін жүргізуде жарыспалылық қағидасын жүзеге асырудың кейбір өзекті мәселелері
14. Мерзадинов Е.С. Прокурорский надзор в Республике Казахстан за соблюдением проав и свобод человека и гражданина. — Алматы, 2001. — 15-құжат
15. Утибаев Г.К. Надзор за законностью рассмотрения уголовных дел в судах. Жинақта : Прокуратура Казахстана в условиях независимости. — Алма-ты, 2001. — 37-38-беттер
16. Жилин Г.А. Цели гражданского судопроизводства и их реализация в суде первой инстанции. Автореф. дис.докт.юрид.наук. М., 2000.С.64.
17. Жуйков В.М. О новеллах в гражданском процессуальном праве. М., 1996. С.4.
Тағы рефераттар
- Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
- Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- Қола дәуірі петроглифтерінің кейбір образдары мен сюжеттерінің семантикасы
- Азаматтық құқықтық субъектілері
- Пластидтер және оның түрлері