Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстан Республикасы салық саясатының негізгі принциптері 7
1.1 Салық салудың теориялық негіздері және Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көрініс тапқан принциптердің экономикалық мәні. 7
1.2 ҚР-да салық салудың көрінісі.19
1.3 ҚР-сы салық қызметі: органдарының міндеттері.33
2 Мемлекеттің салық саясатының қазіргі жағдайы.39
2.1 ҚР- салық органдарының 2007 жылғы қорытындысы және 2008 жылға қойған мақсаттары.39
2.2 Алматы облысы, Әуезов ауданының салық жинау көрсеткіштері. 41
2.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері.44
3 Халықаралық салық саясатының құқықтық принциптері және қосарланған салыққа жол бермеуге қатысты халықаралық келісімдер.49
3.1 Халықаралық салық қатынастарының негіздері және алғашқы халықаралық салықтық келісімдер.49
3.2 Қосарланған салықтық пайда болу себептер: халықаралық салықтық режимдер және қосарланған салық пен күрес.60
Қорытынды 69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 71
Кіріспе
Салық – кез-келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: «салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері» екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, салық ауыртпалығының аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, салықтар түрі де көбеюі тиіс.
Салықтық төлемдердің шынайы мәнін түсіну үшін оның негізгі принциптерін анықтап алған жөн. Бүгінгі таңда салық құқығында классикалық принциптерге айналған принциптерді белгілі экономист Адам Смит ұсынған болатын. Ол төмендегі принциптер:
— мемлекеттің тұрғындары өздерінің табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін атсалысуға тиіс;
— әркім төлейтін салықтың мөлшері нақты айқындалған болуы тиіс. Салықты төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет;
— салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуы тиіс;
— әрбір салықтың салмағы халықтың қалтасын ойсыратып ктпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерленген межеден артық болмаса, кем түспейді.
Бұл принциптер соншалықты қарапайым болғандығына қарамастан қазіргі таңдағы салық принциптері осыларға негізделген.
Осы айтылғандардың түпкі тұжырымдары ретінде қазіргі заманғы экономикалық сипаты басым салық принциптерін атап өтуге болады:
— салық ставкасының мөлшері әрбір салық төлеушінің мүмкіндіктерін ескере отырып, яғни, табысына қарай белгіленгені жөн. Табысқа салынатын салық прогрессивті болуы керек. Алайда, бұл принцип әрқашан сақталмай, көптеген елдерде салықтар пропорционалды түрде есептелуде;
— табыстарға салықтың бір рет қана салынуына күш жұмсау қажет;
— табысқа немесе капиталға бірнеше мәрте салық салынуына жол берілмегені жөн;
— салық төлеу міндеттілігі әркімге тән;
— салықтарды төлеу жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге түсінікті, қарапайым және ыңғайлы болғаны жөн, ал салық жинаушы мекемелер үшін салық жинау экономикалық тұрғыдан үнемді болғаны абзал;
— салық жүйесі қоғамдық –саяси өзгермелі өзгерістерге оңай ыңғайланатындай тиімді болуы керек;
— салық жүйесі қалыптасқан жалпы ішкі өнімді бөлуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді құралына айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай отандық салық салу жүйесі біртіндеп қпалыптаса бастады. Әрине, мұнда нарқытық экономика мен ұлттық экономиканың ерекшеліктері басты назарға алынуда. Дегенмен, қолданыстағы салық жүйесі әлі де болса өзіне жүктелген қызметтерін толықтай жүзеге асыра алмай отыр. Сондықтан да бұл саладағы құықтық, экономикалық және саяси мүдделеріне нұқсан келтірерліктей дәрежеде болғандығы айқындалды. Сондықтан, 1995 жылдан бастап,мемлекет аумағында КСРО жасаған барлық халықаралық салықтық- ынтымақтастықты орнықтырудың жаңа кезеңі басталды.
Халықаралық салық салу жүйесіндегі ең басты проблемалардың және принциптерідің бірі- қосарланған салыққа жол бермеу мәселесі. Бұл мәселе, әсіресе, ХХ ғасырдың 20 жылдарында ерекше шиеленсіп кетті. І-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, мемлекеттік шығындардың орнын толықтыру мақсатында көптеген елдер салық көлемдерін арттыруға ұмтылды.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер: мемлекеттің егемендік алуы, қлоғамның демократиялық жаңаруы, жекешелендіру саясаты, нарықтық экономикаға бет бұру, мемлекеттік және ұжымдық меншіктермен қатар жеке меншік институттың өркендеп өріс алуы біздің елімізде салықтық және инвестициялық қатынастарды заман талабына сай қалыптастыруды қажет етті. Оған дәлел ретінде қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы қосарланған салық салуға жол бермеу жөніндегі Конвенцияларды атауға болады. Бүгінде мұндай ратификацияланған конвенциялар 40—қа жуық мемлекеттермен жасалған.
Салықтық қатынастарға байланысты келісім-шарттарға қол қойыллғанына қарамастан, көп жағдайларда, оларды жүзеге асырудағы қиындықтарға байланысты қосарланған салық немесе салық төлеуден бас тарту мәселелері толығымен шешілмейді. Олардың басты себебі- конвенция мәтіні мен тәжірибе арасындағы сәйкессіздік, конвенция ережелерін толық түсінбеушілік, мемлекеттердің салық жүйесінің бір жүйеге келтірілмеуі болып табылады.
Дипломдық жұмыс / 72 бет
Тағы рефераттар
- Қыстап қалатын құстар балабақшадағы ашық сабақ
- “ZooM” экрандық лупа курстық жұмыс
- «Coca-Cola» өнімдерінің пайдасы мен зияны
- Салық төлеудің қажеттілігі және оны төлемеудің салдары қандай болмақ?
- Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау