МАЗМҰНЫ
Аннотация 3
Abstract 5
Кіріспе 6
Негізгі бөлім
1-тарау. Қазақстан су көздерінің қысқаша сипаттамасы…….8
2-тарау. Су, оның гигиеналық және шаруашылықтық маңызы…..13
3-тарау. Адам денсаулығына судың химиялық әсері 20
4-тарау. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуі және суды ішуге жарамды ету үшін жүргізілетін үрдістер…….26
5-тарау. Нұра, Есіл, Тобыл су көздерінің қазіргі жай күйі……30
Қорытынды…….37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша мәліметтер
Қосымша А. 41
Қосымша В. 45

Аннотация

Мақсаты:  2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.

Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.

Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Қазақстан суларының қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Менің мақсатым Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу.

Гипотеза: Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу. Басқа да мәліметтерді жинақтай отырып, тереңірек зерттеу.

Зерттеудің кезеңдері:

І кезеңде Қазақстан су көздерінің қысқаша сипаттамасы қарастырылады.

ІІ кезеңде су, оның гигиеналық және халықшаруашылықтық маңызы және адам денсаулығына судың химиялық әсері қарастырылады.

ІІІ кезеңде адамдардың аурулары мен су сапасы өзгерістерінің арасындағы байланыс зерттеледі.

ІV кезеңде жүргізген зерттеулерге анализ жасалды.

      Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар:

  1. Ауыз сумен қамтамасыз етілетін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына қойылатын талаптар мен сапалық бақылаудың жүргізілуі;
  2. Экологиялық қатерлердің алдын-алу нәтижесінде 2000-2030 жылдарға болшақтың сценарийі құрылды;
  3. Су ресурстарының тозуының және ластануының алдын-алу мәселелері бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде, судағы ірі дисперсті заттарды реагенттік  өңдеумен қатар тұндыру мен сүзу арқылы судың сапасын жоарлатуға болатыны анықталды.

  Зерттеу әдістемесі:

    — Қазақстанның су қорларын анықтау және олардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы мәлңметтердң жинақтау;

— Солтүстік және Орталық Қазақстан суларының гигиеналық жай-күйі туралы мәліметтермен танысу;

— Судың химиялық құрамының адам ағзасына зиянды әрекеттері туралы мәлімет жинақтау;

— Судың сапасын анықтау және суды жарамды ету үшін жүргізілетін үрдістерді анықтау;

—  Болашақта жер үсті және жер асты суларының ластану дәрежесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің үрдістерін анықтау;

—  Су ресурстарының тозуының алдын-алу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

Күтілмек нәтиже:Болашақта осы мәселені қолға алып? Оны тереңірек қарастыру. Ауыз суының адам денсаулығына әсері мен судың ластануын алдын алу.

Зерттеудің нәтижесі судың қадірін біліп, оның қаншалықты лас күйінде зиян екенін білугемүмкіндік береді

                                                  Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.

Су – өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен  (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.

БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.

Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.

Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады.Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.

Жер ғаламшарындағы су қоры – 1, 400 000 кмз , бірақ оның көбі ащы.Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы судың  70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының  0,001 % ғана ішуге жарамды.

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.

Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері,әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы –  ауылшаруашылығы, екінші орында – өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында – қалалардың коммуналдық шаруашылығы.

Мақсаты:  2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.

Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.

Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Қазақстан суларының қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Менің мақсатым Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу.

     Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Қоршаған ортаның ластану дәрежесі туралы мәліметтерді жинақтау.
  2. Қоршаған ортаның сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
  3. Экологиялық талаптардың өзектілігін дәлелдеу.
  4. Зерттеу жобасының мақсатын анықтау, мәліметтерді құрастыру, зерттеу тәжірибелерінің элементтерін орындау.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

— Таным әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми ізденісті негіздеу жөніндегі теориялық көзқарастар.

Ғылыми деректердің немесе зерттеу нәтижелерінің дәлдігі:

  1. Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен Солтүстік және Орталық Қазақстан суларының гигиеналық жәй-күйі мен экологиялық мәселелерін зерттеу;
  2. Ластануының қауіптілік дәрежесіне назар аудару;
  3. Адамдардың аурулары мен су сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау;
  4. Сулардағы денсаулық үшін қауіпті факторларды анықтау және қауіптілік дәрежесін анықтау;

Жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден,бес тараудан,  пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 Курстық жұмыс / 50 бет
Тағы рефераттар