Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты ескери полигоны болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зьшыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған.
Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында — 18, ал атмосферада — 11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Олар баспасөз беттерінде ашық жарияланған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2,6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалды. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кетксн. С.Д. Лсфендияров атандағы Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары аранулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттсу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың құрамындағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций-90, цезий-137 анықтаған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытынды-ларына қарағанда, зерттеуге алынған объектілердің құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған.
Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізгенде, оларда радиоактивті калий-40, торий-232, радий-236 бар екені анықталған.
Жәнібек және Сайхин қалашықтары тұрғындарының тістерін жан-жақты зерттегендс, адамдардын тістерінде радиоактивті сәулеленудің 23-тен 38 Бэрге дейінгі (Бэр радиоактивті сәулеленудің көрсеткіші) көлемінде иондалған сәуле шығаратын заттар бар екені дәлелделінген. Халықаралық үлгі бойынша, егер 7 Бэр көлемінен астам иондалған сәуле шығаратын заттар анықталса, онда ол жерлерді радиациялық қауіпті аймақтар қатарына жатқызып, жергілікті тұрғындарға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктср беріледі. Сонымен бірге сол аймақтың халықтарының денсаулықтарын сауықтыру үшін мындаған-миллиондаған ақшадай, заттай, неше түрлі азық-түліктер беріліп отырады.
Медиктер мен биологтардың соңғы кездерде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мезгіл — мезгіл ресми баспа беттерінде халыққа жарияланып отырады. Әскери полигондарда неше түрлі сынақтар өткізген кездерде зымырандар апатқа ұшырап қалатын жағдайлары болады. Ондай кездерде олардың жанармайлары (отындары) топырақпен су көздеріне шашылады да, оларды улайды. Әсіресе нитрозодиметиламин және гептилмен (симетриялы емес радиоактивті диметилгидразин) зақымданатыны анықталды. Сонымен бірге мұнай (жанармай) құрамындағы қалдықтары – бензпирин жерді және суды улан-дыратыны анықталды. Бензпирин зымырандар жанармайларының құрамында көп болады. Ол концерогенді қосылыс. Адамдарға аса қауіпті дерт – рак ауруын тудырады.
Кейбір жағдайларда зымырандар кенеттен апатқа ұшырап жататыны жоғарыда айтылды мұның негізгі себебі техника ғой. Оның уздіксіз (апатсыз) жұмыс істеуіне ешкімде кепілділік бере алмайды. Апатқа ұшыраған зымырандардың бактарында қисапсыз көп жанармайлардың (отындардың) қоры болады. Олар зымы-рандар апатқа ұшыраған кезде түгелдей жанып болмағандары түгелдей жерге, ауаға, суға төгіледі.
Кейбір әскери мамандардың айтуына қарағанда зымыран отындары ауада түгелімен жанып кетеді де, жерге және онда тұратын халықтарға ешқандай зиян келтірмейді деп есептейді. Мұның бәрі бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Өйткені зымыран апатқа ұшыраған аймақтардағы гептильдің мөлшері 158 есе өсіп кеткеннін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындылары дәлелдеп отыр. Ал топырақты зақымдаған мұнай өнімдерінің қалдықтары 1,5-тен 32,6 есеге дейін безпириннін көлемі 1,2-ден 25,5 есеге дейін артып кеткенін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Зымырандардан қауіпті жанармайлармен жердің, судын ластануы Батыс Қазақстан облысының Орда қалашығы жерінде және Хаки-Сор атты көлде 22-ден 58 есеге дейін өскенін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары анықтап шықты.
Орда ауданының тұрғындарының арасында жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, халық санының өсуі жыл өткен сайын төмендеп келе жатқанын көрсетіп келеді. Адамның өмір сүру мерізімі тым қысқарып кеткенін байқауға болады. Егер Қазақстан Республикасы бойынша, адамдардың орташа тіршілік ету мерізімі ер адамдар үшін 64, ал әйелдер — 71 жас мөлшерінде болса, ал Орда ауданында тұратын адамдардың орташа өмір сүруі небәрі: ер адамдар үшін – 58, ал әйелдср – 61 жыл ғана өмір суретіні дәлелденіп отыр. Бұл ауданда балалардың, тууы 1987 жылы әрбір мын адамға шаққанда 33,4 болса, ал бұл көрсеткіш жыл сайын азайып, 1998 жылы 16,74 есеге дейін төмендеп, кейін 19,3 мөлшерге жеткен.
“Капустин Яр” және “Азғыр” әскери полигонындарында жаппай қырып-жоятын жаңа қару-жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеніз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Бұған не айтуға болады. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп қалаған. 1998 жылдындағы туған балалармсн 1975 жылы туған балалар бұған дәлел бола алады, яғни 1975 жылы балалар өте көп туғаны байқалады 1998 жылмен салыстырғанда. Сол аймақтардын адамдары туған жерлері болған соң қайда барсын, әйтеуір отыр ғой.
Айта кететін тағы бір жәйт, бұл өлкедс адамдар арасында өлім-жітім өте көп кездеседі. Сонымен бірге неше түрлі аурулар, кемтар туған сәбилер, қол-аяғы жоқ кемталар балалар қисапсыз көп кездеседі. Оларды көргенде зәреңіз ұшады.
Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса олардың 40-ы кемтар болып туатынын медиктер айтып жүр. Орда ауданында халық басқа жерлермен салыстырғанда көп ауратыны байқалып отыр.
1999 жыл әскерге шақырылған жас өспірімдердің 40,7 пайызы әскери қызметке жарамсыз деп табылған. Балалардың бойы өспей қалған. Ондай балалардың саны 42,2-64,3 % мөлшеріндей. Кейбір балалардың ақыл-ойы қалыптағыдай больш жетілмеген. Олардың мөлшері 7,2 % құрайды.
Осы келтірілген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы тұрғындарының арасынан байқалған. Онда мүгедектер саны басқа жерлерге қарағанда өте көп. Әсіресе I және II топтағы мүгедектер саны айтарлықтай. Олардың мөлшері 72,8%. Мүгедектердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда ауданының тұрғындарының арасынан бүйрек аурулары бар адамдар саны 60,6 % құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен. Неше түрлі қояншық аурулары жеткілікті. Мұның бәрін жіпке тізгендей етіп айта берсе адамның көңіл күйі тым төмендеп кететіні белгілі. Сондықтанда осы айтылғандармен сөзімізді тоқтаталық. Осының бәрі зымырандардың гептилінен екенін әрқашанда есте ұстаған жөн. “Ескіні көксеген өспейді” дейді қазақ біз ескі уақытты көксеп отырған жоқбыз. Келешекті ойлап отырмыз, келешскте не боламыз, ақыр заман бола кетпейме екен (апакалипсис) деген ойдамыз, Иә, өткен замандарда адамзат болған деседі ғалымдар. Оларда осындай істермен шұғылданамыз деп жер бетінен мүлдем жойылып кеткен. Сол сияқты МАРС планетасында да тіршілік иелері болған деген жорамал бар. Оларда атом қаруын пайдаланып бірін-бірі МАРСтан жойып жіберген. Басқа планеталардағы жағдайды біз білмейміз. Бірақ тіршілік иелерінің бар екенін биология ғылым дәлелдейді.
Биылғы жылы (2001 жыл) адамзат баласына ең ауыр жыл болып тұр ғой. Неге десеніз, елім-жітім өте көп. Анау өліп қалыпты, мынау өліп қалыпты деген шындық қазіргі кезде кеп айтыльш жүр. Осының бәрі биосфераның адам айтқысыз болып ластануынан дегем қорытынды жасауға болады. Адамзат баласының барлық тіршілігі биосфера компоненттерімен тікелей байланысты. Сондықтан жер жүзінің халықтары биосферанын тазалығына айрықша көңіл бөліп отыр ғой. Өйткені кейінгі уақытта адамдардың тіршілік етуі мүмкін болмай келеді. “Выживание человечества становится невозможным”, “За выживание человечества” деген девиз бар ғой. Тегінен-тегін айтылмаған сияқты.
Тағы рефераттар
- Қатты әсер ететін уландыргыш заттар және олардың сипаттамасы
- Банктің қызмет бағыттары
- Сапа көрсеткіштері
- Қасқасу шатқалы флорасының биологиялық көп түрлілігі
- CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері