Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; АӘЖ мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі болып табылады.
Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және олардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;
3) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда: Ауғанстандағы немесе өзге де мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысу кезінде алынған жарақат, контузия, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт кезеңде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшілердің отбасы, балалары, қайтыс болғандардың (қаза тапқанның, хабарсыз кеткеннің) асырауында болған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері); Чернобыль АЭС-індегі апаттың және өзге де радиациялық апаттардың немесе азаматтық не әскери нысан апаттарының салдарларын жою кезінде қаза болғандардың отбасылары; сәулелену салдарынан қаза болғандардың немесе қаза болған мүгедектердің, сонымен қатар өлімі Чернобыль АЭС-імен немесе өзге азаматтық не әскери нысандағы радиациялық апаттармен байланысты азаматтардың отбасылары;
4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ соғысқа қатысып қайтыс болған әскер, партизан, жасырын әскер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты және өзге де себептермен мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері);
5) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды оқшаулау және қоныс аудару аймағынан өз бетімен кеткен Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар;
8) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
9) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
11) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
12) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
13) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.
Мемлекеттік жәрдемақы түрлері:
ü арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
ü мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
ü асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
ü жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
ü мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№ 1 және № 2 Тізім);
ü бала тууында және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;
ü 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
ü жерлеуге берілетін жәрдемақы.
АӘЖ рәсімдеу үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барады.
Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
Ескерту! 2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 512 теңге.
Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):
1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы;
2) «Қазақстан Республикасында Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақылары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;
3) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде № 414-I Заңы;
4) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңы;
5) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы;
6) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
8) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.
9) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.e.gov.kz/ — «электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);
2) www.pavlodar.com/zakon/ — заңнама базасы бар интернет-ресурс.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жәрдемақы түрлері», «жәрдемақы алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз — әңгімелер Қорқыт “Башпай”
- Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау
- «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы
- Есімдікердің синтаксистік қызметі
- Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі