ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ туралы қазақша реферат

Жергілікті (муниципалды) өзін-өзі басқару — мемлекет пен қоғамды басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің бірі мен әлем елдерінің көпшілігінің билік құрылысының маңызды элементі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өмір сүруі, оның эволюциясы мелекеттік билік ретінде таптық қоғамдағы бұқаралық билік мәселелерімен байланысты. Оны жүзеге асыру билікті бөлу принципіне сай жалпыұлттық мемлекеттік органдарға атқарылған. Дегенмен, жергілікті деңгейде бұқаралық билік мемлекеттік органдармен атқарылмай, жергілікті халықпен және олармен құ-рылатын органдармен жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі басқару» термині Англияда 17 ғасырдың аяғында Англиялық революциясынан кейін пайда болды. Басында бүл термин парламент пен жергілікті өкілетті органдардың көмегімен өзін-өзі басқарған, үкіметтік аппарат пен оның чиновниктері жағынан қолдау көрмеген ағылшын халығының күйін білдірді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың тікелей немесе олармен құрылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы реттеу, басқару мен осы аумақтағы халықтың мүддесінде көптеген мәселелерді шешу қызметінің дербестігі ұғынылады.

Жергілікті территориялдық өзін-өзі басқару мемлекетте халық билігін ұйымдастыру мәселесіне тікелей қатынасы бар. Халықтың жалпы мүддесін көрсететін мемлекет оның жүзеге асырылуын ең алдымен заң нысанында қамтамасыз етеді. Осыған орай заң бағытталған субъектілердің бәріне міндетті. Заңдардың атқарылуы сәйкес органдармен, соның ішінде аудандардың, қалалардың халық органдарымен қамтамасыз етіледі. Соңғылары бұл қызметті жергілікті халық мүдделерімен байланыстырады жэне халық бүл мемлекеттік қызметтің негізгі субъектісі ретінде болуы мүмкін. Демек, жергілікті халық басқарушылық, әкімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде бола алады және бұл жергілікті өзін-өзі басқаруға тән сипаттардың бірі болып табылады.

Қазіргі кезде барлық дамыған елдердің муниципалдық жүйелері ұлттық мемлекеттендірілудің негізі мен мемлекеттің конституциялық механизмінің бөлігі болып табылады. Мысалы, ФРГ Негізгі Заңының 28 бабы «жерлерде, уездерде мен облыстарда халықтың өкілдіктері болуы керек» деген норма бекітілген.

Жергілікті мемлекеттік басқару — заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет;

Жергілікті атқарушы орган (әкімият) — облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

Жергілікті өкілді орган (маслихат) — облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган [25].

Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.

Мәслихаттар мен әкімияттар өз қызметінде:

1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерін сақтауға;

3) қызметтің  қоғамдық маңызы  бар  салаларында  белгіленген  жалпы
мемлекеттік стандарттарды ұстануға;

4)       азаматтардың    құқықтары    мен    заңды    мүдделерінің    сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тағы рефераттар