МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Мүлікке салынатын салықтың теориялық аспектілері
1.1 Мүлік салығының пайда болу алғышарттары
1.2 Мүлік салығының экономикалық мәні
1.3 Мүлік салығын шетел тәжірибесінде қолдану ерекшеліктері
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мүлік салығының түсуіне экономикалық талдау
2.1 Мүлік салығын есептеу механизмі және төлеу тәртібі
2.2 Бюджет кірістерін қалыптастырудағы мүлік салығының орны
2.3 Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша мүлік салығының түсуіне талдау
3 Қазақстан Республикасында мүлік салығының есептелу проблемалары мен оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында мүлік салығын есептеудегі негізгі проблемалар
3.2 Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы мүлік салығын жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі болып келеді. Мүлік салғы жергілікті бюджетке түсетін, меншікке салынатын салықтың бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл салықтың жергілікті бюджет кірістерін қалыптастырып, аймақтарды дамытуда маңызы зор.
Еліміздің егемендік алуымен бірге туындаған қоғамдық қатынастар жүйесінің өзгеруі, азаматтық құқықтық ортаның өзгеруі ел экономикасына өз салқынын тигізбей кеткен жоқ. Бұл жағдай ел экономикасы негіздерінің бірі болып табылатын салық жүйесінің дамуына да өз әсерін тигізді.
Алайда, ұлттық экономиканың өркендеуімен бірге, бүгінде жылжымайтын мүлік нарығының жедел қарқынмен дамуы салық жүйесінде мүлікке салық салу жүйесін қайта қарап, оны жетілдіруді талап етеді.
Соңғы уақытта елімізде құрылыстың қарқынды дамуы, жылжымайтын мүлікке, оның ішінде жерге деген сұраныстың өсуі, оның нарықтық құнын шарықтауға жеткізді, әйтсе де салық жүйесінде олардан түсетін түсімдердің өзгеріссіз қалуы бұл салықтарды жетілдірудің қажеттігін білдіреді. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тажірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.
Қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр.
Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн.
Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге мүлікке салық салу осы мүлікті барынша тиімді пайдалануға ынталандырады әрі мүлікті салық салудан жасыру тіптен мүмкін емес.
Сондай-ақ мүліктік салықтарды жергілікті деңгейде қолдану салықтың негізгі функциялары – фискалдық, реттеушілік және бақылау қызметтерін айтарлықтай дәрежеде көтеруге мүмкіндік береді. Мүлікке салық салу өткен кезеңдерде жасалған капитализацияланған табысқа салық салу объектілерін қоса, табысқа салық салуға толықтауыш қызметін атқарады.
Жұмыс өзектілігі Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа итеграциялануымен байланысты біздің елде мүлікке салық салуды өзгерту мен жетілдіру қажеттілігі мен салық жүйесін халықаралық нормаларға сәйкес келтіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс мақсаты – мүлік салығын зерттеу негізінде Қазақстандағы мүлікке салық салу бойынша ұсыныстар жасау мен салық салудың даму перспективаларын анықтау.
Мақсатты жүзеге асыру мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
— Мүлік салығының пайда болу алғышарттарын қарастыру;
— Мүлік салығының экономикалық мәнін анықтау;
— Мүлік салығын шетел тәжірибесінде қолану ерешеліктерін қарау;
— Мүлік салығын есептеу механизмі және төлеу тәртібімен танысу;
— Бюджет кірістерін қалыптастырудағы мүлік салығының орнын анықтау;
— Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша мүлік салығының түсуіне талдау;
— Қазақстан Республикасында мүлік салығын есептеудегі негізгі проблемаларды анықтау;
— Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы мүлік салығын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеу мүлік салығы тұрғысындағы салық заңдылығын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды шетелдік тәжірибемен байланыстыра отырып өңдеуге мүмкіндік береді,
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі Қазақстан Респуликасы Салық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, ресей және қазақстандық ғалым-экономистер мен мамандар еңбектері қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Дипломдық жұмыстың объектісі ҚР-ның салық жүйесіндегі мүлік салығы, оның ішінде Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша салық комитетінің мүлік салығы түсімі. Алға қойылған мақсаттарға жету барысында ҚР мемлекеттік бюджетінің, сондай-ақ Шымкент қаласы Абай ауданының салық комитеті бойынша салықтық түсімдердің жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Дипломдық жұмыс / 75 бет
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
- Кейінгі кез айтыстарындағы юмор мен сатира
- Солтүстік Америкаға жалпы шолу курстық жұмыс
- Тіршілік өмірінің қауіпсіздігі негіздері
- СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ