Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі туралы қазақша реферат
Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады.
Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың лауазымды тұлға немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, т.б.) соттар құрылуы мүмкін.
ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі.
— сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру;
— сот жүйесінің Конституциямен және Конституциялық заңдармен белгіленуі;
— соттарды құру тәртібімен;
— сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру;
— соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;
— заңды күшіне енген сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында орындалу жүйесі;
— барлық соттардың ркспубликалық бюджет есебінен қаржыландыру.
ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.
Тағы рефераттар
- Құқық нормалары және олардың жіктелуі
- Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығының ерекшеліктері
- Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары
- Логикалық программалау курстық жұмыс
- Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау