МАЗМҰНЫ
Кіріспе………3-4
Ι бөлім. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері жүргізетін валюталық операцияларды реттеу,қызметін анықтау және жіктеу
1.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың маңызы мен валюталық реттеу қызметі…..6-7
1.2 Қазақстан Республикасының валюталық нарығы мен саясаты…..8-13
1.3 Валюталық операциялардың өзіндік белгілері бойынша жіктелуі….14-16
ΙΙ бөлім. Екінші деңгейлі банктердегі валюталық операциялардың түрлері мен олардың есебі
2.1 Валюталық операциялардың түрлері……..16-20
2.2 Валюталық шотты ашу және жүргізу тәртібі……21-22
2.3 Банктің валютаны айырбастау операциялары мен оның есебі….23-29
III бөлім. Қазіргі таңдағы валюталық операциялардың қолданылуы және болашақта даму тенденциялары……35
ҚОРЫТЫНДЫ………41-42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….50
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде резидент еместердіңшаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасындағы банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады.
Кез – келген мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжірибеде көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экономикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, Валюталық несиені алу, Валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, Валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.
Сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланысады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.
Тақырыптың өзектілігі – шетел валютасымен оперциялар жүргізу арқылы басқа мемлекеттердің Орталық банктерімен тәжірибе алмаса отырып, экспорттық және ипорттық операцияларының жүзеге асырылуы. Яғни, өзіміздің отандық өнімдерімізді шетелдік нарыққа шығару.
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым – шетел валютасымен ұлттық валютаның қатынасы арқылы ұлттық валютаның бағамын анықтау, шетел валютасында жүргізілетін банктік операцияларды қарастыру.
Курстық жұмысты жазудағы міндетім – мемлекетте болып жатқан валюталық операциялардың жүргізу тәртіптерін бақылау және реттеу.
Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;
Валюталық операциялар мен капитал жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 77 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 41 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992 жылы Қазақстан өзінің жеке шетел ел валюта акционын ашты. Ол 1996 жылы AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауар және қызметтердің экспорт \ импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде валюталық операцияларға жалпы анықтама, оларды жүргізудің заңға сәйкес реттелуі, лицензиялануы қарастырылады. Валюталық нарықтағы саясаттың түрлері, валюталық бағамның қажеттігі мен жіктелуі жазылған.
Екінші бөлімінде валюталық операциялардың түрлері, оларға шот ашу мен есебін жүргізуі көрсетілген. Соның ішінде халықаралық есеп айырысулар мен айырбас бөлімдерінің есебі сипатталады.
Үшінші бөлімінде қазіргі валюталық нарықтағы жағдай мен валюталық бағамның өзгеруі қарастырылады. Одан басқа Ұлттық банктің 2005 жылы берген қаржылық қорытынды мәліметтеріне сүйене отырып, отандық екінші деңгейлі банктердің жүргізетін негізгі валюталық операциялары сипатталады.
Курстық жұмыс / 56 бет
Тағы рефераттар
- Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы зымыран ұстанымы
- Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар
- Қыстап қалатын құстар (балабақшадағы ойын)
- Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері