Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс  iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен  сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.

Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi  мен шығыстарын  баланстайды, теңдестiредi.  Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде  дерлiк  мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына  қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең  бастылары өмiрдiң сан түрлi  салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк  қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен  сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы  үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде  абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы  ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.

Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда  көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы  және осы мақсатқа  шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң  кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке  түсетiн  салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең  сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша  айналысының  айтарлықтай  берекесiздiгiмен  де байланысты. Бюджеттiк  тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы  ең күрделi проблемасына айналды[24].

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:

1) сәйкестiктi бақылау – бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

1)                    тиiмдiлiктi бақылау – бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.

Мемлекеттiк бюджеттiң   2008 жылмен 2009 жылдың көрсеткiштерiн  салыстыру арқылы мемлекеттiк бюджетке  түскен түсiмiнiң  13,1 пайызға артқанын көруiмiзге болады. Оның iшiнде бюджеттiң табыс бөлiгiне келетiн болсақ, салықтық түсiмдер 96611 млн теңгеге, яғни 13,2 пайызға, оның iшiнде: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы- 43390 млн. тенгеге, яғни 25,6 пайызға; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-38440 млн. тенгеге, яғни 56,0 пайызға; әлеуметтiк салық-28486мн. тенгеге, яғни 22,9 пайызға; қосылған құн салығы-40451 млн. тенгеге, яғни 25,4 пайызға; акциздер-8532 млн. тенгеге, яғни 39,0 пайызға; мүлiк салығы-6284 млн. тенгеге, яғни 30,0 пайызға артқан; ал жер салығы-3578 млн. тенгеге, яғни 65,8 пайызға кемiген.

Мемлекеттiк бюджеттiң 2008жылы 2007жылға қараған кем орындалуының бiрден бiр себебi әлеуметтiк салықтың ставкасының төмендеуiнен, яғни 26 пайыздан 21 пайызға төмендеп, бюджеттiк түсiмдегi салық көлемi бiршама төмендедi.

Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы,яғни 2009 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде  мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу  үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық  заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта  тұруы тиiс.

Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге  түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын  күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi.  Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi  жинақталып келiп, салық заңдарының  көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған  ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ [27].

Қазiргi  кезде экономика тұрақтады.  Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады.  Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де  мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде  iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп  ұлғайып келедi.  Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы  оң нышанды  қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.

Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26 пайыздан -21 пайызға, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20 пайыздан 16 пайызға төмендетiлдi. Салықтық  жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi  тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек.Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi  бұл кәсiпкерлiктi дамыту  үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды.Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы  ықпал жасайды.

Салық кодексi  кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк  үлес қосатын болды. Бүрын салықтан  жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40 пайызына жуығы өткен кезеңде  көлеңкелi экономикаға  жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды  айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр  өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң  кодтары  көзделген  және салық төлеушiлер  кәсiпорын қызметiнiң  үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады.

Мысалға, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай  да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi  электрондық өңдеу мен талдау  үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң  нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi,айналым көлемiне қосымша  құнға  салық  үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды.

Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi  тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн  немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы  саласы  үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне  жатқызылады және  экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды  электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi.  Яғни жүйе былайша  көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге  қатысты  оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше  жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты  қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал  жүргiзуiне итермелейдi.

Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай байыпты  түрде өзгертуге тиiс  және салық есептiлiгiнiң электрондық талдауы фискалдық саясатты  жүргiзуге байыпты түрде әсер ете алады. Ол уақыттың қысқа аралығында сол немесе өзге салық көрсеткiшiнiң кәсiпорындардың экономикалық жағдайына және бюджетпен өзара есеп айырысуларына әсер етуiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Жаңа жүйенi енгiзуге орай келешекте мемлекеттiк бюджетке түсiмдер көбеюге тиiс және нәтижесi ретiнде – барлық салық  төлеушiлер  үшiн салық жүктемесi одан әрi азайтылмақ. Салық кодексi шеңберiнде енгiзiлетiн тағы бiр жаңалық шот фактуралар тiзiмi болып табылады[28].

Таяудағы уақытта заң жүзiнде тiзiм нысаны енгiзiлмек. Іазiр бұл құжат  Қазақстан Республикасы әдiлет министiрлiгiнде құқықтық сараптама мен тiркеуден өтуде. Ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн салық органдары шот—фактуралар тiзiмдерiнiң есебiн  жүргiзетiн болады. Бұл жүйе қосылған  құн салығына  қатысты әкiмшiлiк   жүргiзудi жақсартпақ. Тiзiмде әрбiр шот—фактурада тiркелген мынадай деректер көрсетiледi: төлеушiнiң атауы, СТТН, тауар түрi, өткiзу көлемi, қосымша  құнға  салық және басқалары. Осынау тiзiмдердiң бәрi қағазбен, сондай-ақ электрондық түрiнде қабылданатын болады. Осыдан кейiн барлық тiзiмдер арнайы машинаға салынады және компьютерлiк өңдеу көмегi мен әр түрлi  айқындамалар бойынша  жанаспаушылық анықталмақ.

Мысалы, сатушы өткiзген өнiмдерi көлемiнiң сатып алушы алған осы өнiмдер көлемiмен  сәйкес  келмеуi, шот—фактуралары  әдейi терiс есептеу есебiнен дебет сальдосын асырып жiберу, қосымша  құнға  салық бойынша төлемдердiң мерзiмiн  ұзарту амалы –мiне, осындай айлакерлiктер көп ұзамай ашылатын болады.   Шот—фактуралар тiзiiмдерiнiң  есебiн алу жүйесi, сөйтiп, қосымша  құн  салығын бақылауды жақсартады және экспортаушыларға  қосымша құн салығының орнын толтырылуын бақылауды жеңiлдетедi.                              

Сонымен қатар, әр түрлi төлем көздерiнен  келетiiн азаматтардың кiрiстерiн есепке алудың  электрондық жүйесi және бұл кiiрiстерге салық салудың тәртiбi. СТТН-i бар жеке адамдар туралы мәлiметтер есепке алу жүйесiнде тiркелетiн болады және салық кодексiне сәйкес жеке адамның алған кiрiстерi мен төлем көзiнен төлеген салықтары туралы барлық деректер электрондық  түрде салық органдарына берiлмек. Есепке алудың осынау жүйесi жеке табыс салығына, сондай-ақ әлеуметтiк салыққа бақылау жасаудан басқа зейнетақы  аударымдарына да бақылауды  жолға қоюға  мүмкiндiк бередi,   өйткенi қазiргi   кезде  зейнетақы  жарналарын  уақтылы және дұрыс есептеуге сыйатын күрделi проблемалар  түр, болашақта  салық әкiмшiлiгiiн   жүргiзу саласында келешекте  енгiзу жоспарланып отыр және  басқа да жаңа енгiзiлiмдер  болады[29].

Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштi ынталандырушы құралы болып келедi.Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер  үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы  жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi [30].

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет ол  тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей,  керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

Салық төлеушi және жинаушы  салық төлеу процесiнде  белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi  және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.

Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр-түрлi болып келедi.

Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр  жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк  жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару  үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының  ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн 85-90 пайызын салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды.

Бюджет жүйесін жетілдіру.

Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

2009 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды. /15/

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2002-2008 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.

2009 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады. /15/

Фискалды саясатта орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігі мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік салалық бағдарламалар мен басқа стратегиялық  және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленген. /15/

Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру —  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа  Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2008 және 2009 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.  /16/

Қазақстан 2008 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси  жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.

Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2002 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға  және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есе артық.

Жолдауда зейнеткерлерді қолдау көлемін ұдайы арттырып келе  жатқандығы айтылады. Халықтың зейнетақылық жинақтары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Әлеуметтік құрылым нығайып отыр. 2008 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау орны салынды. Жалпы айтқанда қоғамдық өмірдің барлық салаларында ілгерлеу серпіні болып жатыр. Бұл біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыз бен дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік бюджеттің негізінде іске асып отыр.

Жолдауда келесі атқарылуға тиісті шаралар қарастырылған:

  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2008 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;
  • сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2008 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;
  • бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы — 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға  арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.  /16/

Аталған Жолдау барысында бюджетті жоспарлаудың үшжылдық жоспары көрсетілген. Жаңа үшжылдық бюджет:

  • тұтас алғанда 2008 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшері 2012 жылға қарай 2,5 есе өсуі;
  • мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең бойынша өсіріп отыру;
  • жаңа Салық Кодексі негізінде салықтық түсімдерді қадағалауды жетілдіру;
  • мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік арналымын кеңейту және осының негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Сонымен қатар Жолдауда нақты көрсетілгендей бюджеттің нәтижелігін арттыру қарастырылды. Оның негізі тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту керек. Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде  жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі дейгейде де дамыту керек. Яғни, тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет — араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Қорыта келгенде, бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл шаралар тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін болады.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруды және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынана асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық жұмыстарды атқаруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға жұмсалатын шығындарда күннен-күнге өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» — деді.

Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Сонымен, экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет біздің елімізге қажетті және маңызды. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар — халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Мемлекеттік бюджеттің негізінде жүргізілетін шаралар арқылы дағдарыстық жағдайда одан шығуға байланысты қызметтер, қолдау мен ынталандыру саясаттары жүргізіледі. Осындай дағдарыстық кезеңдегі негізгі бюджеттік қолдау шараларын ескере отырып,  келесідей ұсыныстарды топтастыруға болады:

  • Экономиканы реттеудің, ынталандырудың бірден-бір көзі салық болғандықтан, ал салық мемлекеттік бюджеттің кірісінің негізгі көзі ретінде экономиканы бюджеттік-салықтық реттеу саясаты, яғни  ынталандырушы және тежеуші бюджеттік-салық саясаттары жүзеге асырып отыру;
  • Әлеуметтік саланы қолдау,  елдің білім беру, денсаулық сақтау мен қарулы күштерін қызметін үздіксіз жүргізуге, ұстап тұруға байланысты оларды қаржыландыруда ең тиімді бюджеттік шараларды іске асыру, әлеуметтік саланың әлсіз жақтарына нақты көмек көрсетіп отыру;
  • Экономиканың өндіріс секторларын, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, технологияны және шағын бизнесті дамыту мен қолдауға байланысты оларға бюджет тарапынан жеңілдікті несиелер беру, субсидиялар тағайындау, жеңілдікті салық режимдерін пайдалану болып табылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. 1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2006 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
  2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2004ж.
  3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 448 бет.
  4. Мельников В.Д. Ли В.Д.  Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2003. – 285с.
  5. Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. —  Макроэкономика:  Оқулық. – Алматы: Экономика. — 2005. – 432 бет.
  6. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
  7. Ивашковский С.Н. —  Макроэкономика:  Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело.  2004. – 472 с.
  8. Мельников В.Д. Ильясов К.К.  Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2003. – 252 с.
  9. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2003. – 784 с.
  10. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж.  Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
  11. Ермекбаева Б.Ж.  Салықтар және салық салу:  Оқу құралы – Алматы:  — 2005. – 131 бет.
  12. З.С. Мұхамбетова  «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2009г.
  13. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат,  №6, 2009г. 12-17стр.
  14. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008-2009 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
  15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» — Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2009 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.
  16. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
  17. Қазақстан Республикасының Заңы «2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы».
  18. Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.

19. Қ.Р. статистика агенттігі «Республика Казахстан», Алматы 2009
Тағы рефераттар