Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы туралы қазақша реферат

         Негізінен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен болашағымен тығыз  байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  аймақтық және глобалдық  сауда экономикалық саясатты қолдайтынын айқындатып отыр. Сол сияқты 2004 жылы  сәуір айында өткен Шанхай қаласындағы Азия мен Тынық мұхит (Эскато) елдері үшін БҰҰ-ның жасаған экономикалық және әлеуметтік 60-шы сессиясында еліміздің Сыртқы істер  министрі Тоқаев осы ұстанымды қолдайтынымызды айтып кеткен. Қазақстан ТМД мүшесі, ЕвразЭС мүшесі және басқа экономикалық құрылымдардың мүшесі болып табылады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы еліміздің экономистері мен биліктегі адамдар арасында пікір-талстар туындауда. Бірінші жақтың пайымдауынша ДСҰ Қазақстан үшін «Алтын кілт» болып табылады, ал екінші бір бөлігі оның оң жақтарынан гөрі теріс жақтарының басымдылығы туралы айтса, үшінші бір бөлігі ДСҰ-ға кіруге асықпауды талап етіп жатыр.

Қазақстан Республикасының индустриясы мен сауданың  бұрынғы министрі А. Джаксыбековтың айтуынша, Қазақстан ДСҰ-ға кіруі тиіс және ол ешқандай кері әсерлерді байқамайды. ДСҰ-ға мүшелік еліміздің мүмкіншілігін арттырады – экономикалық және саудалық. Сонымен қатар оның айтуынша еліміздің шикізат, металл және энергоресурстарды экспорттаушылар әлемдік нарықта қиыншылықтарға тап болады, бірақ ДСҰ-ның принциптері мен бағалары бойынша жұмыс істейді. Осы мысал Қазақстанның белгілі бір жағдайда ДСҰ-ның шеңберінде жұмыс істейтінін көрсетіп отыр – деді ол. Соған байланысты сұрақ туындауда: егер біз ДСҰ-ның шарттары бойынша жұмыс істеп, әлемдік нарықта мұнай, газ, көмір, металл, цинк, алюминий, бидай және басқа да шикізат ресурстарын тиімді түрде ұсынып отырсақ, біз неліктен ДСҰ-ға кіруге асығып, өз нарығымызды кешендік өндірушілерге ашып, импорттық салықтарды алып тастап, өз отандық өндірушілерді қорғаудан бас тартуымыз керек? Бұл жағдайда отандық өндірушілерді халықаралық бәсекелестікке төтеп беруге дайын деп айту қиын. Айта кететін болсақ, 90-шы жылдардың басында ішкі нарықты толтыру мақсатында, көптеген импорттық тауарларға квоталар мен лицензиялар алынып тасталды, соның нәтижесінде елімізге төмен бағалы сапалы тауарлар ағыла бастады, сәйкесінше ол сапалы тауар өндіретін отандық өндірушілеріміздің халықаралық бәсеке мен демпинг қысымына шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатуына себеп болды және де елде жұмыссыздық орнады. [6]

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздер процесінде еліміздің ұлттық бәсекелестік артықшылықты және шикізаттық емес экспортты дамытуды пайдалануымыз қажет.

Уругвайлық келісімнен кейін әлемдік сауданың өсу көлемі жылына 755 млрд. долларға өседі деп болжамдалды, табыстың өсуі 1994-2004 жылдары 235 млрдтан 305 млрд. долларға дейін өсті. ДСҰ-дың мамандары осы санның  2005 жылы 510 млрд жететінін айтты, ал жалпы табыстың өсетіндігін 5 трлнға дейін жететінін пайымдады.

Түпкілікті сараптама негізінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі барысында табыстар тең жағдайда бөлінбейді және өкінішке орай, біз үшін тиімсіз, өйткені табыстың басым бөлігі капитал, тауарлар мен қызметтер және технологияларды экспорттайтын елдер еншісіне бөлінеді. Соған байланысты табыстың басым бөлігі «экономикалық үш бұрыш» арасында бөлінеді: оған АҚШ, Еуропалық Одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері кіреді. Сауда операциялар нәтижесінің жыл сайынғы 755 млрд доллардың 185-195 млрд доллары (70-72 млрд Жапония үлесіне) Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің еншісіне түседі. Соның нәтижесінде қосымша экспорт келесі түрде болады: Еуропалық одақ 26 % , АҚШ-21%, Азиялық дамыған елдер – 24% (Жапония – 9%). Табыстардың бөлінуі тек тарифтерді төмендеткенде деп есептеген жағдайдың өзінде Еуропалық Одақ ұтыста болады- 55 %, АҚШ 20-22% , Жапония 13-15% . Ал қалған елдер, соның ішінде Қазақстан қалдықтар мен шығындарды бөліседі. Сондықтан Қзақстанның ДСҰ-ға кіргенде қалдықтар мен шығындарды бөлісетін мемлекеттер қатарында болмауы керек. [7]

Біздің  министріміздің ойынша «ДСҰ-ға кіру – ол өнеркәсіпті көтеру және басқа да нарықтарға жол ашу». Егер әлемдік тарихқа көз жүгіртетін болсақ дамыған елдер ДСҰ-ға кіруден бұрын экономикасын аяғына нық тұрғызғанын және бірінші жағдайда өңдейтін және машина құрылыс саласын дамытқанын, халықаралық сапа мен стандарттарға сай болғанын, тек содан кейін ғана ГАТТ немесе ДСҰ-ға мүше болғанын көреміз. Ал біздің экономикамыз болса енді ғана аяғына тұрып келе жатыр, соған байланысты экономикаға жаңа кәсіпорындарды (металл өңдеу, мата, тігін, аяқ киім және тамақ өнеркәсібінде) құруға, өндірісті, яғни құрылыс материалдар өндірісін, бірінші түрде қажет тауарлар өндірісін және тамақ өндірісін іске қосып, тұрақтандыру қажет. Еуропалық елдер мен Жапония, Корея, Малайзия елдерінің тәжірибесіне жүгінсек міндетті түрде өңдеу мен машина құрылысы саласын дамыту керек. Өйткені барлық импорттық салықтарды алып тастау ДСҰ шарттары, сондықтан біз капиталистік елдер үшін мәңгі шикізат көзі болып қалуымыз мүмкін. ДСҰ құрамына мүше болған елдердің тарихына жүгінсек (Латвия, Қырғызстан,  Литва , Эстония, Монғолия, Грузия, Молдова)  ДСҰ-ға барлық жақтан кіруге  асықпау екендігін көруге болады. Сонымен қатар айта кететін маңызды жай ДСҰ-мен жүргізетін келіссөздерде отандық өндірушілердің жағдайын, олардың қызығушылықтарын жоғары қою қажет соның ішінде «Тенгиз Шеврон» (АҚШ), «Филипп Моррис» (АҚШ), «Иснат – Казмет» (Индия), «Казалюминий», «Казфосфат», «КАЗ Сабтол» (Израиль), «Казцинк», «Казахмыс» (Корея),  «Лукойл».

 

Келіссөздер жүргізу процесінде ДСҰ-ға кіруге нақты уақыттарды белгілеу қажет емес. Өйткені өнеркәсібі дамыған Қытай мүше болуға 15 жыл дайындық жүргізді, ал машина құрылысы саласы мен электронды өнеркәсәбі дамыған Израиль келіссөздерді 18 жыл өткізіп, өзінің өңдеу саласына деген үлкен жеңілдіктерге ие болды. ДСҰ-ға кірудегі үлкен жауапкершілікті АҚШ-тың үлесінен көреміз. Вашингтонда өз уақытында 48 сала мен ұлттық экономиканың 8 секторы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде 48-ден 35 сала үшін ДСҰ-ға кіру тиімді болып, ал қалған 13 сала үшін тиімсіз болды.Сол сияқты басқа дамыған елдер өнеркәсіп кәсіпорындары халықаралық бәсекеге төтеп бере алатын жағдайға жеткенде ғана ДСҰ-ға кіре бастады.

Қазақстанға келетін болсақ, біз келіссөздерді  барлық оң, сол жақтарын толық зерттеместен бастап кеттік. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі оған отандық тауарларға деген шетел нарықтарының ашылуымен сипатталады.Бірақ осы берілген преференцияларды өнеркәсіптік, тұтынушылық тауарларсыз. Батысқа арналған технологияларсыз жүзеге асыру мүмкін емес.Ал біздің мұнайды, бидайды, минералды шикізаттарды Батыс елдері ДСҰ-ға кірмей-ақ алып жатыр.

Әйгілі орыс экономисі Абель Аганбегян өзінің 4-халықаралық «Бизнес және білім: даму векторы» конференциясында мәлімдеме жасады. Оның айтуынша:  «Нашар дамыған мемлекеттерге (соның ішінде  Қазақстан) тек шикізат, мұнай, газ экспортымен айналысатын елдерге ДСҰ-ға кіру тиімсіз, өйткені ДСҰ тек дайын өнім, жоғары технологиялар, интеллектуалды тауар экспорттайтын елдерге ғана қажет бола алады». Сол сияқты Алматы әкімшілігінің шағын бизнес Департаментінің басшысының айтуынша: «Егер біз қазір ДСҰ-ға мүше болатын болсақ, отандық өндірушілердің 70-80 % өз жұмыстарын тоқтатады. Ал ТМД елдерінің ДСҰ-ға кірген бөлігі қалай кедей болса, солай қалып отыр». [8]

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің алдында принципиалды қиыншылықтар болып отыр.  Аймақтық бірлестіктердің ең мықтылары (Еуроодақ, АҚШ, Азия елдері) ДСҰ-да тек өз пайдасын көздейді. Оған дәлел ретінде саудалық келіспеушілікті  қарастыратын бас мекеме Аппеляциялық органның мүшелігіне деген сайлаудың ұзақ созылуы. Осы органның шешімі ең соңғы болып табылады және өзгермейді.Сондықтан Еуроодақ пен АҚШ Аппеляциялық органда 2 орыннан алуға үміттенген, бірақ азиялық блоктың қысымымен бір ғана орындармен шектелуге мәжбүр болды.Соның нәтижесінде Аппеляциялық органда АҚШ, Германия, Жапония, Мысыр, Филиппин, Жаңа Зеландия және Уругвай елдерінің өкілдері бар. Аппеляциялық органға кез келген Коммерциялық келіспеушілікті қарастыратын Арбитраждық комиссияның шешімімен келіспеген ДСҰ-ның мүшесі болатын ел шағым жасауы мүмкін. Арбитрлар 4 жылдық мерзімге қайта сайлану құқығымен сайланады.Сондықтан Қазақстанның қызуғышылығымен ЕвразЭС мүшелері (Ресей, Беларусь,, Қырғызстан) Аппеляциялық органының құрамында бір орынды алуы керек.

АҚШ президенті Дж. Буш АҚШ заңына байланысты (сауда туралы заң) 1974 жылы ДСҰ талаптарына қайшы келіп тұрса да, ұлттық экономикасын қорғау мақсатында, шектеулер қоюға құқықты сақтап қалған. Осы заңға сәйкес, Халықаралық сауда комиссиясы импорттың арттыруы АҚШтың экономикасына зардап алып келеді деп шешетін болса, онда президент шектеулер енгізуге толық құқылы. Бұл заңдық акт ДСҰ-да қабылданған «арнайы қателесу» заңының американдық үлгісі (escape clause). Бұл заңға сәйкес кез келген ДСҰ-ның мүше елі отандық өндірушілері халықаралық импорттық бәсекелестікке төтеп бере алмаған жағдайда шектеулік қоймайтын, квота орнатпайтын міндеттерінен тайынуға мүмкіндік береді. Сондықтан ДСҰ-ға кірер алдында еліміздің экономикасын халықаралық импорттан қорғау туралы 2 жақты нормативтік акт қабылдау керек. [5]

3.2. Қазақстанның ДСҰ- ға кірудегі қиыншылықтар

«Экономикалық зерттеу институты» ұйымының сараптамасы бойынша Қазақстан бірнеше көрсеткіштер бойынша ДСҰ-ға кіруіне болатындығын пайымдады. Бірінші қарағанда шаруашылық секторы ішкі субсидияландыру, қызмет саласы бәсекелестікті талап етеді, яғни ДСҰ-ға кіруге ешбір күрделі қайшылықтар жоқ және ол бірінші қарағанда заңды болып табылады.

Бірақ Қазақстандық макроэкономикалық және микроэкономикалық бағыттарыныңың статистикалық мәліметтерін терең түрде зерттеген жағдайда олардың өзгеруі, кері және тиімсіз әсерлерге алып соғатындықтан институттың шешімдеріне күмән келтіріліп отыр.

Ел экономикасының жағдайын  көрсететін статистикалық  мәліметтерді кең түрде зерттеу  нәтижесінде еліміздің ДСҰ-ға кірудегі бірнеше қайшылықтар индикаторлар бойынша туындап отыр:

         Бірінші индикатор – осы уақыттағы есеп бойынша қызмет балансының сальдосы.

Қазіргі уақытта қызмет балансында өте үлкен кері  сальдо орын алуда (7,1% ЖІӨ 2004 жыл), ол дегеніміз шетелдік кәсіпорындар отандық кәсіпорындарды қызмет  көрсету саласында ЖІӨ бойынша 7,1%  ығыстыру үстінде. Сондықтан оның кері әсерін жеңілдету үшін кері сальдо ЖІӨ 3-4 %-дан жоғары болмауы тиіс. Өйткені , олай болмаған жағдайда сауда балансының оң сальдосы, (7 млрд АҚШ доллары) қызмет балансының кері сальдосымен тұтынып кетеді, яғни оған төтеп бере алмайды. Себебі Қызмет көрсету секторы тез дамып ЖІӨ-нің 49 %  құрайды. Сондықтан ДСҰ-на мүше болудың алдында Қызмет балансының пассивінің мәселесін шешуді қажет етеді.

         Екінші индикатор  осы уақыттағы операциялар есебінің табыс балансының сальдосы.

Шетел инвестицияларын көп көлемде тарту және капитал экспортының төмен болуы бізде теріс сальдо сақталуда (6,5 % ЖІӨ бойынша 2004 жыл). Экономикалық саясат тек ЖІӨ өсіруді ғана емес, басқа мақсатты да ұстану керек – табыс балансында оң сальдоға қол жеткізу.Сәйкесінше бұл көрсеткіш ЖІӨ бойынша 2-3 %, ал жағымды жағдай 1-2 % болуы тиіс.

Табыс балансының теріс сальдосының болмауы — ұлттық экономиканың тұрақтылығы, бәсекелестіктің басым критерийлері болып табылады  және «дамыған» елдердің глобализация жағдайындағы экономикалық қауіпсіздіктің маңызды индикаторы. [2]

         Үшінші индикатор — осы уақыттағы есептің төмен балансының сальдосы.

2000 жылы  және де 2004 жылы Қазақстан оң сальдоға қол жеткізді.Ал 2001-2002 жылдары теріс сальдо орын алды.Сондықтан осы уақыттағы есеп нольдік немесе жағымды жағдайда оң болуы тиіс (2-3 %  ЖІӨ).

Осы уақыттағы төлем балансының оң сальдосы жағдайындағы ДСҰ-ға кіруі – экономикамыздың ары қарай дамуының қауіпсіз жолы және еліміздің экономикасына төніп тұрған қатерді жеңілдетудің маңызды факторы, экономикалық қауіпсіздіктің кепілі.

         Төртінші индикатор — барлық өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің орны.

Барлық  елдер тәжірибесі көрсеткендей ДСҰ-ға кіру барысында көптеген елдер «нөлдік инициатива» статьясы бойынша квалификацияланған, яғни жеке мемлекеттердің экономикасының қажетті қызығушылықтарының өте төмен болуы.

ДСҰ-ның өкілдерімен жүргізілетін келіссөздер нәтижесінде болашақ үкіметіміз зардап шекпеуі қажет. Өйткені «нөлдік инициатива» түсінігі мемлекеттің импорттық тарифтерді белгілі бір тауарларға нольге дейін жеткізуді мойнына алған міндеті болып табылады. Minsterial Declaration on Trade in Information Technology Products — дегеніміз ақпараттық технологиялар сферасындағы барлық тауарларға деген импорттық пошлина мен қалған сауда тарифтерін нөлге дейін төмендету болып табылады.

ДСҰ-ға мүше елдерінің (АҚШ, Швейцария, Канада , Еуроодақ) маңызды талаптарының бірі – Қазақстанның секторлық инициативаны қабылдауы, ақпараттық технологиялар бойынша келісімге келуі, химиялық және фармацевтикалық өнімдерге тарифтердің гармониялы болуы.Алдын ала зерттеулер көрсеткендей секторлық инициатива талаптарын қабылдау бюджетке 1,8 млрд шығындарды алып келуі мүмкін.

          Бесінші индикатор — мемлекеттік емес сектордың пайыз бойынша ЖІӨ сыртқы қарыздары, шаруашылық секторына жалпы түрде көмек көрсету. ДСҰ-ға кірген елдердің ауылшаруашылығына көмек көрсетудің жалпы өлшемі ЖІӨ 5 тен 10 %  құрайды. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі 8 % құрайды, ал тұрғындар саны 37%. Сондықтан еңбек ресурстарының ішкі миграциясы саясатын ЖІӨ-дегі үлкен үлесті алатын экономиканың секторларына бағыттау қажет.

Айта  кетсек, көршілес Қытай мемлекеті ДСҰ-ға жақында мүше болса да, үлкен табыстарға ие болып жатыр. Қытай делегациясының ДСҰ құрамына кірудегі тиімді жетістіктері ҚХР-дың «коридорларды» құруы болып табылады, яғни жұмыс күшінің бір елден екінші елдерге қозғалуына квоталар мен шектеулердің алып тасталынуы.

Еліміздің прокуратурасының мәліметтері бойынша 2003 жылы Қазақстаннан Қытайға  ағылған ақша қаражаттары 700 млн АҚШ долларын құрады. Бюджетке түспеген салық соммасы – 10 млрд теңгені құрады, ол экономикамыздың қауіпсіздігіне қатер төндіруші фактор болып табылады. Сәйкесінше ДСҰ құрамына кіруден бұрын еңбек ресурстарының қозғалуына 2 жақты келісім нәтижесінде квоталар мен шектеулер енгізу қажеттігі туындауда.

Қазақстанның  ДСҰ құрамына кіруінің негізгі шарттарының бірі- субсидиялар мен компенсациялар келісімі. Субсидия саудаға кері әсерін тигізеді және экспорттаушы мен өндірушіге жеңілдіктер береді.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей экономикамыздың бірнеше салаларында тарифтік бақылау жүргізіледі және ол айтылған келісімге қайшы келіп отыр.

Сонымен бірге еліміздегі ішкі және экспортты темір жол бойынша тасымалдаудағы қолданылатын дифференцияланған тарифтер ГАТТ-ың 3 және 11 статьяларына қайшы келеді, сол статьяға сәйкес – ДСҰ –ға мүше елдер импорттық тауарларға ұлттық режимді қолдану және экспортқа шектеулер қойылмауы қажет. [5]

Міне ДСҰ-ға кіру барысында мемлекет алдында осындай қайшылықтар, қиыншылықтар кездесіп отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды келесі бөлімде айтатын боламын.
Тағы рефераттар