Соңғы жылдар қатарында, заңдылық негiзiн жетiлдiру жалпы iшкi өнiмнiң өсiмiмен байланысты халықтың жан басына кiрiс, валюталық нарықтың тұрақтандыруына байланысты Республиканың жалпы экономикалық дамуы сақтандыру нарығының дамуына ықпал еттi. Тұрақты сақтандыру нарығын қалыптастыру және шыншыл бәсеке құру мақсатында сақтандыру нарығын реттеу және қызметiн бақылау бойынша мiндеттi мемлекеттiк орган сәйкесiнше функциялармен жүктелген, сақтандыру қызметiн бақылау бөлiмiмен заңдылық негiзiн жетiлдiру, сақтандыру ұйымдарының қысқаруы, аз қаржыландырылған әлсiз компанияларының арқасында iс жүзiндегi компаниялар каржысының көбеюi, олардың активтерiнiң сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазіргі кезде ҚР-ның сақтандыру нарығы дамудың бастапқы кезеңінен өтті деп айтуға болады. Сақтандыру заңы халықаралық стандартты реттеу және қадағалау есебінен құрылған. Сапалы жаңа деңгейге жету үшін сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптар қойылған, әсіресе қаржылық тұрақтылықты қамсыздандыру; міндетгі сақтандырудың әртүрлі болуына шаралар қабылдау; сақтандыру тұтынушыларының қызметін, яғни сақтандырушылардың заңды қызығушылығын қорғайтын жүйені тудыру бойынша анықталған іс-шараларды жүзеге асыруы; инфрақұрылымдық сақтандыру нарығын дамыту.
Ақырғы екі жыл ішінде сақтандыру нарығының құрылымында үлкен өзгерістер болған жоқ. Жалпы сыйақыларды сақтандырудың өсу деңгейі тұрақты деп айтуға болады. 2009 жылы сыйақы өсімі 28%-ды құрады, 2010 жылы сыйакы өсімі 27%-ды, ал 2011 жылы 20% -дан аспады.
Сақтандыру сыйақының жалпы сомасындағы шетелдегі қайта сақтандыру үлесі төмендеуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдардың өзінде қалған немесе сақтандыру көлеміндегі жоғары емес тәуекелдердің өсуімен байланысты. Кәсіпорындардың мұнай-газды, энергетикалық секторларының, сонымен қатар авиа тасымдалдаушының мүлігі мен жауапкершілігінің ірі тәуекелдері елімізден тыс қайта сақтандырылады.
Нарық өсімі міндетті сақтандырудың енгізілуімен және табиғи өсуімен қамтамасыз етіледі. Бір тұрғынның сақтандыру сыйақы 2010 жылы 1924 теңгені немесе 14,6 $-ды кұрады.
Капиталға айналу өсімі акңионерлердің қосымша инвестициялары мен сақтандыру ұйымдарының бөлінбеген кірісі арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын 1- кестеден көруге болады.
Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын талдау барысында келесі нәтижелер анықталды: сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы активтері 297252217 мың теңгені құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 44437587 теңгеге артып, 387671977 мың теңгені көрсетіп отыр. Сондай-ақ таза сақтандыру резервтері 2009 жылы 101011539 мың теңгені көрсетсе, 2010 жылы 114919173 тг көрсетті, 2011 жылы таза сақтандыру резервтері 127858440 тг құрап, соңғы үш жыл аралығында көрсеткіш 26846901 тг артып отыр. Бұл деп отырғанымыз, сақтандыру ұйымдарының активтік ресурстары мен таза сақтандыру резервтерінің тиімді пайдаланылып, олардың артқанын көрсетеді. Меншікті капитал жиынтықтарына келетін болсақ, 2009 жылы сақтандыру ұйымдарының өз меншігіндегі капиталы 180480027 тг құрап, 2011 жылы 231162447 тг құрап отыр, осыдан шығатын нәтиже, 2009 жылға қарағанда 2011 жылы ұйымдардың меншікті капиталы 50682420 тг артқан. Сақтандыру ұйымдарының құрылуының басты шарттарының бірі ол жарғылық капталының болуы, осыған орай ҚР сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы жарғылық капитал сомасының жиынтығы 40618311 тг көрсетіп, 2010 жылы бұл көрсеткіш 76367279 тг құраған, ал соңғы есепті жыл қорытындысы бойынша 2009 жылға қарағанда жарғылық капитал қорлары
48880120 тг артқаның байқатады. Есепті кезеңнің бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы) көрсеткіші бойынша 2009 жылы 28213153 тг, 2010 жылы 34779776 тг, ал 2011 жылы 27646639 тг құраған. 2009 жыл мен 2011 жылды салыстыра келе біз бұл көрсеткіштің -566514 тг кемігенің анықтадық. Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақылары бойынша ағымдық жағдайы 2009 жылы 132476462 мың тг көрсетіп, 2011 жылы бұл көрсеткіш 66026879 тг артып, 89498431 тг құраған. Сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар көрсеткіші 2009 жылы 29829792 мың тг құрап, 2011 жылы 46139245 тг, салыстыра келе 2009 жылға қарағанда 2011 жылы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар көрсеткіші 16309453 тг артқанын байқаймыз. Сақтандыру ұйымдарының ағымдық жағдайын талдай келе, біз олардың негізгі қаржылық жағдайына тоқталдық, сондай-ақ ресурстарды пайдалану көрсеткіштеріне, міндеттемелерден уақытында құтылу мүмкіндіктеріне баға берілді.
Тағы рефераттар
- Коммуналдық мүлікті басқару
- Ілеспе аударма
- Ойынның даму тарихы
- Жидебай батыр
- Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру