Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытұдың проблемалары туралы қазақша реферат
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру кез келген мемлекеттегі демократиялық тәртіптің қажетті саласы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан еліміздің ерекшелігін ескере отырып, шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.
Бұрынырақ осындай жүйені құруға талай рет ұмтылыс жасалды. Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару туралы ереже бастапқыда ҚР Конституциясының негізіне арқау болды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнамалық негізін әзірлеу мен оны енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады.
2001 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы қабылданды.
Қазір «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы көпшілктің талқылауына қазан айында берілді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Жергілікті басқару жолдарының бірі ретінде ұсынылып отырған «өзін-өзі басқару» қағидасының әлеуметтік ғылым терминдерінің көпшілігі сияқты толық ғылыми анықтамасы жоқ, оны әр түрлі авторлар әр түрлі түсіндіреді. Ғалысдар басқарудың осы жүйесіне қатысты көптеген зертету жұмыстарын жүргізді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті қоғамдастық шеңберінде іс-қимыл жасайтын және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді өзінің жауапкершілігіне алатын халықтың өзіг-н-өзі ұйымдастыруының жүйесі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы сайлау органдарын – Кеңесті құру көзделуде, олардың мүшелерін тікелей жергілікті қоғамдастықтың халқы сайлайтын болады.
Кеңесті Төраға басқарады, оны Кеңестің не жергілікті қоғамдастықтың мүшелері сайлайды.
2006 жылдың мамыр айында Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оның нәтижелері белгілі болған мәселелер мыналар:
1) жергілікті өзін-өзі басқару – халықтың міндеті емес, тек құқығы ғана;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандарының деңгейін анықтау керек,
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының формасы (бұл орган – кеңес, кеңесті төраға басқарады, төраға әкімнің қызметін қайталамас үшін олардың қызметтері бөлінеді),
4) жергілікті өзін-өзі басқару органы атқаратын қзыметтердің шегін анықтау (жергілікті аймақтағы шаруашылық-орындаушылық қызметтің бәрі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құызретіне жатады. Олардың саны – 51);
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірігіп, үлкеюіне жол беру;
6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржысы оларға бөлінген қызметтерге сәйкес болады (биыл ол қаржының көлемі – 8 млрд. теңге);
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы талқыға түскеннен бері 150-ден аса ұсыныс жасалып, 117 –сі Үкіметтің жұмыс тобымен келісілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – бұл мемлекеттік құрылымдары қызметін ешқандай да қайталамайтын дербес басқару бірліктері екенін есте ұстау аса маңызды. Бұл орайдағы мемлекеттің басты міндеті – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік беру.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылуына орай жұмыс тобының мүшелері аудандар, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланып қойылуына дайындық жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. 2005 жылы жекелеген аудандар әкімдерінің эксперименттік сайлауы өтті.
Тұтастай алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстар ол туралы заң қабылдау мен әкімдерді сайлаумен аяқталмайды. Ол Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіру бастауларына қарай жасалып жатқан қадамдардың бірі.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі реформаларға талдау
- Африка территориясын геологиялы зерттеу тарихы
- Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдерінің негізі
- Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
- Салық жүйесінің ықпалы мен рөлі