Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымда ҚР «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші ҚР – ның «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұрады:
- Ø Ортақ жүйеден – зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;
- Ø Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – жинақтаущы зейнетақы қоры.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының енгізілуімен 1998 жылдан өз есебін бастаған жинақтаушы зейнетақы жүйесі, құрылған құқықтық инфрақұрылым арқасында, қазіргі заман даму кезеңінде өзінің қарқынды өсуін бастан кешіп отыр.
Ұзақ мерзімді перспективада жинақтаушы зейнетақы жүйесі мынадай әлеументтік-экономикалық міндеттері:
- Жинақтаушы зейнеиақы қорлары салымшыларының жалақы мөлшеріне, зейнетақы жарналарын төлеу ұзақтылығына және зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігіне қарай кірістерін қолдауды неғұрылым тиімді әрі әділ ұйымдастыру;
- Нашарлап жатқан демографиялық жағдайда зейнеткерлік жасқа кеоген азаматтарды толық әлеументтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттемелердің бір бөлігін мемлекеттен және салық төлеушіден алу;
- Ұлттық экономикалының өндірістік базасын жаңғырту және оның бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері:
- Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
- Азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
- Зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілітті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
- Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі;
- Зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі.
Орта мерзімді перспективадв жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Ø Жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;
- Ø Қазақстанның бүкіл халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
- Ø Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру;
- Ø Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реттеуші органдар: ҚР Банкі; ҚР Ұлттық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қор қызметінің реттеуші департаменті; ҚР Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар жөніндегі департаменті.
Тағы рефераттар
- Иммануил Морис Валлерстайн
- Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру
- Қаржы құралдар нарығы
- Мағауия Абайұлы (1870-1904)
- Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі