Қазақстанда психология ғылымының даму мәселесі туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. «Ұлттық білім беру мен тәрбиелеу» атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика орталығы қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары./2/
Біздің ойымызша, Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу.
Сонымен қатар нарықтық қатынасқа, коммерциялық саудаға өту жағдайындағы жеке адамның психологиялық жаңа құрылымдарының қалыптасу механизмдерін, экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады./7/
Көп ұлтты Қазақстан этнопсихологиялық зерттеулердің алып орталығы болуы керек. Бүгінгі таңда экологиялық кризистен шығудың тиімді жолдарын іздеу өзекті болуда. Бұл жерде экологиялық жүріс-тұрыстың мотивациясын зерттеу қоршаған ортаға тигізген кері әсерінің себептерін анықтау үшін адамдардың іс-әрекетін анықтау. Арал теңізінің , Семей ядролық полигандағы экологиялық кризистің психологиялық зардаптарын (психологиялық денсаулық бұзылуы, суицид феномені, т.б.) зерттеу.
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік–экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша талап – тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық – психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән– мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау.
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан–жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйдеде, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті кейбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси – экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс – бітімін жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері–қазіргі қазақтардың психологиясында этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс – тіршілігінде, отбасындағы әдет – ғұрпы мен салт – дәстүр, жөн – жосық, жол – жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айрылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын – сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық–біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
Тағы рефераттар
- Функционалды стильдердің стильдік белгілері
- Тауарлық – материалдық қорларды басқарудың негіздері, есептеу әдістемелері, олардың ерекшеліктері
- Алынған төжірибелік деректер негізіндегі педагогикалық жағдайға талдау
- Қазақстан республикасындағы жергілікті өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы
- Ағылшын тілінен пайдаланылған әдебиеттер тізімі