Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты — ішкі және сыртқы — реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың — эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

•    мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;

•    нарықтың өзін-өзі реттеуі,  немесе  бағалы  қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.   Жалпы   мемлекеттің   немесе   нарыктын   кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

•    қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

•    бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;

•    осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;

•    бағалы  кағаздар  нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына     қатысушыларға     лицензия     беру,     бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

•    несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

•    мемлекеттің салық саясаты;

•    депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

•    қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздарды,   мемлекеттік   органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

•    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы   мен   алтын   операцияларын,   экспорт   шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);

•    мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.

Реттеуші   органдар   инвесторлардың   қаржьюын   қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.

Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.

Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтауқызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:

•  нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;

•    нарыққа   қатысушыларды   кейбір   жақтардың   алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

•    бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

•    кәсіпкерлікті   ынталандыратын   тиімді   нарықты   калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.

Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты — бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі — 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар жэне Қор биржасы туралы» жарлығына сэйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.

Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:

•    бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;

•    қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;

•    бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;

•  бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;

•    қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;

•    бағалы   қағаздар   нарығының   инфрақұрылымын   құруға әрекет жүргізу.

Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган — ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.

Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:

•    бағалы қағаздар нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

•   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру;

•    нарыққа қатысушылар үшін «ойын тэртібін» белгілеу;

•    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

•  нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін  құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

•  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.

Өзін-өзіреттеуші ұйымдарол бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:

•    бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;

•    кәсіби   қатысушылардың   және   клиенттердің   мүддесін қорғау;

•    кәсіби   қатысушылар  тиімді   қызмет   етуі   үшін   жағдай жасау.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары:

•    кәсіби   қызмет  жэне   нарыктағы   операциялардың   стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;

•    кадрлардың   кәсіби   дайындығын   қамтамасыз   ету,   осы нарыққа қатысушылар үшін міндетгі талаптарды бекіту;

•    нарыққа   қатысушылардың  бекітілген   нормативтер   мен ережелердің орындалуын бақылау;

•    нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

•   мемлекеттік    басқару    органдарында    нарыққа    қатысушылардың  мүддесін  қорғау және  олармен  байланысты қамтамасыз ету.

Өзін-өзі реттеуші үйымдардың белгілері:

•    ерікті бірлесу;

•  ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

•    ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

•    мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол — мемлекет өзінің   реттеушілік   қызметінің   бірсыпырасын   ұйымға беруі.

Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нүсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

Әлемде каржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрі бар. Олар:

Халықаралық ұйымдар  мысалы,  халықаралық  қор биржаларының ұйымы).

Ұлттық  ұйымдар.   Әдетте  әрбір   мемлекетте  қаржы нарығының  кәсіби  мамандарының  мүддесін  қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар қалыптасады. (Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).

•    Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.

Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші үйымдар өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін кадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылык ұйымдарды реттеу жэне кадағалау Агенттігі шұғылданады.

Қазақстанда ен алғашқы заңжүзінде қүрылған өзін-өзі реттеуші ұйым Қазақстан қор биржасы. Ол бағалы кағаздар нарығын бақылаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалайды. Келесі өзін-өзі реттеуші ұйым — 1999 жылы 13 қарашада Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссияның директорлар кеңесінің қаулысымен құрылған — Актштерді басқарушылар Ассоциациясы.Оның атқаратын міндеттері:

•    зейнетақы   активтерін   басқару   компаниясының   тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;

•    жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық     басқару     бойынша     қызмет     көрсету нарығында еркін бэсекелестікті дамыту;

•    кәсіпкерлік   әдептілікті    сақтау   және    қызмет   көрсету стандарттарын дайындау;

•    ассоциация   мүшелерінің   заңды   мүдделерін   қорғау   іс-шараларын қамтамасыз ету.

Ассоциацияның ұйымдық-басқару құрылымымыналар:

•    мүшелерінің жылдық жиналысы;

•    директорлар кеңесі;

•    басқарма;

•    тексеру комиссиясы;

•   тұрақты қызмет көрсететін (заңнамалар бойынша, қызмет істеушілер бойынша, есептеу және есеп беру бойынша) комитеттер.

Ассоциация өз мүшелерінің тізімін жүргізеді. Тізімде әрбір ассоциация мүшесінің фирмалық атауы жөнінде ақпарат және мекен-жайы, оның ассоциациядағы өкілі туралы және қызмет істеушілердің мамандығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың лицензиясының мэліметтері көрсетіледі.

Ассоциация мүшелері әрбір тоқсан сайын атқарған қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, содан соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзін-өзі реттеуші ұйымға мына мәліметтерді беруі тиіс:

•    өз активтері мен зейнетақы активтерінің жағдайы туралы;

•    таза зейнетақы активтері мен ондағы өзгерістер туралы;

•    бухгалтерлік баланс және қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп.

Ассоциация мүшелері қаржылық жыл өткен соң өзін-өзі реттеуші ұйымға жылдық қаржылық есеппен қоса, өткен жылдық қаржылық есепті тексергені туралы аудиторлық қорытындыны беруі тиіс.

Өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде 1998 жылдың екінші тоқсанында тіркеушілер Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясынқұрды.

Бұл ассоциацияның міндеттері:

•    реестрұстаушылардың  мүддесін  білдіру  және  қызметін біріктіру;

•  ассоциация  мүшелерінің  жалпы  мүддесін  қорғауды қамтамасыз ету;

• Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттік органдарға көмектесу;

•  реестрұстаушылар қызметінің стандарттарын дайындау. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығын бақылаумен және реттеумен шұғылданатын өзін-өзі реттеуші ұйым түрінде құрылған — Қазақстан қор биржасы, Активтерді басқарушылар Ассоциациясы және Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясы нарыққа катысушыларға қызмет көрсетуде. Алайда, олардың заңнамалық негізі толық қарастырылғанымен, отандық нарықтың тарихи қалыптасқан дәстүрі жоқ жағдайында және бағалы қағаздар нарығының алғашқы пайда болу және қалыптасу кезінде нарықтық инфрақұрылым жан-жақты.кең ауқымды жұмыс атқаруда деуге ертерек. /5,-127 б./.

            Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Экономикалықмәселелерге:

•    нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;

•    нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;

•    заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

•    салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

•    бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің аздығы;

•    нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялықмәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал  мүшелері жэне  хатшысы болып бағалы  қағаздар  нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.

Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

I. Банктік үлгі — онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы    банктер    қаржы    қорларын    бөледі    (ол    Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

II.  Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгіонда бағалы қағаздар   нарығының   механизмі   арқылы   елдің   қаржы   қорын бөлумен  банк емес  мекемелер  шұғылданады  (мысалы,  АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол — банктен алған ақшаға қарағанда — «арзан» ақша.

III. Аралас үлгіондабағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүліктікішіжәне жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтарымыналар:

1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі;

2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;

3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;

4. Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.

Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылатын акциядан түсетін ақша-«арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру — өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз    активтерімен    (қаржысымен)    инвестициялайтын    отандық ұйымдар болмайды деген болжамдар көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру аркылы халықты кэсіпорын басқаруға   тарту   жақын   арада   бұл   механизмді   пайдалануіа мүмкіндік туғызады.

3.  Саясат факторы — дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі — халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) — бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарыгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына   сәйкес   кұрылған   Қаржы   нарығын   және   қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.

Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.

Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын пайдалану және тәуекелге барынша бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіру мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» қабылданған заңды іске асыру займшылардың барынша айқындығына, олардың несиелік қабілеттілігі мониторингін жетілдіруге мүмкіндік жасай отырып, банктердің тәуекелін азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.

Егер қазіргі қалыптасқан Қазақстан бағалы кағаздар нарығын сандық көрсеткіштер тұрғысынан қарайтын болсақ, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» категориясы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының жалпы капиталдануы 1198146 млн. теңге болған, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 қаңтардағымен салыстырғанда 68,64%-ке ұлғайған. Бұл ретте облигациялар бойынша нарықтың капиталдануы 47,42%-ке артқан. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша Қазакстан қор биржасында жасалатын мэмілелер көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 7,14 % болған.

Ал 2007 ж. 1 қаңтарында 2160 акционерлік қоғамдардың номинал қүнының жалпы сомасы 876,6 млрд. теңге қүрайтын 2304 акция жэне 217 облигация шығарылымдары бағалы қағаздар нарығында айналыста жүруде. Бірақ табысты отандық компаниялардың акциясын Қазақстан азаматтарына сатып алып дивидендке қол жеткізуіне құқықтық негіз болмауда. Керісінше, осындай табысты компаниялардың акциясын (мыс, «Қазақмыс») Лондан қор биржасында батыс елдердің инвесторлары сатып алуда. Сондықтан «көпшілік отандық инвесторлардың» қор нарығы, бағалы қағаздар туралы сауатын ашатын үкімет тұрғысынан білімін жетілдіру бағадарламасын тарату қажет.

Сөйтіп нарық жағдайларының шапшаң өзгерістерге ұшырауын ескере отырып, оның құқықтық негіздерін тез арада одан әрі жетілдіру қажет. Себебі кейбір заңнамалық актілерде көптеген шектеу нормаларының болуы қор нарығын жандандыруға мүмкіндік туғызбауда. Бұл біріншіден. Екіншіден, мемлекеттік емес бағалы кағаздар бойынша табысты есептеу мен оны төлеу тәртібі заң жүзінде анықтауды талап етеді.
Тағы рефераттар