МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……3
1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕР – ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қор нарығындағы брокер – дилерлік қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері…..6
1.1 Брокерлік – дилерлік қызметтің түрлері мен жіктелінуі….13
1.3 Биржадағы мәмілелерді жүргізудегі брокерлер – дилерлік қызметтердің ролі …..23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БРОКЕРЛЕР-ДИЛЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНАН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік-дилерлік қызметтің даму тенденциясы…30
2.2 Қазақстан республикасындағы брокерлер-дилерлердің қызметін талдау….34
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы брокер — дилер қызметтерінің ерекшеліктері…..43

3 ҚАЗАҚСТАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕРЛІК – ДИЛЕРЛІК ЖӘНЕ ТРАНСФЕР- АГЕНТТІК ӨЫЗМЕТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы брокер-дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүргізудің ерекшеліктері мен тәжірибелері….51
3.2 Қаржылық кеңес беру жəне андеррайтинг қызметі….63

ҚОРЫТЫНДЫ….66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….68

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.

Бірінші тәсілге келсек, алдымен брокердің кім екенін ашып алайық. Анықтамаларда, брокер-табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісініне табыс табатын, қаржы нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды айтамыз. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық құралдармен алып-сатарлықпен айналысады. Бірақ та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушылары үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Оның ішінде брокерлер үшін жеке тұлғалармен жұмысты жандандыру мақсатында біршама жеңілдіктер қарастырылған. Ал жеке тұлға сату немесе сатып алу операциялары жүргізген бағалы қағаз бойынша дивиденд, сыйақыға және қарыздық бағалы қағазды сату барысында пайда болған құн өсіміне салық салынбайды. Алайда бұнын жалғыз шарты бар, бұл-бағалы қағаз бойынша барлық іс-әрекеттер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жүргізілуі тиіс.

Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарығының дамуы, болып жатқан өзгерістері жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруды үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының белсенді ойыншысына айнала аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз кезегіңізде нарық жайында көп ақпарат жинап, өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді құруға және келешек табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.

Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы – бұл бос жатқан қаражатыңызды жарналық инвестициялық қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда 86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық инвестициялық қор жұмыс жасайды. Жарналық инвестициялық қор – қор нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың (пайшылардың) бірлескен құралдары болып табылады. Сіздің қолыңызға қордағы үлесіңізге құқықты куәландыратын атаулы бағалы қағаз – пайда береді. Бұл инвестициялық қор өз кезегінде, нарықты айналыста жүрген және жан-жағынан ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың белгілі бір бөлігін құяды. Бұл тәсілдің тиімділігі-жарналық инвестициялық қорда шот ашу барысында келісім-шартқа қол қою арқылы сіз алдын-ала қандай табыс түсетінін білесіз. Қандай да бір жағдай болсын, жарналық инвестициялық қор келісім-шартта көрсетілген табыс көлемін төлеуге міндеттеледі.

Еліміздің қарқындап дамуы, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуі тұрғындардың жинақталған бос қаражаттарын банкетрдегі депозиттерге салуға не болмаса жылжымайтын мүлік нарығында пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен көптеп айналысуына алып келді. Бұл өз кезегінде, әсіресе еліміздің ірі қалаларында, тұрғын үй бағамының күрт өсуіне септігін тигізді. Алайда, ақшаны бұл тәсілдермен инвестициялаудың біршама кемшіліктері бар.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
— брокерлер-дилерлердің қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
— брокерлер-дилерлердің қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
— қазақстанның брокерлер-дилерлердің қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
— ҚР брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайына талдау жүргізу;
— әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметке әсерін талдау;
— ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіҚазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызметі болып табылады. Дипломдық зерттеу жұмысының пәні ретінде Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағын қолдану жолдары

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық  қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.

Жұмысты жазу барысында ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының биржа нарығын реттейтін Заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агентігінің, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Ұлттық Банктің қаулылары, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржасының материалдары, әртүрлі деңгейлердегі конференциялардығ мәліметтері, журналдар, сондай-ақ республикалық факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашақ жағдайын зерттеп қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт  болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:
— теориялық-әдістемелік зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы брокерлер-дилерлердің қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму негіздері нақтыланған;
— Қазақстан Республикасының брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-трейдингті қолдану бағыттарын қарастыру;
— брокерлер-дилерлердің қызметті бағалау әдістемесі ұсынылған.

Қорғауға шығарылған ғылыми тұжырымдамалар:
Қазақстан Республикасында брокерлер-дилерлердің қызметті және оның тиімділігін арттыру қажеттігі негізделеді. Оған мынадай шаралар кіреді:
— брокерлер-дилерлердің қызметте бағалы қағаздармен, оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операциялардың тиімділігін арттыру;
— әлемдік қаржылық орталықтардың Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметіне әсерін анықтай отырып, отандық нарықтың әлсіз жақтарын анықтау;
— брокерлер-дилерлердің қызметтің қалыптастыру және тұрақтандыруын қарастыру;
— Қазақстан брокерлер-дилерлердің қызметте интернет-трейдингтің негіздерін айқындап, оны ары қарай дамыту шараларын ұйымдастыру;
—  биржа нарығында брокерлер-дилерлердің қызметтің табыстылығының ықтималдылығын бағалауда қаржылық менеджмент үлгілерін қолдану.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және  қосымшалардан тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 68 бет
Тағы рефераттар