Үрдістер мен құыбылстарды зерттеуде жүйелік тәсілді қолдану қазіргі заманғы ғылымның, жаңа ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы стилінің айрықша ерекшеліктерінің бірін тудырады.
Бірыңғай тұтас жүйе ретіндегі құқық функциясының талдауы жеке функцияларды зерттеген кезде білімді жай ғана топтастырып, тәртіпке келтірмейді. Мұндай талдау білімнің өсіп-өнуін береді, әр функцияның мазмұнын тереңірек, толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Бәрімізге белгілі, егер де танудың мүмкіншіліктері жеке-даралықтықтың дәрежесімен шектелетін болса, егер де, дербес элементтер арасында олардың жүйесін анықтауға талпынбаса, онда танудың мүмкіншіліктерінің нәтижелілігі нашар болады. Сонымен қатар бұл құқық функциясының шын өмірде бір-бірінен оқшауланған түрде тіршілік етепейтініне байланысты, олар бір‑бірімен тығыз байланысты. Сол себепті олардың біреуі де олардың басқа функциялармен байланысын анықтаусыз, яғни, оны жүйеде зерттеусіз жеткілікті терең және толық зерттеліне алмайды. Құқық функциялары жүйесі күрделі көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Ең басынан бастап құқық функциясын тұтас және осы тұтастың функциясы ретінде ажырату керек. Құқық функциялары жүйесі ең тікелей жолмен құқық жүйесімен байланысты.
Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықты, олардың құрамын, арасындағы байланысты зерттеу. Құқықтың функцияларын анықтау арқылы құқықтың әлеуметтік мәнін анықтауға болады. Осылайша, құқық функциялары теориясын ашу арқылы біз мемлекет пен құқық теориясы «құқық» санатының әлеуметтік міндетін қарастырамыз.
Ғылымда «функция» термині түрлі мағыналарда қолданылады. Математикада функция тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда – бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. функциясы) ерекше қызметі.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы — әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу[8;25бет].
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты — нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні – мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Заң ғылымында «функция» термині мемлекет пен құқықтың әлеуметтік рөлін сипаттау үшін қолданылады. Осылайша, «функция» терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді.
Құқық саласында «функция» термині қандай мағынаны береді? Құқық функциясы деген не және құқықтың қандай функциялары ерекшеленеді? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары менің «Құқық функциялары» атты курстық жұмысымда талқыланады.
Құқық жүйесін құрайтын элементтерге сәйкес олардың жүйесін құрайтын бес топты ажыратуға болады:
— жалпықұқықтық (құқықтың барлық салаларына тән);
— саларалық (құқықтың екі және одан да көп салаларына тән);
— салалық (құқықтың бір саласына тән);
— құқықтық институттарды (нақты құқық институтына тән);
— құқық нормалары (құқық нормаларының нақты бір түріне тән);
Құқық функцияларының түрлі деңгейлерінің қатынасы жөніндегі сұрақ маңызды рөлді ойнайды, себебі, құқық жүйесінің құрылымдық элементтеріне берілген элементтерді құқықтық қадағалаудың пәні, әдісімен және олардың құқықтық жүйедегі міндетімен анықталатын белгілі спецификасы бар функциялар тиесілі. Қандай да бір жалпықұқықтық функция азырақ немесе көбірек дәрежеде әжептәуір томен дәрежелі функциялармен дәлдене алады. Ол біріншіден, жалпықұқықтық функцияның мінезіне, екіншіден, саланың, институттың,құқық нормасының және сәйкесінше, олардың функцияларының міндетіне тәуелді.Мысалы, қылмыстық құқық функциялары жалпықұқықтық қорғаушы функцияны отбасылық немесе жер құқықтарына қарағанда біраз көбірек дәрежеде нақты дәлдейді.
Одан басқа жалпықұқықтық функциялар қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпалының нақты жолдары мен формаларының сан алуандығын қамтымайды және қамти алмайды. Олар құқық функцияларының басқа топтарының әрекетінен «бөлшектенеді». Осылайша, орнына берілген ықпал құқықтың қорғаушы функциясының элементі ретінде азаматтық немесе еңбек құқығының орнына берілген функциясы арқылы жүзеге асырылады. Жазаланатын ықпал қылмыстық құқығының және т.б. тиісті функциясын іске асыруда аса байқалады.
Алайда, құқықтың жалпы теориясы пәніне сүйенер болсақ, тек негізгі жалпықұқықтық (меншіктік-заңи) функцияларды қарастырамыз.
Белгілі дәрежеде жалпықұқықтық функцияларды түрлендірудің негізін қалаған санаттардың екі тобын ажыратуға болады:
ішкі (құқықтың өз шеңберінде орналасқан) және сыртқы (құқық шеңберінің сыртында орналасқан).
Құқық функцияларының сыныпьамасының ішкі санаттары (негіздері) құқық жүйесінен, оның адамдар тәртібіне ықпал етудің тәсілдерінен, жүзеге асу формаларынан туындайды[9;80 бет].
Құқық функцияларының меншіктік-құқықтық материя арасындағы үзілмейтін байланыс негізгі меншіктік‑заңи функциялардың тіршілік етуін дәлелдейді: регулятивті және қорғаушы.
Регулятивті және қорғаушы функциялар – құқыққа иманентті функциялар. Бұл құқықты ерекше сапалы дербестігі бар құрылым ретінде сипаттайтын функциялар. Сонымен қатар құқықтың әлеуметтік міндет ретінде өмір сүру қажеттілігі құқықтың осы функцияларының жүзеге асырылуының қажетттілігінен тұрады.
Құқық функциясы жүйесін талқылауды тамамдай отырып, оны мәңгі бақиға берілген, өзгермейтін құрылым ретінде қарастыруға болмайтынына назар аударайық. Берілген ереже бірінші кезекте, салааралық және әлеуметтік функцияларға қатысты. Осылайша, қазіргі уақытта қоғамның табиғатқа тек тұтынушылық көзқараспен қарауы экологиялық мәселелердің шектен тыс асқынуына әкеп соқты және іс жүзінде, өркениеттің тіршілік етуіне үлкен қауіп төндіріп тұр. Мұндай жағдайда қоғамдық қатынастар жүйесінде аса маңызды және біршама дербес орынды экология алып тұр, осының арқасында кейбір ғалымдар құқықтың экологиялық функциясының болуын дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Жалпы ереже мұнда былай: қоғамдық өмірдің қандай да бір саласы айтарлықтай маңызды болған сәтте, құқықтың барлық (немесе көпшілік) салаларымен белсене реттеле бастайды – өзіне тиісті функцияның тіршілік етуі жайында сұрақты заңды түрде көтереді.
Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес.
Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әр бір мемлекеттің басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегі қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының даму деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-4 баптарының негізінде құрылады. Бұл баптарда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі[10;66 бет].
Конституцияның 4-бабында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.
ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді.
Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді.
ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі керек.
ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.
Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.
ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.
Тағы рефераттар
- Өндірістік факторларды тиімді пайдалану
- Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы
- Сарқыраманың орналасуы мен зерттелу тарихы
- Денсаулықты сақтау мен нығайту
- Қазақстанда келу туризмінің дамуын талдау