Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары туралы қазақша реферат

Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.

Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі — қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.

ҚОСЫМША А

2 – кесте

2004 — 2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің, болжамы

  Көрсеткіштер 2003 (бағалау) 2004 2005 2006
1. Инфляция жылына орташа, % 6 4-6 4-6 3-5
2. Кайта қаржыландыру жылдың соңына 7,5 6-7 5-6,5 4,5-6
3. Алтын-валюта резерві млн АҚШ доллары 3008 3355 3541 3673
  өзгерістер, % 16 11,5 5,5 3,7
4. Ақша базасы        
  млрд теңге 207 237 268 304
  өзгерістер, % 18,1 14,8 12,9 13,9
5. Ақша массасы        
  млрд тенге 707 865 1008 1168
  өзгерістер, % 22,7 22,4 16,6 15,9
6. Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері        
  млрд теңге 544 671 788 910
  өзгерістер, % 22,3 23,3 17,4 15,5
7. Экономикаға беретін банктің несиелері        
  млрд теңге 439 571 718 866
  өзгерістер, % 58,8 30,1 25,7 20,8
8. Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа        
  өлшенген мөлшерлемесі, % 13 11,0 9,0 7,5
9. Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа        
  өлшенген мелшерлемесі, % 17,5 16 15 13,5

ҚОСЫМША Ә

3 – кесте

Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы

Көрсеткіштер 2005 есеп 2006 Болжам
2007 2008
ЖІӨ, млрд. теңге 7457,1

 

8725

 

9988

 

11459

 

Өткен жылға %-бен ЖІӨ-нің нақты өзгеруі 109,5

 

 

108,3

 

 

108,3

 

 

108,9

 

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми бағам бойынша 56,1

 

 

68,7

 

 

78,6

 

 

90,2

 

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. сатып алу қабілетінің шамасы (САҚШ) бойынша 160,7

 

 

173,9

 

 

194,2

 

 

218,1

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. ресми бағам бойынша 3703

 

 

4486

 

 

5092

 

5799

 

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. САҚШ бойынша 10619

 

 

11358

 

 

12571

 

 

14018

 

Тұтыну бағалары индексі (жылға орташа алғанда), %-бен  

7,6

 

 

5,7-7,6

 

 

5-7

 

 

5-7

 

Ақша базасы, млрд. теңге 663

 

 

939

 

 

1184

 

 

1416

 

Ақша массасы, млрд. теңге 2065

 

 

2789

 

 

3561

 

 

4413

 

Экономиканы монеталандыру деңгейі, % 271

 

 

32

 

 

35,7

 

 

38,5

 

ҚОСЫМША Б

4 – кесте

АТФ банктің несие беруінің басты көрсеткіштеріне талдау

  2002 2003 2004 2005 2006
Несиелер, млн. тг 17928,4 23563,2 32778,7 52644,6 88977,1
Оның ішінде: қысқа мерзімді 16923,3 21015,9 25048 40013,6 59036,5
Ұзақ мерзімді 1005,1 2547,3 7730,7 12631 29940,6
Қарыздар бойынша берешектер, млн. тг 10350,5 14232,8 26325,1 44019,8 61155,4
Оның ішінде: по Қысқа мерзімді несиелер 5650,5 7413,5 12604 17548,1 13951,1
Ұзақ мерзімді мерзім 4700 6819,3 13721,1 26471,7 24478,7
Несиелер, млн. тг 6748,2 18776,2 65919,5 96732,1 61183,1
Оның ішінде: қысқа мерзімді 4320,2 14050,1 58810,4 84852,3 47558
Ұзақ мерзімді 2428 4726,1 7109,1 11879,8 13625,1
Депозиттар, млн. тг 13343,4 20888,5 21996,9 29607,7 36112,7
Ұлттық валютада млнт. тг 6614,5 8968,1 12508,3 21916 24882,7
Басқа валютада, млн. тг 6728,9 11920,4 9488,6 7691,7 11230
Қайнар көзі: Банки Казахстана №4, 2007, 7

Тағы рефераттар