Қазақстандағы заң білімінің қалыптасу және даму тарихы туралы қазақша реферат
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1511—1520 жж.) дәуірінде қабылданған «Қасым ханның қасқа жолын» жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың басында «Есімханның ескі жолы»деп аталатын заңдар жинағын 1548— 1628жж. билік құрған Есімхан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсында (1680—1718 жж.) атақты «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауып, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттык қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін камтиды.
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат кұралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мумкін емес, өйткені онсыз жария-құқыктық реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.
Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары зан білімін беретін оку орындарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі артык болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық жөне топтық тұрғыдан алғанда мүмкін емес-тұғын. Сонымен қатар талапкерлердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлады. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.
Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құкықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құкық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдык саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек, қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазакстанда екі құқық жүйесі де колданылып келді.
Кешегі социалистік дәуірде заң білімін беру Мәскеу, Ленинград және басқа қалаларда жүзеге асты дегенімізбен, онда ұлттық кадрларға бөлінетін орын шектеулі еді. Бірак заман өз талабын алға тартты, нәтижесінде жоғары оқу орындары мен факультеттер шет аймақтарда құрыла бастады. Айталық, 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінде құқықтык бөлімшесі бар қоғамдык ғылымдар факультеті ашылып, онда біркатар қазақ жастары оқуға мүмкіндік алды. Ал Қазақстанда тұңғыш рет заңгер кадрлар дайындау курсы 1926 жылы
Қызылорда қаласында ашылып, кейін ол екі жылдық заң мектебіне айналды.
Кейбір үзілістеріне қарамастан бұл оқу ошағы 1954 жылға дейін заңгерлер дайындады.
Қазақстанда жоғары заң білімін дамытуға 1931 жылы 20 сәуірде қабылданған РСФСР Бүкілодақтық Орталык Атқару комитетінің «Кеңес кұрылысы қызметкерлерінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар туралы»3 каулысы үжен мән бергенін айтпасқа болмайды. Аталған құжатта институттын кеңестік құкық және кеңестік кұрылыс деп аталатын екі түрін құру көзделді. Осы қаулы негізінде 1932 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) жанынан республика кеңес аппаратына кадрлар даярлау үшін алты айлық курс ұйымдастырылды, кейінірек ол бір жылдык курс болып кайта кұрылды.
Осы курстардың негізінде 1933 жылы 17 мамырда Қазақ АКСР ОАК-інің Төралқасы қаулысымен кеңес кұрылысы институты құрылып, 1934 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады. Республикамызда жоғары білімді заң кадрларын даярлау, міне, осы сәттен басталды.
Кеңес құрылыс институты мемлекеттік аппаратқа кәсіби білікті мамандар даярлауға тиіс болды. Оқу мерзімі онда үш жыл, ал жұмысшылар факультетіңде екі жыл болып бекітілді. 1934 жылы 23 казанда Қаз АКСР ОАК-інің Төралқасы қаулысымен институт құрамында заң бөлімі ашылуына байланысты сот және тергеу органдары үшін кадрлар даярлана бастады.
1934 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша институтта 88 адам, жұмысшылар факультетінде 87, ал дайындық курсында 103 адам оқыды. Алғашқы кезде институтта — 10, жұмысшылар факультетінде 7 оқытушы жұмыс істеді. Ұлттык құрамына келетін болсақ, олардың 5-і орыс, 3-і казақ, 1-і татар және 1-і неміс болды.
Институтта ол кезде әлеуметтік-экономикалық (кафедра меңгерушісі Ш.Х. Сакаев), тарих (кафедра меңгерушісі А.П. Чижов) және мемлекеттік құқық (кафедра меңгерушісі Н.И. Кондратьева) деп аталатын үш кафедра жұмыс істеді. Шын мәнінде кафедралардың бірде бірі әдістемелік және ғылыми зерттеумен айналысқан жоқ.
Әрине, институттың құрылуы кеңес құрылысына республикадағы заңгер кадрлар даярлауда айтарлықтай рөл атқарды. Бірақ мамандарды даярлау жүйесі ол кезде нақты айқындалмаған еді, сондықтан сот-тергеу кадрларына деген күн сайын өсіп тұрған сұранысты бұл институт толық қанағаттандыра алмады. Кеңес құрылысы институтында пәндердің шамадан тыс көп болуына байланысты заң ғылымы өз дәрежесінде дами алған жоқ
1935 жылы 5 наурызда ҚСРО Халық комиссарлар Кенесінің және ОАК-інің «Құқықтық білім беруді кеңейту және жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды, онда төрт жылдық мерзіммен заң институттарып ашу қарастырылды, сондай-ақ аудандарда жұмыс істейтін заңгер-қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізетін тұрақты курстар құру, бір жылдык құқықтық мектеп ашу, кейін оны екі жылдыққа көшіру жоспарланды. Осы қаулыны одан әрі жетілдіре түсу мақсатында 1938 жылы 28 сәуірде Қазақ КСР Халык комиссариаты Кеңес құрылысы институтын Алматы заң институтына айналдыруға шешім етті, кейін бұл
республикадағы заң білімін беру ісінін нағыз орталығына айналды. Институттың директоры болып доцент Д. В. Кузнецов тағайындалды.
1938 жылы 15 мамырда Алматы заң институтында 14 адам ұстаздық етті, оның ішіңде 2 доцент, 12 окытушы болды, дөлірек айтсақ жұмысшылар факультетінде — 6, дайындык курсын-да 8 ұстаз болды. Ол кезде Институтга дәріс беретін небәрі үш-ак қазақ бар болатын, аты-жөндерін айта кетсек, олар — Р.А. Әшкеев (мемлекеттік құқьіқ пәнінен сабақ берді), А. Қайыр-гелдин (қазақ тілі) және доцент міндетін атқарушы У.М. Бал-қашов (философия).
1938-39 оку жылындағы студенттер құрамы мынадай еді: бірінші курста — 150, екінші курста — 75, үшінші курста — 40 адам, ал дайындық курсында 75 адам оқыды. Жасыратыны жоқ, студенттердің ішінде сол кезде қазақтар аз еді (24,6%). Институтта мынадай жеті кафедра ашылды: марксизм-ленинизм (кафедра меңгерушісі Л.В. Олейник), саяси экономия (кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Кузнецов Д. В.), мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Н.И. Кондратьева), кеңестік мемлекеттік құқық (каф. меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.И. Лепешкин), азаматтық құқык (каф. меңгерушісі, заң ғылымдарынын кандидаты, доцент А.Н. Агеев), қылмыстык құқык (каф. меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.П. Шаламов), тілдер кафедрасы (каф. меңгерушісі, аға оқытушы Р.Л. Зор).
Сол кездің өлшемімен қарағанда Институтқа әкелінген кітап қоры айтарлықтай еді, бұл орайда Қазан кеңес құрылысы институтының үлесі аз болған жоқ.
Алматы заң институтына Мәскеуден, Ленинградтан және басқа калалардан Т.М. Культелеев, А.Н. Агеев, М.Б. Зусман, Л.В. Дюков, М.П. Шаламов, В.А. Хван, В.Н. Маркелов және басқа кәсіби деңгейі жоғары кадрлар жіберілді.
Осындай игі шаралар нәтижесінде институтта ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік туды. 1940 жылы жергілікті басылымдарда, сондай-ақ «Советская жизнь» журналына ұстаздардың 30 мақаласы жарияланды, 5 кітапша баспадан жарық көрді, 205 студент қатысатын 7 үйірме құрылды.
Жоғары заң оқу орны ашылғанға дейін Қазақстанда құқықтық зерттеу кенже қалып келді, құқыктық проблемалар жалпы тарихи зерттеулер аясында болды. Қазақстандык алғашқы құқық танушылардың арнайы зерттеулері көбіне-көп Қазақстан мемлекеті мен құқығының пайда болуы, онын дамуы тарихына арналды. Мәселен, Т.М. Культелеев қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын зерттеді, М.Т. Шаламов болса өз еңбектерінде Қазақстандағы кеңес адвокатурасының тарихына мән берді, ал А.В. Якушев Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты тақырыптарды қозғады.
Бұл жылдарды академик С.З. Зиманов «шығармашылық мүмкіндікке сай және шын мәніндегі сұранысқа жауап беретін саланың арнайы кадрларын даярлауда бар күшті жұмылдырған, кадрлар даярлау мен ғылыми зерттеу ісінде ізденіске толы кезең болды» деп өте орынды айтқан.
Осы кезде сырттай заң білімін беру ісін дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінді. Мәселен, 1937 жылы Алматыда Бүкіл-одақтық сырттай оқитын заң институтынын консультативтік бөлімі құрылды. 1938 жылы 8 наурызда КСРО
Әділет Халық Комиссариатының бұйрығымен Қазақ консультативтік бөлімі Бүкілодақтық заң институтының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, ал 1940 жылы қаңтарда аталған институттың Алматы филиалы деп атауы өзгертілді, ол
1951 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Осы филиалдың негізінде Алматы заң институтының сырттай окитын бөлімі ашылды. 1957 жылдан бастап сырттай бөліммен қатар заң факультетінің кешкі бөлімі жұмыс істей бастады.
Ұлы Отан соғысының басталуы институттың алға қойған міндеттері мен қызметін үлкен өзгеріске түсірді. Соғыс жылдарында Мәскеу, Ленинград және Украинадағы біркатар заң жоғары оқу орындары Қазақстанғакөшірілді. Айталық, Ленинград заң институты Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) орналасты, Украинаның Киев және басқа университеттері Украина университеттері деген атпен (ішінде заң факультеті де бар) Қызылордаға көшіп келді. 1941 жылы Мәскеу және Алматы институттарын уақытша біріктіру жолымен КСРО Әділет халық комиссариатының Бірінші мемлекеттік заң институты деген атпен Алматыда жоғары оқу орны құрылды. Оның директоры болып Б. Я. Арсеньев тағайындалды. Бұл институт 1943 жылдың 14 тамызына дейін ғана жұмыс істеді.
Осы кезде Қазақстанда С.И. Аскназий, В.М. Догадов, Б.С. Мартынов, С.С. Кравчук, А.А. Пионтковский, М.К. Чельцов, С.А. Фукс, Б. Я. Арсеньев, И.С. Перетерский, С.В. Юшков және басқа Мәскеу, Ленинград, Киевтен келген көрнекті кеңестік заңгер-ғалымдар еңбек етті. Ресейлік және Украиналық жоғары оқу орындарынан келген заңгерлер ұжымы оқу сапасын арттыруға, ғылыми жұмыспен жан-жақты айшлысуға айтарлықтай жәрдемін тигізді.
Соғыс жылдарында ғалымдар тарапынан Қазақстаннын, мемлекет және кұкық тарихын зерттеуге деген ынта-ықылас күшейді. Осы жылдары заң институты қабырғасында тұңғыш рет профессор С. Л. Фукстың бастамасымен Қазақстанның революцияға дейінгі мемлекет және құқық тарихы туралы курс сабағы оқылды.
УКСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті С.В. Юшковпен заң ғылымдарының докторы А.А. Пионтковскийдің бастамасымен 1942 жылы 8 мамырда Бірінші мемлекеттік заң инстиутының басшылығы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы кұрамында Мемлекет және кұкык бөлімін құру жөнінде мәселе көтерді. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының атына жазылған хатта «… филиал құрамына Бөлімді енгізу филиалдың басқа бөлімдерімен мемлекет және кұқық теориясы мәселелері тәрізді ғылыми тақырыптарды тереңірек зерттеуге жол ашатындығына күмән келтіруге болмайды… тарихи, экономикалық, философиялық бірқатар тақырыптарды талдау үшін қажет болып табылады»деп көрсетілді. 1942 жылы 10 шілдеде жазылған екінші хатта былай делінген: «…біз бұл арада философтардын, экономистердің, тарихшылардың жұмысын заңгерлер жұмысымен бір арнаға тоғыстыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл сөз жок, пайдалы болар еді. Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы әлі күнге бір ізге түскен жоқ, сондықтан да бұл өз алдына зерттеуді талап етеді, демек Қазақстан тарихын немесе экономикасын зерттеп жүрген тарихшы немесе экономист тарапынан заңгерге достық тұрғыдан ғылыми қолдау көрсетілмесе, ол қиындыкқа тап бола бермек. Сонымен қатар өз кезегінде заңгердің ақыл-кеңесі де тарихшылар немесе экономистерге талдауды терең
жүргізуге жәрдемдеседі деп ойлаймыз.
Мәскеу заң институты еліне кері қайтқан соң, 1943 жылы Алматы мемлекеттік институты дербес жоғары оқу орнына қайта айналды. Институтта Л.С. Фукс, С.Я. Булатов, П.И. Покарлис, М.И. Шац тәрізді профессорлар, А.Т. Бажанов,
Г.М. Маслов, В.А. Хван, П.И. Гавзе, Л.В. Дюков, В.Н. Маркелов, А.Н. Агеев, Л.В. Оленин, М.Г. Левин сияқты доценттер еңбек етті.
Соғыстан кейін Қазақстанда заң білімін беру 1946 жылы 5 қазанда СОКП ОК-інің «Елде заң білімін беруді кеңейту және жақсарту туралы» қаулысы кабылданған соң өзіндік серпін алды. Бұл қаулы студенттердің санын көбейтуге, жаңа оку жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға, құқык ғылымының деңгейін көтеру мен ғылыми-зерттеу ісін жандандыруға үлкен септігін тигізді.
1947-49 оқу жылында Алматы мемлекеттік заң институты аспирантура ашып, оған аспиранттарды қабылдауды бастады. Институт құрылған 1938 жылдан бастап жұмыс істейтіндердін ішінен он адам кандидаттык диссертация қорғады, онын ішінде М.К. Ермағамбетов, Л.В. Дюков, М.С. Сапарғалиев, В.А. Хван, М.Б. Зусман және т.б. бар. Сондай-ақ он екі адамға доцент атағы берілді. Орталық жоғары оқу орындарының аспирантурасы мен институттарына түлектерді жіберу тәжірибесі де жалғасып, ол өзін өзі ақтағанын да айтпасқа болмаса керек1955 жылы мамырда Алматы мемлекеттік зан институтын ҚазМУ-дің бес жыл мерзіммен оқитын заң факультетіне айналдыру жөнінде шешім қабылданды. Мұндай қайта құру бұрынғы құрылым бойынша мамандандырудын тар шенберде жүретіндігіне әрі оның өзі түлектер үшін тиімсіз екендігіне сүйенді, сонымен катар университетте заң факультетінің болмауы оның білім беру ісін ақсатып тастағандай еді.
Зан факультеті өзінің зерттеу тақырыптарын айтарлықтай кеңейтті. Ғылыми-зерттеу такырыптарында Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, заңдылықты нығайту мәселелері үлкен орып алды.
Осы жылдары С.С. Сартаев, А.Ж. Жақыпова, К. А. Шайбеков, К.С. Үргенішбаев, Ю.Г. Басин, К.А. Аожанов, С.Н. Савицкий, Г.Ф. Поленов, Ш.М. Мәжитов, Н.А. Жангелдин, К. Жоламанов және басқалары кандидаттық диссертацияларын қорғады. Тұңғыш заң ғылымдарының докторы елімізде С.З. Зиманов болды, ол Алматы заң институты КазМУ-дің заң факультетіне айналмас бұрын оның директоры лауазымын иеленген еді.
Қазіргі кезде университеттің заң факультеті «Кұқық және экономика» институтына айналып, заңгер кадрлар даярлаудағы бірегей жоғары оқу орындарының бірінен саналады.
1961 жылы ҚазМУ-дің заң факультетінде бірінші рет қазақ бөлімі ашылып, көп ұзамай кайта жабылып қалды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық заң білімін дамытуды дербес қолға алды, мемлекеттік заң оқу орындары-мен қатар коммерциялық заң білімін беру жүйесі де белсенді түрде дами бастады.
Республикада зангер кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру және құқыктық реформаны жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Казақ мемлекеттік заң университетінің құрылуы егеменді еліміздегі айтулы оқиға болды.
Бұл университет қазір заң білімін беру жүйесінде шоқтығы биік, жоғары оқу орны болып табылады.
Қазіргі кездегі кәсіби деңгей аталған Университетке (2000 жылдың 14 акланынан Академия) заңгерлердін жаңа толқынын дайындауда төрт факультет ашуға мүмкіндік берді, атап айтқанда, ол — халықаралық құкық және мемлекеттік
қызмет, кәсіпкерлік құқық, сот-прокурорлық және тергеу-криминалистика факультеттері болып табылады.
Академия өзінің құрылғанынан бергі жылдар ішінде Республикада заңгер кадрларды даярлауда ірі де беделді орталыққа айналып үлгерді. Бұл Академияда академик С.З. Зиманов, ¥лттық Академияның мүше-корреспонденттері М.К. Сүлейменов, Б.И. Көмеков, ғылым докторлары профессорлар Ю.Г. Басин, Н. А. Шайкенов, К.А. Жиреншин, У.С. Жекебаев, М. С. Нәрікбаев, Г.Б. Хван, Ғ.Г. Ақмамбетов, А.Г. Диденко және тағы басқа да Қазақстан юриспруденциясының марғасқалары дәріс береді.
Академияның кафедраларында 200-ден аса оқытушы еңбек етеді, бұл жоғары оқу орнының өзінің аспирантурасы, магистратурасы мен докторантурасы бар. Жеке құқық, салыстырмалы құқықтану, ислам құқығы орталығы, кыншақтану тәрізді ғылыми Орталықтар құрылған.
Академияда 20-дан астам үйірме, арнаулы салалык лабораториялар бар, соңдай-ақ студенттік клуб, театр студиясы жұмыс істейді. Оқытушылар мен студенттер өздерінін ғылыми еңбектерін «Мемлекет және құқық» журналына жариялай алады. Көптеген студенттер мен ұстаздар Сорос-Қазақстан, Фулбрайт, Айрекс және т.б. қорлардан гранттар мен стипендиясын алады. Өзара ынтымақтастық келісім шарты және «Бола-шақ^ бағдарламасы бойынша студенттер АҚШ, Англия, Фран-ция және т.б. елдерге оқуға барады. Университеттің ғалымда-ры заң шығару ісіне белсене араласып, олар ҚР Конституциясы, қылмыстық, азаматтық кодекстер және басқа да көптеген зандардың жобаларын жасауға қатысты. Университет халықаралық заң орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан, атап айтқанда, оның ішінде Құқыктың халықаралық институты (АҚШ, Вашингтон); Университеттердің халықаралық Ассоциациясы (Ұлыбритания, Лондон), РФ Үкіметі жанындағы заң және салыстырмалы құқыктану институты, ғылыми ынтымактастық институты (Германия) және тағы басқа халықаралық заң орталықтары бар.
Егемендік алған жас мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жоғары заң білімін беру маңызды саланың бірінен саналады.
Сонымен бірге заң білімін одан әрі дамыта түсуде шешімін күтетін бірқатар проблемалар бар екендігін де айтуға тиіспіз.
Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін заң білімін берудің ұлттық кешенді бағдарламасын қабылдаудың орны ерекше болмақ.
Ондай бағдарламада заң білімін Республикада жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудың құралы әрі буын мәртебесін беру қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ҚР Президенті жанынан кеңесші орган тәрізді заң білімі бойынша қоғамдық Кеңес құрылғаны жөн.
Тағы да бір маңызды мәселе, заңгер кадрларды даярлауға лицензия берудің жағдайы. Қазіргі кезде жекеменшік жоғары оқу орындарына лицензия беру ісі,
жұмсартып айтқанда, қанағаттандырмайды. Содан келіп ешқандай дайындығы жоқ заңгерлер даярлайтын жоғары оқу орындары қаптап кетіп, жоғарыдай айтқанымыздай, Республикамызда заңгер кадрларды даярлау ісін босаңсытып жіберді.
Бәрімізге мәлім, «құқықтану» мамандығы бойынша жалпы талап мемлекеттік жалпыға ортақ қалыппен бекітіледі. Біздің ойымызша, «юриспруденция»
мамандығы шеңберінде мамандану ерекшелігін айқындай түсу керек. Айталық, оны мынадай топтарға бөлуге болады:
а) мемлекеттік басқару бойынша заңгер-маман;
ә) құқық қорғау қызметі бойынша заңгер-маман;
б) халықаралық құкық бойынша заңгер-маман, одан әрі заң қызметінің нақты салаларына сәйкес мамандандыру (сот, тергеу, прокуратура, адвокатура және т.б.).
Болашақта мұндай мамандану тізбесін заңгерлерді әр түрлі салаға кәсіби даярлаудың ыңғайлы жүйесіне сәйкестендіре жасаған тиімді.
Заңгер кадрларды даярлағанда оны ТМД елдерінің қалыптасқан талабына сай етіп даярлау дұрыс. Салыстырмалы түрде айта кетелік, еуропалық жоғары оқу орындарының заң факультеттеріндегі профессорлық-ұстаздық ұжым оқу жоспарларын, оқу әдістемесін өздері реформалай отырып, Еуропа одағының кез келген елінде шын мәнінде жұмыс істей алатындай етіп заңгерлер даярлайды. Біздің мемлекетіміз үшін де ТМД аумағында жұмыс істей алатын кадрларды даярлау қажет.
Болашақта қазақстандық құқықтық білім беру бағдарламасы әдістемелік жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандык құқықтық білім беру саласын «еуропалық», «англо-американдық» жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бет бұрыс жасату мәселесін естен шығармаған жөн, дей-тұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орны ерекше.
Заң ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Әр елдің Конституциясы Заң ғылымының негізі және қайнар көзі болып табылады. Қазіргі Заң ғылымы бірқатар білім салаларына сараланған. Олар: мемлекет пен құқық теориясы, құқық және құқықтық ілімдер тарихы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, жер құқығы, су құқығы, көлік құқығы, теңіз құқығы, мемлекеттік құқық, халықаралық құқық және тағы басқа. Сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалистика, криминология, заң психологиясы, тағы басқалар қолданбалы Заң ғылымына жатады. Ал әр сала өз кезегінде мемлекеттік-құқықтық институттарға бөлінеді. Бұл институттар қоғамдық қатынастардың белгілі бір тұтас жүйесін реттейтін құқықтық нормаларды біріктіреді. Заң ғылымының нышандары заңнама (заңдар) мен құқықтық ғылымның дамуына қарай пайда болды. Құқық туралы мәліметтер ежелгі дәуірде жалпы білім жүйесіне енгізілген. Мысалы, Ежелгі Грекияда стоиктер мектептерінде шәкірттер сот шешендігіне баулынды. Бірте-бірте заң ілімі дербес ғылым пән ретінде оқшауланып, шамамен Ежелгі Рим заманында белгілі бір жүйедегі Заң ғылымы ретінде қалыптасты деуге болады.
Бастапқыда құқық білімі абыздардың артықшылығы болып саналды. Бірақ б.з.б. 254 ж. Тиберий Корунканий (плебейлерден шыққан тұңғыш мәртебелі абыз) тілек білдіруші кез келген адамға құқықты түсіндіремін деді. Б.з-дың 1 ғасырында Рим заңгері Сабин шәкірттерге мұғалімдер дәріс оқып, сұрақтарға жауап қайтаратын, айтыстар, пікірталастар өткізетін тұңғыш заң мектебін ұйымдастырды. 4–5 ғасырларда 4 жыл оқытатын осындай бірнеше мектеп болды (Римде, Константинопольде, Афинада, Александрияда, Цезареяда, Бейрутте). Шәкірттер
танымал Рим заңгерлерінің, ең алдымен, Гайдың (2 ғ.), сондай-ақ Папиниан (150–212 ж.ш.) мен Павелдің (3 ғ.) шығармаларын оқыды. 533 ж. император Юстиниан 5 жылдық білім беру курсын енгізу туралы арнаулы кодификация шығарды, ол бойынша курста Рим заңгерлерінің институцийлері, дигесталары және Юстинианның кодекстері міндетті түрде оқытылатын болды. Орта ғасырлық кезеңде арнаулы Заң ғылымы мен заң білімі болған жоқ. 10 ғасырда Павияда (Италия) құқық оқытылатын мектеп ашылды. 11 ғасырдың аяғында Болоньяда құқық мектебі құрылып, ол кейін университетке айналды, мұнда 12 ғасырдың ортасында Еуропаның әр түрлі елдерінен бірнеше мыңдаған студенттер білім алды. 12–15 ғасырларда Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің университеттерінде заң факультеттері жетекші орын алды, оларда, көбінесе Рим құқығы оқытылды. Тек 18 ғ-дың аяғынан бастап заң факултеттерінің бағдарламаларына ұлттық құқық енгізілді. Ресейде 16 ғасырдан бастап заң ілімі дербес пән ретінде оқытыла бастады. 1687 жылы құрылған Славян-грек-латын академиясында «рухани және дүниәуи құқық төрелігінен» дәріс беру көзделді. 1715 жылы Петр І-ге «Ресейде мемлекеттік кеңселердің пайдасы үшін саясат академиясын құру туралы жоба» табыс етілді. 1703–15 жылдары Мәскеуде Нарышкин училищесі жұмыс істеді, онда басқа пәндермен қатар заң ілімі мен саясаттың нышандары қамтылған этика пәні оқытылды. «Бас регламентке» сәйкес 1720 жылы юнкерлер алқасы құрылды (1763 жылы таратылды), олар іс жүзінде алқалардың жанында заң ілімін оқуға тиіс болды. 1825 жылы Ресей Ғылым академиясы құрылған кезде құқықтану кафедрасын ашу көзделді, 1726–65 жылдары академиялық университетте заң ілімі оқытылды. 1732 жылы Шляхта корпусы ашылып, оның бағдарламасына теориялық заң ілімін оқыту енгізілді. Мәскеу университетінде құқықтан дәрістер алғаш рет 1755 жылы берілді, алайда заң факультеттерінде жүйелі дәрістер мен сабақтар 1764 жылдан беріле бастады. КСРО-да заңгерлер, негізінен, 5 жыл оқытатын университеттердің және 4 жыл оқытатын институттардың заң факультеттерінде даярланды. Оқу процесі кең профильді заңгерлер даярлайтындай етіп ұйымдастырылды, мұндай заңгерлерді заң білімін талап ететін, сонымен қатар заң қызметінің белгілі бір саласы бойынша терең білімі бар заң мамандарын қажет ететін кез келген лауазымдық қызметке пайдалануға болатын еді. Сондықтан студенттерге мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы, мемлекет пен құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдердің тарихы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, ұжымшар құқығы, қаржы құқығы, қылмыстық құқық, криминология, сот құрылымы, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, халықаралық құқық, т.б пәндермен қатар әлеуметтік-экономикалық (саяси экономия, философия, СОКП тарихы, ғылыми коммунизм) пәндері де оқытылды. Студенттер мемлекеттік басқару және кеңестік құрылыс, халық
шаруашылығындағы заң қызметі, сот, прокуратура, тергеу жұмысы профильдері бойынша маманданды. ІІМ үшін маман заңгерлерді Ішкі істер академиясы, Қарулы Күштер үшін – Кеңес Армиясы Әскери институтының әскери-заң факультеті даярлады. Дамыған Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та, Канадада және басқа бірқатар елдерде заң білімі барынша кең ауқымда таралып, дәстүрлі сипатқа айналған. Заң факультеттері мемлекеттік аппараттың түрлі буындарына мамандар, жұртшылық мүдделерін қорғайтын адвокаттар даярлайды. Заң факультеттерінде социология, психология, экономика пәндері оқытылады, саясатты зерделеуге баса
назар аударылады. Заң білімі бірнеше циклді қамтиды. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Мексикада, т.б. 1-цикл – 3 жыл (оқуды бітіргендерге құқық бакалавры дәрежесі беріледі), 2-цикл 1 жыл (түлектер құқық магистрі дәрежесін алады). Кейбір университеттерде 3-ші цикл де бар, онда жоғары ғылыми даярлықтан өткізу көзделеді (құқық докторы дәрежесі беріледі). Францияда заң білімі 2 жылдық циклді қамтиды, олар: жалпы даярлық (бітірген бойда диплом беріледі) және мамандану (құқық лиценциаты атағы беріледі). Құқық докторы атағы қосымша көтеріңкі білім циклін бітіріп, диссертация жазған адамдарға беріледі. Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жеткен тек өзіне ғана тән Заң ғылымы тарихы бар. Көне замандардан бері қазақ халқы мемлекеттігін әділ шешімдерге толы қағида-заңдарымен ұстап келген. Бұл қағида-ережелерді шығарып, шыңдаушы әрі жүзеге асырушы болған, табиғи болмыс-бітімі халықпен біте қайнасқан билер – ел қамқоршысы, халық жанашыры әрі ақылшысы қызметін атқарған. Олар халықтың бойына сіңген әдет-ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісін жасады. Ұзақ дәуірлер бойы мал шаруашылығымен айналысып, Еуразия аумағында көшіп-қонып жүрген, ата-бабаларымыз рулық-тайпалық жүйені қатаң сақтады. Әрбір ру өз қандастарынан құралып, оны ру ақсақалдары басқарды. Ақсақалдың билігі шексіз еді. Ерте дәуірлерде туысқандық жақындық бірінші орынға қойылып, ондай адамдардың мақсат-мүддесі ортақ, рулық намысы күшті болған. Егер бір рудың адамын басқа бір рудың адамы өлтірсе, «қанға – қан, жанға – жан» дәстүрі қолданылған. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағида қасиетті парыз саналған. Кімнің әдет-ғұрыптық қағида-ережелері әлсіреп, тәртіптілігі нашарласа, ондай рулар тарих аренасынан өшкен, болмаса басқа руларға сіңісіп, болмыстарын жоғалтқан. Ру мүшелерінің құқықтық еркіндіктері мол болған. Олар өздерін еркін санап, өз бостандықтарын қару-жарағымен қорғаған, бес қаруын үнемі асынып жүрген. «У ішсең, руыңмен» деген жосықты ұстанып, тәні мен жаны руымен, жерімен етене болған. Осы тұста әдет-ғұрып заңының кодекстері қалыптаса бастады. Бұл кодекстің басты талабы: әрбір көшпелі бір-біріне мейірімді, досына – адал, дұшпанына – қатал, ержүрек, туысқандық сезімі терең, қонақжай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, әлсізге қол ұшын беруге даяр, кім болса да лауазым-билігіне қарамай шындықты айтатын, күштілер алдында қалтырамайтын, намысы мен арын аяққа таптатпайтын, руының намысын қорғаушы, сол жолда жанын пида етуші жан болуға борыштылығы. Сөйтіп, руластардың мақсат-мүддесі, көші-қоны ғана ортақ емес, сонымен бірге намыстары да ортақ, еліне, жұртына келетін жақсылық пен ұят та ортақ болды. Кейін құралған тайпалық одақтастық, мемлекеттілік кезінде де бұл қасиеттер сақталды. Ертедегі заңдарды «ата-баба жолы», «жөн-жосық» деп атаған. Ең
күрделі даулар бетпе-бет жағдайда, өз жөн-жосығымен, өз рет-жолымен шешілген. Ата-баба заңдарын ақылды да білімді, өнерлі де өнегелі билер, ғұламалар, жыраулар, ел көсемдері шығарып отырған. Бұл заң-ережелер түркі халқының мәдениетін, тәртіптілігін дамытып, өркендетуге зор үлес қосқан. Олардан қалған шешендік сөз «үлгілі сөз», «аталы сөз», «нұсқалы сөз» аталып, кейінгі ұрпақтарына жол көрсеткіш үлгі рөлін атқарды. Заманаға қарай құқықтық салт-дәстүрлер бірде дамып, бірде кенже қалып отырды. Көне замандардағы өрлеу мен құлдырау бізге беймәлім. Тек Елжау би, Нән би, Тоныкөк, Оңқай би, Аяз би, Төбе би, Майқы би айтқан тағылымды билік сөздері ғана бізге еміс-еміс жеткен. Кейінгі
Әбу Наср әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Қорқыт ата, Жиренше шешен, Асан Қайғылар, бертінгі төбе би атанған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би де ежелгі гректің әйгілі Цицерон, Динарх, Гегесид, Исай, Сократ, Исократ, Эсхил секілді заңгер шешендерінен кем түспейді. Бұлар «әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады» деп, ел ынтымағын, бірлікті, халық тыныштығын, қоғамдық тұрақтылықты ту етіп ұстаған. Ел ішіндегі дау-дамайды әділеттікпен шешіп, хан деп, қара деп алаламай, бай деп асқақтатпай, кедей деп кемсітпей, ар-ождан, адамгершілік пен имандылықты бәрінен де жоғары қойған. Байлық пен билікті өткінші деп санаған. Сол үшін олар шығарған заңдар, қағида-ережелер халыққа жақын да түсінікті әрі мемл. биліктің кең тараған тармағы болды. Әрине, бұған халықтың мақсат-мүддесінің, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының тұтас, біте қайнасқан бірегейлігі де күшті әсер етті. Сот ісін жүргізу сөз өнерінсіз өтпеген. Өйткені сөз жамандықтан жирендіреді, ақымаққа ақыл кіргізеді, ұятсыздың ұятын оятады, жылағанды жұбатады, асып-тасқанды басады, көзсізге көз береді. Билеріміз: «Соттасу, бет жыртысу әшейін нәрсе, адам тек ар сотына түспесін», – деген. Оның үстіне сот ісі ашық, жариялы түрде, жиылған халық алдында ауызекі түрде өткізілген. Сондықтан уәжге, сөзге тоқтау басты қағидат болған. Өйткені халқымызда ар тазалығы, имандылық, адалдық, ұят, намыс, ата-баба аруағы, мәрттік, сөзге тоқтау нағыз адамдық қадір-қасиет ретінде бағаланған. Ал заңгерлер (билер) арнайы оқу орындарында даярланбаған, бірақ олар қара қылды қақ жарған әділ билер ретінде танылып, халық сүйіспеншілігіне бөленді. Әз Жәнібек, Қасым хан, Есім хан, Әз Тәуке хан өз биліктері тұсында мемлекетті нығайтатын ірі-ірі заңдар қабылдаған. Бұл заңдар мұсылмандық шариғат заңдары ауқымын кеңейтті. Сөйтіп, түркілік дәуірге дейінгі кезеңде көшпелілердің өмір сүру кепіліне айналған, адамгершілік пен әділдік, адалдық пен мәрттік болмысының тұғыры болған тәңірілік сенімі мен өмір салты ислам діні таралған дәуірлерде шариғат заңдарына кереғар келмей, бір-бірімен кірігіп, біте қайнасып, сомдана, салмақтана, райлана түсті. Рас, қазақ халқы ежелден келе жатқан өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалды. Қайта бұл ерекшеліктер (жеті атаға дейін қыз алыспау, әруаққа сену, әмеңгерлік, т.б.) исламның және оның шариғат заңдарының, мәнін тереңдете түсті. Бұл заң-қағидалар әдет-ғұрып заңдары деп аталып, 20 ғасырға дейін қолданыста болды. Патшалық Ресей өз боданы – Қазақстанда, Заң ғылымын зерттейтін ғылыми-зерттеу мекемелерін айтпағанның өзінде, бірде-бір оқу орындарын ашпады. Тек 19 ғасырдың 90-жылдары қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу және Қазан университеттерінің заң факультеттерін бітірді. Олардың қатарында Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев, М.Шоқай, т.б.
бар. Жоғары заң білімін алған бұл қазақ зиялылары өздерін Ресейдің саяси өмірінде қазақ халқының мүдделерін қорғаған белсенді қайраткерлер ретінде таныта білді. Сондай-ақ осындай заң білімін алған зиялы қазақтардың бірқатары ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен құқықтық салт-дәстүрлерін сипаттады. Бірақ ол кезде қазақтың әдет-ғұрып заңдары мен тұрмыстық салт-дәстүрлеріне мүлде мән берілмеді. Кеңес дәуірінде де Заң ғылымының негізгі салалары – азаматтық, қылмыстық, сот құқықтары орыстық жүйемен қалыптастырылды. Әдет-ғұрып заңдарына күйе жағылып, олардың сан ғасырлар бойы қазақ қоғамына қызмет етіп келгені ескерілмей, қайта ескіліктің сарқыншақтары деген желеумен тәрік етілді. Сөйтіп, Қазақстандағы Заң ғылымы тамырынан ажыратылып, батыстық жүйеге
көшті. Батыстық жүйе қазақ халқы үшін пайдалы ма, жоқ па, ол жағын зерделеген ешкім болмады. Дегенмен, батыстық үрдісте даму сипатына қарамастан заң ілімін, заң құрылысын жете танып, зерделейтін отандық ғылым қалыптаса бастады. Отандық Заң ғылымы, негізінен, кеңестік сипатта жүйеленді. Қазақстанда кеңестік дәуірде Заң ғылымының негізгі салалары – азаматтық, қылмыстық және сот құқықтары қалыптасып дамыды. Оның үстіне мүлде жаңа құқықтық салалар пайда болды. Олар: жер, су, орман, кен, табиғат қорғау, еңбек, еңбекпен түзеу, тұрғын үй, шаруашылық, мемлекеттілік, әкімшілік, ұжымшар, кеңшар, көлік құқықтары. 1926 жылы Қызылорда қаласында (республиканың сол кездегі астанасы) заң мамандарын даярлайтын тұрақты курс ашылып, ол кейін екі жылдық заң мектебіне айналды. 1934 жылдың басында Алматыда Кеңес құрылысы институты ашылды. Бұл Қазақстандағы заң білімінің дамуына жол ашқан кеңестік тұңғыш жоғары оқу орны еді. 1938 жылы осы институттың негізінде құрылған Заң институты 1955 жылы ҚазМУ-дың құрамына заң факультеті болып енді. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде республикада екінші болып заң факультеті ашылды. Бұл оқу орындарында мыңдаған жоғары білімді заң мамандары даярланды. Республикада заң саласындағы алғашқы ғылыми-зерттеу мекемесі – КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі құрамындағы философия және құқық секторы 1945 жылы құрылды, ол 1958 жылы Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтына айналды (қазіргі Философия және саясаттану институты). Ғылым кандидаттары мен докторлары, негізінен, Мәскеу, Ленинград қалаларында даярланды. Кейін Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында, ҚазМУ-дың заң факультетінде ғылыми кеңестер ашылып, кандидаттық, докт. дисс-лар қорғалып, ғылыми дәрежелер беріле бастады. Қазақ оқымыстылары С.Зиманов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, С.Сартаев, т.б. Заң ғылымының түрлі салалары бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, монографиялық еңбектер жазды. Қазіргі кезде Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, Сапарғалиев, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, І.Халықов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәлі, С.Өзбекұлы, А.Ибраева, т.б. ғыл. докторлары заң ғылымының әр түрлі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, құқықтануға айтарлықтай үлес қосты. Сөйтіп, кеңестік дәуірде Қазақстанда заң ілімінің барлық саласы бойынша дерлік беделді, дербес ғылымы мектеп қалыптасты. 1991 ж. Мемлекет және құқық институты құрылды, ол ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2000 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ мемлекеттік заң академиясының ғылыми-құрылымдық бөлімшесіне айналды. Институт Қазақстан Республикасындағы құқықтық ғылымы саласындағы іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін басты ұйымға айналды, ол елімізде азаматтық қоғам қалыптасуының, құқықтық мемлекет құрудың теориялық, ғылыми-методологиялық және қолданбалы қырларын зерттеуге ұйтқы болып, Қазақстанның заңгер оқымыстыларын осы іске жұмылдырып отыр. Сондай-ақ 1995 жылы құрылған Қазақ академиялық университеті де Қазақстанда Заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосуда. Қазақстанда білім мен ғылым саласындағы реформаларға сәйкес жаңа мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының ашылуы, оларда заң факультеттерінің құрылуы, арнаулы (әскери, т.б.) құқықтық оқу орындарының ұйымдастырылуы да Заң ғылымы мен білімінің дамуына айтарлықтай серпін берді.
Тағы рефераттар
- Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы
- Ежелгі Грек философиясы
- Кассалық операцияны жүргізу тәртібі
- Абылай хан
- Юань моңғолдық династиясы эпохасының әдебиеті