Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары туралы қазақша реферат
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеунің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасыу мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай атап көрсетті: «….барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
- Егемен мемлекетті құру;
- Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
- Адам тамақтауының ғылыми негізделген нормалары;
- Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
- Табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
- Аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
- Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан обьективті және қатаң түрде талданды.
Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Бұл бағдарламаның орындалуы Республика аграөнеркәсіптік өндірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:
- Материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
- Меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;
- Шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;
- Нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.
Ішкі көзердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніңдегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
- Меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өңдірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу;
- Агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетельдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру;
- Тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдалығы, баға коньюнктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;
- Агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:
- Республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок коньюнктурасына сәйкестендірілуі;
- Ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
- Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;
- Қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;
- Экономиканың көпукладты және жекменшіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодлағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
- агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметінің бағыттары мен формалары
Нарықтық экономика жағдайында шетелдік мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жаңғырту міндетті түрдегі шарт ретінде экономикалық және құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, мемлекеттік реттеудің тиімділігін бір мезгілде қамтамасыз етумен қатар сыртқы экономикалық қызметті орталықсыздандыру мен демонополизациялауды талап етеді.
Өкінішке орай, жақын болашақта шетелге өнім шығарудың негізгі түрлері астық, мақта-мата, ет, жүн, қаракөл елтірісі, тері және тондық былғары шикізаттары болып қала бермек.Алайда, алыс болашақта шетелге дайын өнім шығаруға бағдарлану қажет. Бұл үшін бәсекеге түсе алатындай өнім шығаруға қабілетті алдыңғы қатарлы технологияның негізінде өндеу өнеркәсібін дамыту керек.
Ең маңызды міндеттердің бірі Республиканың сыртқы саудасының жалпы көлемінің 75 пайызынан астамын құраған бұрынғы әріптестер – ТМД және бұрынғы Өзара Экономикалық Көмек Кеңесі елдерімен сауда және өндірістік қатынастарды қалпына келтіру болып табылады. Сондай – ақ Түркия, Германия, АҚШ, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың зор келешегі бар. Тайвань, Оңтүстік Корея, Гонконг, АСЕАИ және Латын Америкасының бірнеше елдерімен байланыс орнату біз үшін тиімді болмақ. (17)
Сыртқы экономикалық қызметті төмендегідей негізгі бағыттарда дамыту ұсынылады:
- Республикада жеткілікті жағдайда өндірілуі мүмкін (астық, оның ішінде жүгері, жарманың кейбір түрлері, қалбырланған жем, өсімдік майы, қант ауыстырушылар, көкніс қалбырларының кейбір түрлері және т.б.) тауарларды шетелге шығару;
- Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдейтін тиімді технологиялар, сондай-ақ техникалық құрал-жабдықтардың жекелеген түрлерінің артықшылықтарын еске ала отырып, шетелден сатып алынатын тауарлардың негізделген номенклатурасын анықтау;
- Шетелге шығарылатын өндірісті (ұн-жарма, тері, былғары, ет қалбыры, жеміс шырыны және басқалар) дамыту үшін өндірістік база құру. Бұл қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын конверсиялау, шетелдік капитал мен технологияны тарту негізінде мүмкін болады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді жүргізу әр түрлі тәсілде көрінеді. ТМД-ның кейбір елдерімен ұн, макарон, құрама жем, ет және ет өнімдерін, тері, қой терісін және басқаларды өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Бірлескен бизнес үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру немесе мал бағуға қолайлы арнаулы жер аумақтар, ауыл шаруашылығы тауарларын жеңілдетілген валюталық-қаржылық және салықтық тәртіппен сатып алу және сату аймақтары құрылуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан мен басқа елдердің кәсіпорындары мен ұйымдарының арасында тікелей өндірістік және сауда байланыстарын кеңінен дамытудың қажеттілігі туып отыр.
Салықтық және басқалай жеңілдіктері бар шетелдік тамақ компаниялары мен фирмаларына сырттан тауар әкелуші кәсіпорын мәртебесін беру де болашағы зор бағыт болмақ. Бұл өңдеу өнеркәсібінде біріккен кәсіпорындар құру үшін үлкен ынталандыру болып табылады. Бұл жерде тамақ өнімдерін шығарумен қатар қазіргі заманғы шетелдік технологияны жол ашылады.
Сыртқы экономикалық байланыстарға сыртқы сауда операцияларына мамандандырылған мемлекеттік мекемелер арқылы жүзеге асырған әлдеқайда тиімді болады. Мұның өзі сыртқы асуданы барынша білікті жүргізуге, біздің қатысушыларымыздың әлемдік коньюнктура мен халықаралық сауданы жүргізу ережелерін білмеуінің нәтижесінде туындайтын тауарлық және валюталық ысырапқа жол бермеуге мүмкіндік жасайды.
Сыртқы экономикалық қызметті күшейту үшін тиісті инфрақұрылымды (қаржылық рынок және қамсыздандыру ісі, банк жүйесі, транспорт, байланыс) дамыту және бухгалтер, маркетолг, салық инспекторлары, банк қызметкерлері және халықаралық экономикалық жүйелер жөніндегі маман кадрларды дайындау қажет. Тиісті ақпараттық қызмет құру және дүние жүзіндегі ақпарат көздеріне жол ашуды қамтамасыз ету ерекше мәнге ие болады. Бұған қоса, сыртқы экономикалық қызметтің лицензиялық және құқықтық негізі жөніндегі жаңа заң және нормативтік актілер жасау және қабылдаудың айрықша қажеттіліг туады.
Тағы рефераттар
- Халықаралық қонақ үй ісіндегі басқару қызметі
- Технология сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бойында шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу мәселелері
- Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің кейбір мәселелері
- Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
- Аймақтық-таратылған желілер