Қазақстанның биологиялық ресурстары туралы қазақша реферат
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400 — ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 — ден аса түрі кездеседі.
Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 , балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан және тағы басқалар кездеседі.
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен ( оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық – географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төоттік дәірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы — сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің 10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды , қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы — орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман — жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең еөп залал келтіретін тілсіз жау — өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Тағы рефераттар
- Қазақстан кемелденген социализм кезінде (1971 –1985 жылдар)
- Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы
- Әлеуметтіктік қызметкердің этикет проблемaсынa ғылыми көзқaрaстaрды тaлдaуы
- Актиномицеттердің жалпы сипаттамасы курстық жұмыс
- Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері