Қазақстанның экспортына талдау туралы қазақша реферат

Соңғы он жылда Қазақстанда болған экономикалық қайта құрулар өзінің нәтижелерін беруде. Жаңа жүз жылдықтың басталуымен экономикалық өсім сәйкес келіп, еліміз жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың жемісін көре бастады.

Егер де 1993-2001жылдар аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте (ақырындап) өсу теңденциясын байқаймыз. Бұл жағдайда экспорт пен импорттың құрамы сыртқы тауар рыногының жағдаяты деңгейінің маңызды индикаторы ретінде табылады. Сонымен қатар сыртқы сауданың жағымды сальдосы 1995 жылы бастап сақталынып, 2000 жылы 4,1млрд. долларды құрап өзінің шырқау шегіне жетті (4-кестені қараңыз).

Кесте 4.

1993-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы саудасының  динамикасы.                                       

1993

1994

1995

1996

1997

Тауар айналымы

6963

6802

12856

10152

10798

Экспорт

3277

3241

5250

5911

6497

Импорт

3686

3561

3806

4241

4301

Сальдо

-409

-320

1194

1670

2196

 

1998

1999

2000

2001

2002

2003

Тауар айналымы

9786

9279

14177

15010

16199

21226

Экспорт

5436

5592

9126

8647

9709

12900

Импорт

4350

3687

5051

6363

6490

8326

Сальдо

1086

1905

4075

2384

3219

4574

 Америка Құрама Штаттар экономикасындағы рецессияның салдарынан әлем нарықтарында баға жағдаятының біршама төмендеуіне қарамастан, Жапониядағы және Еуроаймақта өсімнің баяулауы жалғасып жатқан 2001 жылы Қазақстанда соңғы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынына жетудің сәті түсті. Жалпы ішкі өнім нақты өсімі алғаш рет 13,2% құрады. Бұл өсім өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы өндіріс өсімінің жоғарғы қарқындарының есебінен қамтамасыз етілді.

Байланыс қызметінің көлемі 38,5% өсіп, бөлшектік тауар айналымының көлемі 14,2% жетті.

Өндірістің айтарлықтай өсуі тау-кен өндірісінде (17%) және өңдеу өнеркәсібінде (14%) байқалды. Мұнай мен газ өндірудің көлемінің ұлғаюы көмірсутегі шикізатының экспортынан түсетін кірісті былтырғы жылдың деңгейінде сақтап тұруға, ал дайын өнімді өндірудің ішкі өндірісінің дамуы тұтыну нарығының өсуі жағдайында импорттың көбеюін тежеді.

Соңғы екі жылда Қазақстанда мемлекет импорт алмастыру саясатын белсенді жүргізді, нәтижесінде отандық кәсіпорындар барлық қуатымен жұмыс істеп, жаңа жұмыс орындары пайда болып, экономиканың нақты бір секторында іскерлік белсенділіктің артуын қамтамасыз етті. Қолда бар және жаңадан пайда болып жатқан салаларды қорғай отырып, мемлекет отандық өндірушілерге өнімдердің саласын арттырып, сыртқы рынокқа  шығуына жағдай жасап, сөйтіп еліміздің экспортық потенциалын кеңейтуде.

Мемлекет тарапынан жәрдемнің берілуі тамақ және жеңіл өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының өнімдерін өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпалын тигізді. Алайда сырқы сауданың нашар дамыған инфрақұрылымын бәсекеге қабілетті өнімдерді таяу және алыс шетелдердерге шығару және маркетингтің, заманға сай тәсілдерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін шектейді.

Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек Қазақстанның  2001 жылы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6% артып, 15млрд. Америка Құрама Штаттар долларын құрады сауда балансының жағымды балансы 2,4 млрд. долларды құрады.

Ал тәуелсіздігіміздің өткен 10 жылындағы экспортымыздың құрылымына келетін болсақ, экономикамыздың шикізатқа бағытталуының күшейгенін және экспорттың тауарлардың шектелген бір тобына шоғырланғанын байқауға болады. Әлемдік рыноктағы негізгі экспорттық позициялар бұрынғысынша шикізат, мұнай, металл мен астық болып отыр.

2001 жылы минералды өнімдер, жалпы экспорттың 82,5%; азық-түлік тауарлары және оларды өндіруге арналған шикізаттар 5,2%; химия өндірісі өнімдері 4,8%; асыл және жартылай асыл тастар, асыл металлдар 3,1% құрап экспортың бағытталуы сақталды.

Астықты экспорттау көлемінің айтарлықтай қысқаруына, егіннің аз жиналуы және Ресей Федерациясы жағынан сұраныстың төмендеуі әсерін тигізді.

2001 жылы импорттық тауарлардың құрамының 28,5% машина мен              құрал-жабдықтар, электротехникалық құрал жабдықтар; 9,7% көлік құралдары; 14% пластмасса мен каучукты қосып алғандағы химиялық өнімдер; 14,3% минералдық өнімдер құрады.

2001 жылы жалпы экономикалық өсімге жағымды әсер еткен негізгі факторларды да айта кеткеніміз жөн болады.

─   еліміздегі берік саяси тұрақтылық;

─   жекелеген тауар рыноктарындағы әлемдік бағаның тиімді жағдаяты мен қолайлы  инвестициялық климат;

─   жеке кәсіпкерліктің жаппай дамыуы, импорт алмастыру саясаты мен отандық тауар өндірушілердің бәсекелік артықшылықтарының артуы;

─   халықтың өмір сүру деңгейінің жақсару нәтижесінде ішкі сұраныстың артуы;

─   Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдеріне қарағанда экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны;

Қазіргі әлемдік экономикада елдердің минералды-шикізат саясаты негізгі төрт экспорттық, импорттық, изоляциялық, теңестірілген моделге негізделген. Импорттық саясатты Америка Құрама Штаттары, Жапония және тағы басқалар дамыған елдер, изоляциялық саясатты Оңтүстік Африка Республикасы, бұрынғы Кеңес социалистік республикалар одағы, Қытай, ал теңестірілген саясатты Канада, Австралия, Норвегия ұстанады. Осылардың ішіндегі экспорттық моделді қарастырсақ. Бұл модель жағдайында өндіруі басқа елдерге қарағанда бәсекеге қабілетті шикізат базасы сыртқы рыноктың мүддесі үшін пайдаланылады және бұл экономиканы минералды шикізат ресурстарының әлемдік бағасының кез-келген ауытқуына тәуелді етеді.[16]

Таяу жылдарда Қазақстанның болашағы ірі мұнай-газ кеніштерін зерттеп, игерумен байланысты өте зор. Осы себептен де отандық эканомиканы дамытудың жақсы бір мүмкіншілігі туып тұр.

Сыртқы сауданың географиялық бөлінуі де маңызды рөл атқарады. Экспорттағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үлесі 2000 жылы 26,5%-тан, 2001жылы 30,4 % артқан, керісінше импорттағы үлесі кеміген . Ал 2002жылы қаңтар-сәуір айларындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының экспорттағы үлесі 27 %, импорттағы үлесі 47,4%, ал осы көрсеткіш 2001жылы сәйкесінше 31,8% және 55,6% құраған.

Экспорттың айтарлықтай үлесі оффшорлық аймақтарға бағытталған. Мысалға: 2001жылы олардың үлесіне 19% тиген. Бермуд және Виргин аралдарының Қазақстан Республикасының экспортындағы үлесі олардың экономикалық потенциалына сай келмейді. 1998-2001жылдары Бермуд аралы тұтас экспорттың     12 % тұтынған, ал мысалға сол кездегі  Ұлыбританияның үлесі 4,2% құраған. Қазақстанның мұнай жеткізушілері еліміздің теңіз портының алыстығынан, сәйкес жүк кеден декларациясын толтырып, Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін, оффшорлық аймақтарда орналасқан еншілес кәсіпорындардың делдалдың көмегін пайдалануға мәжбүр болып отыр. Бермуд және Виргин   аралдары Қазақстаннан жасанды түрдегі төмен бағамен экспортталып келген шикізатты әрі қарай қайта сататын оффшорлық аймақтар ретінде танылып отыр. Экспорттаушылардың осындай қызметін мемлекеттік органдармен реттеуге мүмкіндік болмай тұр. Ал бұл жағдай экспорттың шикізатқа бағытталуын сақтап қана қоймай, трансферттік бағаларды пайдалану салдарынан Қазақстанның тікелей экономикалық қауіпсіздігіне қауіп тудырады.[32] 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің рыногы.Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, жаңа тәуелсіз мемлекеттер екі бағытты таңдады: біріншісі – бұл өздерінің шикізат ресурстарындағы кемістікті барынша алып тастау, екінші — бұл әлемдік рынокқа қайта бағытталу.

Бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әріптес елдері арасындағы қатынас олардың өздерінің ұлттық мүдделерін есепке алып жүргізіп жатқан экономикалық саясатын өзара сыйлау қағидасына құрылған. Осылай бола тұра Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері жағынан сауда режимдерін унификациалауға деген ерекше талпыныстар байқалмайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шегіндегі Қазақстанның тауар айналымы негізінен Ресей мен  2-3 көрші елдермен ғана шектеледі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шегіндегі экономикалық интеграцияның деңгейін жеткіліксіз және нақты байыпты түзетуді қажет етеді деп бағалауға болады. Осылайша, ол ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне жауап бермейді.

Сонымен қатар жаңа елдерге тән жаңа тенденцияны, яғни алыс шетелдердің рыноктарына бағытталуын айта кеткеніміз жөн. Егер 90-шы жылдың басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерімен арадағы тауар айналымы 69%; алыс шетелмен 31% құраса, 1997 жылдан бастап алыс шетелдермен  сыртқы сауда байланыстарымызды дамытуға бағытталды. Осындай сыртқы сауда легінің қайта бағытталуы көп жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдеріне келетін экономикалық пайдаға байланысты.

2001жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экспорттық-импорттық операцияларының динамикасы әлемдік рыноктағы ахуалдардың даму тенденциясын бейнелейді. Энергоресурстардың әлемдік рыногының жағдаятының әлсіреуі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің сауда  операцияларының әсіресе экспорттың өсу қарқынын тежеді. Егер 2000 жылы экспорттың құндық көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 39%, импорт 15% өссе, 2001жылы қаңтар-қараша айларында осы көрсеткіштер сәйкесінше 1% және 16% құраған.[33]

2001жылдың 11-айындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жалпы экспортының көлемі 131млрд. Америка Құрама Штаттары долларына импорт 73 млрд. долларға бағаланды. Бұл 2000 жылы кезеңіндегіден сәйкесінше 2 млрд. және 10 млрд. көп.

Егер 1994-1998 жылдары Ресейге жіберілген Қазақстан экспортының жыл сайынғы үлесі 39,3%, ал Ресейдің импорттағы үлесі 45,2% құраса, 90-шы жылдың екінші жартысынан бастап Еуропа елдерінің Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 75%, оның ішінде Еуропа Одақ елдерінің үлесі 30% құраған. 2001 жылы Ресейге кеткен экспорт 20,2%, ал Еуропа мен Еуроаймаққа сәйкесінше 31% және 19,8% құраған.
Тағы рефераттар