Қазақстанның еңбек ресурстары туралы қазақша реферат
Стратегияны iске асыру оны өнеркәсiптiк өндiрiстi инновациялық даму талабына сай барабар әрекет ететiн жоғарғы бiлiктi кәсiби мамандармен қамтамасыз етуге тiкелей тәуелдi. Бұл ғылыми, инженерлiк-техникалық, ғалым-конструктор мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бiрдей қатысты болады.
Бұл мiндеттi шешу үшiн өнеркәсiптi қарқынды дамыту және жоғарғы технологиялар жағдайындағы жұмысқа қажеттi түрлi кәсiптердiң мамандарын даярлаудың арнаулы стратегиясы әзiрленедi.
Стратегияда тiкелей қозғалатын басқа да маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблема жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қосылған құны жоғары өңдеушi өнеркәсiп салаларын жеделдете дамыту, бiр жағынан жұмыспен қамтудың өсуiне және жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуына алып келедi, ал екiншi жағынан инновациялық даму жекеленген салаларда, әсiресе бiлiктiлiгi тө мен жұмысшыларды жұмыспен қамтудың тө мендеуiне әкеп соғады. Соңғы проблема жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуы мен өңiраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебiнен жеңiлдейтiн болады. Бұл кадрларды, оның iшiнде жұмысшы мамандарын кәсiби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңiрлердегi еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық блок, өндiрiстiк инфрақұрылымды және т.б. дамытудың жекеше жүйесi арқылы да жүзеге асыруды талап етедi.
Бүгiнде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуi айтарлықтай салмақ түсiрiп отыр.
Компанияларда мынадай таңдау мүмкiндiктерi бар:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шеңберiнде шетел мамандарын тарту немесе;
сондай бiлiктiлiгi бар жергiлiктi кадрларды, бiршама тө мен деңгейдегi еңбекақыға тарту. Стратегияны iске асырудың екiншi кезеңiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi шетел жұмысшы күшiн тартудың тетiктерiн жетiлдiру туралы мәселенi қарайды.
Бiлiм берудi дамыту және кадрлар даярлау
Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып табылады. Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн басты «отты нҮктелердiң» бiрi болып отыр. Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым саясаты етiп алды.
«Ақыл-ойдың сыртқа кетуi» бұрынғы коммунистiк елдердiң экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды.
Қазiргi жағдайда экономикалық өсу ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi кезекте, еңбек ресурстарының кәсiби сапасымен теңестiрiледi.
Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi ырғақты дамитын ғаламдану мен ақпараттанудың қарқынды әлемдiк процестерiне барабар әрекет етуге қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi реформалау және еңбек ресурстарын дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк саясат кәсiптiк техникалық бiлiм беру және инновациялық менеджмент бөлiгiнде де қажет.
Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердiң тәжiрибесiн жұмыс берушiлермен тығыз қарым-қатынас негiзiнде жүзеге асырылатын болады. Кейбiр елдерде, мысалы Германияда бизнестiң барлық субъектiлерi жұмыс күшiне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың мүшелерi болуға мiндеттi. Мұндай ұйымдардың әр мүшесi өзiнiң жарнасын төлеуi тиiс әрi өзiне қажет жұмысшы кадрлардың кәсiптерiне өтiнiм бере алады.
Шетелдiк тәжiрибе көрсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары бiлiмдi талап етедi.
Бiлiм беру процесiн реформалау өтпелi және кәсiптiк кадрларды даярлаудың барлық деңгейi мен бағытын қамтуы тиiс.
Бiлiм беру мен кәсiби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттiк саясат мына мiндеттердi шешуi тиiс:
— бiлiм берудi дамыту басымдықтарының бiрi ретiнде инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлауды айқындау;
— мемлекеттiң және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсiптiк даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерiмен айналысатын институттарды құру;
— бiлiм берудiң барлық түрлерiнiң материалдық-техникалық және әдiстемелiк базасын ұлғайту;
— халықаралық стандарттарға сай келетiн бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу мен енгiзу;
— құрылатын жаңа өндiрiстер мен басқалары үшiн жоғарғы бiлiктi мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндiрiстерiндегi жұмыс үшiн даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
жоғары технологиялы өндiрiстер саласында кадрларды даярлау үшiн жаңа жоғары оқу орындарын (халықаралық тәжiрибе негiзiнде) құру немесе жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейiмдеу;
Республикада инновациялық қызметтi дамыту үшiн: инновациялық жобалардың менеджерлерi мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелiн бағалау және оны азайту тәсiлдерi бойынша, венчурлiк қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажеттi мамандықтар бойынша даярлау.
Денсаулық сақтауды дамыту
Халықтың денсаулық жағдайы кез келген елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму деңгейiн айқындайды. Денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты өсу тұрғысынан елдегi негiзгi және басым сала болып табылады.
Стратегия аясында денсаулық сақтау саласының негiзгi мiндетi өзiндiк ғылыми және инновациялық әлеуеттi құру және дамыту болып айқындалады.
Осыған орай деңгейлерге жету жаңа және қол жеткен деңгейлердi бекемдеу үшiн отандық және әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесiн серпiндi дамыту үшiн жағдай жасау қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат оның мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк және құқықтық қолдау кешендi шараларын әзiрлеу мен жүзеге асыру денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты дәстүрлi бағыттармен қатар, денсаулық сақтау халықтың медициналық кө мекке қол жеткiзуiн арттыра түсетiн, ресурстарды сақтайтын, экономикалық тиiмдi әдiстерге баса назар аудара отырып, диагностика мен емдеудiң клиникалық хаттамасын қолдануды қоса алғанда, қазiргi заманғы медициналық технологияны енгiзуге бағдарланатын болады.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың басқа бағыттары мыналар:
— денсаулық сақтаудың қызметтерiнiң бәсекеге қабiлетiн арттыру, отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнiң негiзiнде дәрi-дәрмектер өндiрiсi дамуының басымдығын қамтамасыз ету;
— жаңа дәрi-дәрмектер, оның iшiнде әлеуметтiк маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеудiң отандық әзiрлемелерiне қолдау көрсету;
— денсаулық сақтауда қазiргi заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды дамыту;
— денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Тағы рефераттар
- Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
- Абай шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі орны
- Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
- Логикалық программалау курстық жұмыс
- Кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер