Ғарыш алаңы, космодром — ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады.
Қазақстанның ғарыш алаңы.
Байқоңыр десе алдымен ойға орналатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып космодромнан ұшқан небір ерлер және олардың аңызға айналған жетістіктері. Бұл жөнінде талай айтылып та, жазылып та жүр.
Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында Төретам станциясынан 18-20 км қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шаршы км жерді алып жатыр.
Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескеріледі.
Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаламыздың құрылысы Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы 10 сәуірде келді.
Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет экспериментальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Сәтсіз ұшырылу себебі: 1 сатының 4 блогінің біреуінде өрт басталды.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток » ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды
Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс», ғарыш кемелері, «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метоер», т.б. Жердің жасанды серіктері ұшырылды.
Ғарыш бағдарламасы мен әскери зымыран комплекстерінің сынақ бағдарламасы ғарыш айлағының дамуымен қатар қаланың дамуы қатар жүргізілді.
Байқоңыр қаласы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам теміржол стансиясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдеуінде орналасқан. Байқоңыр қаласының алып жатқан ауданы 50 км2. Қаланың тұрғыны 1960 жылы 40 мыңға, 1975 жылы 74 мыңға жетті. Ал қазіргі кезде 2005 жылғы санақ бойынша, қала тұрғындары шамамен 68 мың адамды құрайды. Қаланың көп бөлігін қазақтар құрайды.
1955 жылы 5 мамырда қаланың ең бірінші ғимараты-әскери құрылысшылардың штабы салынды. 1955 жылы 2 маусым қала мен ғарыш айлағының туылған күні болып жарияланды. Бұл шешім қорғаныс министрінің бұйрығымен 1960 жылы 3 тамызда қабылданды.
Құрылысы (ол кезде « Зрая » посёлкасы) қазіргі ГДК жанынан басталды. Алғашқы көшелері – Набережная, Школьная, Пионерская, № 30 мектеп (№1) салынды. Тұрғын үйлер – 3 қабатты, черепицамен жабылған, жергілікті климатқа сай салынды. Климатына тоқталатын болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температупрасы -11о С, кейбір күндері -35о С-қа төмендейді; шілдеде 26о С, кейбір күндері 45о С-қа дейін көтеріледі. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Бірнеше мың га жерді алып қала ұзақ жыл бойына « Аса құпия » нысан болып саналады.
1991 жылы 2 қазан Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған бұл күні ғарышқа тұңғыш қазақ ғарышкері КСРО батыры Тоқтар Әубәкіров ұшты. Осы ұшырылым барысында республиканың бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асты.
Ресейлік ғарышкер Александр Волков, австриялық тұңғыш ғарышкер Фрац Фибек және тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров құраған халықаралық ғарыш экипажының «Мир» ғарыш станциясына ұшқан сапарына ТМД мемлекеттерінің басшылары басқа да шет елдерден жүздеген ресми қонақтар Ел басының шақыруымен келіп куә болды.
«Байқоңыр» космодромын сақтап қалуда Қазақстан Респуликасының Ұлттық Аэроғарыштық Агенттігі сүбелі үлес қосты. 1993 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақ ССР-ның ғарыш зерттеу Агенттігі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Аэроғарыш Агенттігі болып қайта құрылды. Агенттіктің бас директоры болып қазақтың тұңғыш ғарышкері «Халық Қаһарманы Т. Әубәкіров» тағайындалды. Ал Байқоңырдағы ҰАҒА басқармасының басшысы болып Мейірбек Молдабеков тағайындалды.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан мен Ресей елдерінің Президенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен негіздері туралы мемлекетаралық Келісімге қол қойылып, ғарыш кешенін жалға беру шешімі бекітілді.
Осы шешімнің тарихи маңызын Қазақстан мен Ресей, Байқоңыр ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және интеллектуалды мүмкіншілігін сақтап және ғарыштық зерттеулердің екі мемлекеттің де иелігіне жаратуды меңзеп, 1994 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі «Байқоңыр ғарыш кешенін жалға беру» туралы Шартын жасасты, шарттық мерзімі 20 жыл және 10 жылға созу мүмкіншілігі бар екені белгіленеді. Екі жақтың қарым-қатынасын реттейтін Байқоңыр ғарыш кешені жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды.
Өткен уақыт осы шешімнің дұрыстығын дәлелдеді. Ресей мемлекеті ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыратын нысандарын сақтап дамыта білді. Қазақстан мен ресейліктер арасындағы тығыз қарым-қатынастың негізінде Тоқтар Әубәкіровтың алғашқы ғарыштық бағдарламасының орындалуына және Талғат Мұсабаевтың Қазақстан Республикасының мүддесіне үш мәрте ғарышқа ұшу жетістіктеріне қол жеткізді.
Өзінің бірінші ұзақ мерзімге ұшуын Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1-ші шілдеде жүзеге асырды. Ол бортинженер ретінде 16-шы экспедиция құрамында «Мир» станциясына ұшты. «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне Қазақстанның Ел басы Н.Ә. Назарбаев келіп қатысты. Ресейлік ғарышкер Ю. Маленченко мен Талғат Мусабаев ғарышта жарты жыл жұмыс атқарды. Т. Мұсабаев қазақстандық бағдарламамен қатар ресейлік бағдарламаны да орындады. Алғашқы рет ғарышқа қазақ елінің бір уыс қасиетті топырағы, Қазақстанның екі туы сапар шекті. Қазіргі таңда бұл заттар Байқоңырдың және ҚР Орталық мемлекеттік мұражайлары өз орындарын тапты.
1995 жылы Байқоныр Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы Өкілдігі құрылды. 1995-2004 жылдары аралығында Байқоныр кешеніне қатысты көптеген келісімдерге екі-жақты қол жеткізілді.
1995 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Ленинск қаласының аталымы Байқоңыр қаласына өзгертілді.
Байқоңырда ресейлік құрылымдармен қатар қазақстандық мемлекеттік басқару органдары да өз қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтары қала тұрғындарының жартысынан астамын құрайды. Ресейлік мекеме-құрылымдарында 7000-нан астам Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады.
Магистральдық байланыс пен телевидения № 13 Техникалық бөлімшесі (ТУСМ-13) Қазақтелеком АҚ филиалы халықаралық және қалааралық байланыс жүйесінде (ТМД елдері) Байқоңыр кешеніне қомақты үлес қосты.
Қазіргі таңда біздің магистраль сандық жүйе бойынша байланыс көздері жұмыс істейді-бұл ТМД елдері мен алыс шетелдер бойынша іске асып отыр, әрине, оның ішінде «Байқоңыр» космодромы да бар.
Қаладағы РФ-на қарайтын мектептерде оқитындардың 60%-ін қазақ балдары құрайды. Барлық мектептер қажетті технологиялармен және де тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Ғарыш саласы үшін мамандар даярлау мәселесі – еліміз дербестікке жеткеннен бастап билік орындарының жіті назарында. Н.Назарбаевтың қолдауымен 1991 жылы Байқоңыр қаласында Халықаралық ғарыш мектебі ашылып, мектеп жасындағы балалар арасында үлкен кәсіби бағыттау жұмысын атқарып жатыр.
1994 жылдан Байқоңыр кешенін жалға беру келісімшарты шеңберінде жолға қойылған. Содан бері жүзден аса жас маман Мәскеу авиациялық институтының дипломына ие болып, Байқоңыр кешенінде қызмет атқаруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындарында ғарыш саласымен тікелей байланысты мамандар әзірленіп жатыр. Ендігі жерде мемлекеттік бағдарлама аясында маман дайындау жұмысы жүйелі жолға түсетініне менде күмән жоқ.
Сонымен қатар 40 жылдық тарихы бар электрорадиотехникумның жүздеген түлектері Байқоңырда өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.
2004 жыл – Байқоңырдың жалдық тұрғыда 10 жыл тыныс – тіршілік атқару жылы, қазақстандық ғарыш саласындағы нақты бастамалар жылы болып танылады.
2004 жылдың қаңтар айында Қазақстан мен Ресей мемлекеттік деңгейде жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін созу жөнінде келісілді.
Космостық қызметінде көптеген елдердің интеграцияға күш салуы күрделі мәселені шешеді, аса қымбат, ірі масштабтық космостық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыруға жол ашады. Бұл бағытта Қазақстан Ресеймен жемісті байланыс орнатып отыр, космостық қызметте әртүрлі жобаларды бірігіп орындауды жүзеге асыруда.
Байқоңыр кешені өте күрделі және аумақты кешен, онда 150-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кешен құрамына 7 зымырандық-ғарыштық кешен, су, электр, жылу, газ, автокөлік, теміржол, байланыс, коммуналдық және басқа да жүйелер кіреді. Осының бәрі әзірге Ресей бюджетінен қаржыландырылып отыр.
Тағы рефераттар
- Инвестициялық саясат негіздері курстық жұмыс
- Несие қызметінің түсінігі
- Қазақстанның сыртқы экономикалық қарым-қатынастар
- Өндірістік және өткізілетін өнімдердің жоспарлық орындалуы мен динамикасын талдау
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға кімнің құқығы бар?