Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі туралы қазақша реферат
Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді нарықты экономика кұру, қазақстандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.
Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де көз жеткізгендіктен, талдап, түсіндіріп жатуды артық деп ойлаймыз. Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. Өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы адамдар тағдыры білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды жасыруға болмас.
Ашығын айтсақ, заңгердің кәсіби дайындығын ұштау бұрыннан бар пәндерге жай ақпараттық толықтыру арқылы жүзеге асады, тіпті кей жағдайда іс жүзінде тәжірибе көлденең тартқан мәселелерді «қуып жетуге» тырысушылық байқалады. Рас, «тәжірибеден бастау алатын» заң білімі қалыптасқан құқықтық қоғам үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ бұл белсенді түрде реформа жасалып жатқан мемлекет үшін қолайлы әдіс емес.
Заңгердің беделінің артуы мен оған деген сұраныстың өсуі көптеген жеке меншік жоғары оку орындарын ашуға алып келді. Тіпті техникалық, ауыл шаруашылығы және сауда жоғары оқу орындары заңгерлер дайындайтын болып алды. Мұндай көрініс орта арнайы оқу орындарында да қайталанады, тіпті бірқатар коммерциялық құрылымдар құқықты оқытатын бизнес мектептерін ұйымдастырды. Көптеген осындай оқу орындарында кәсіби білімі бар педагог кадрлары да, қажетті оқу базасы да жоқ, осыған байланысты олардың сапалы заңгер кадр дайындап шығаратындығыпа күмән бар. Әрине, мұндай жағдай заң білімін берудің беделін түсіретіні өз алдына, құқықтық нигилизмнің күшеюіне жол береді, заңнан шала-шарпы хабары ғана бар, кәсіби білімі де, біліктілігі де жоқ әлгіндей заңгерлер жұртшылықтың заңдылықты сақтауға деген сенімін жоғалтады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Гражданское право: / Отв.ред М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин/, Учебник, 1-том, Алматы, 2000 г.
2.Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, практика.:/Отв ред. А.Г.Диденко
3.Гражданский Кодекс РК
4.Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. М., 1999. Гл. 5.
5.Камалитдинова Р.А. Доктрина невозможности исполнения обязательств // Актуальные проблемы гражданского права / Под ред. М.И. Брагинского. Вып. 4. М., 2002.
6.Крашенинников Е.А. Тезисы к проблеме конфузии // Очерки по торговому праву/Под ред. Е.А. Крашенинникова. Вып. 8. Ярославль, 2001.
7.Мурзин Д.В., Мурзина Н.Ю. Новация в казахстанском договорном праве // Актуальные проблемы гражданского права / Под ред. С.С. Алексеева. Алматы., 2000.
8.Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве, 1950. Гл. 6, 7.
9.ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
10.Н. Дулатбеков, С. Амандыкова, А. Турлаев. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 1999.
11.ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы», 2001, I-II том
12.Учебное пособие. Основы государства и права. Алматы, 1999.
13.Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004.
14.Д.А. Булгакова Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2000.
Тағы рефераттар
- Қазақстан экономикасының тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері
- Ғылыми-педагогикалық тест сұрақтары
- Домбыра философиясы
- Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурсының сапалық жағдайы
- КСРО-ның ыдырауының саяси себептері