Қазақстанның  таулы облыстарының топырағы. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның таулы аймақтарының  биіктік белдеулері топырағының таралу заңдылықтарымен танысу және таулы өлке топырақтарын пайдалану мен олардың құнарлылығын арттыру жолдарын талқылау.

Семинар сұрақтары:

1. Таулы аймақтардың тік белдеулілігі.

2. Шалғынды белдеудің ерекшелігі.

3. Таулы аймақтар топырақтарын пайдалану .

Әдістемелік нұсқаулар: Республиканың шығысы мен  оңтүстік — шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр.  Олар – Шығыс Қазақстандағы Алтай тау- лары, Алматы облысының оңтүстігіндегі  Жоңғар және Іле Алатаулары, Жам- был  облысындағы  Қырғыз Алатауы,  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары.Тау бөктерлеріндегі обылыстар жерінің аумағы —17,4 млн. га,  яғни 6,6 % . Ал тау етегіндегі белдеу -16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына жуығы.  Тау бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгейінен биіктіктің өзгеруіне байланысты топырақ түрлері де  әртүрлі.

Сондықтан да студенттер алғашқы сұраққа әзірлену үстінде климаттың, топырақтың және өсімдіктің ерекшеліктеріне қарай бөлінген Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Сауыр — Тарбағатай және Батыс Алтай өңірлерінің топырақ белдеулеріне баса назар аударып, осы өңірлердегі топырақ  белдеулерінің таралу заңдылықтарымен  және әрбір топырақ белдеуіндегі (тау етегіндегі шөлейт жазықтың, таудың орта шеніндегі орманның және биік таулы жердегі шалғындық субальпілік және альпілік топырақ түрлерінің,  мұзтаулар мен мәңгі қар  жататын жерлердің)   топырақ түрлерінің  түзілуіне  ықпал етуші факторларға тоқталулары керек.

Екінші сұраққа дайындалу барысында биік таулы аймақтарда орын алған биік таулы шалғынды және шалғынды — далалы белдеулерге тоқталып, оның биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды — далалы топырақтарымен, сол сияқты Алтайдың таулы  аймағындағы  таулы — тундра топырағымен танысады.

Келесі сұрақта ерекше көңіл бөлетін мәселе — республикамыздың жалпы  территориясының 80%-ынан астам жерінің құрғақ аймақтарда орналасуы. Соңғы  кездердегі еліміздегі жер ресурсының экологиялық жағдайының нашарлауы  және жыл санап халық санының өсуі, жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерінің туындауы. Жазықтардағы  егістік жерлердің тозуы мен эрозияға ұшырауы,   таулы аймақтардағы құнарлы жерлерді пайдалану қажет- тілігінің тууы. Сол үшін сұраққа дайындық барысында таулы аймақтар топырағын пайдалану мен оның құнарлылығын арттыру мәселелеріне  арнайы назар  аудару қажет.

Әдебиеттер:

1.  Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

2.  Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая  школа. 1981, — 400 с.

3.  Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. –4-е изд.-М.: Владос, 1999.

4.  Соколов А.А. Общие особенности почвообразования и почв Восточного Казахстана. -Алма-Ата, 1974.

5.  Тазабеков Т.Т.,  т.б. Жалпы топырақтану. — Агроуниверситет.1998. -136бет

6.  Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993. 448б

Рефераттар тақырыптары:

1. Қазақстанның таулы аймақтарының топырақтары.

2. Биік таулы аймақтардың шалғынды белдеулерінің экологиялық сипаттамасы.

3. Аласа  таулы дала топырақтары.
Тағы рефераттар