Қазақтың халық музыка аспаптары музейі 1981 жылы сәуір айында ашылды. Музейге 1990 жылы халық композиторы Ықылас Дүкенұлының аты берілді. Қазақстан үкіметінің жарлығымен 1980 жылғы тамыз айынан ұйымдастырыла бастаған музей жұмысына Ө.Жәнібеков тікелей басшылық етті. Қысқа уақыт ішінде ұлан-ғайыр жұмыс жүргізілді. Қазақтың халық аспаптар музейінің экспонат мұралары өзінің бірегей үлгі нұсқалары жағынан ерекше сипатқа ие. Музейдің тұрақты қорларында тұрған көне музыкалық аспаптар тарихы сонау түркі дәуірінің (VI-VIII ғ.ғ.), тіпті одан да арғы замандардан бастау алады. Музей қорындағы халық музыка аспаптары мұралары өзінің жіктелу тобына қарай жеке-жеке залдарға бөлініп қойылған. Олар: аспапты музыкалық, археология, дабылды-соқпалы және шулы-сырдырлы аспаптар, ішекті-шертпелі, ыспалы аспаптар, үрмелі тынысты, және сарнамалы-пернелі, мемориалдық аспаптарға арналған тұрақты көрме залдары экспонаттардың үндері магнитофон таспасына жазылып, дыбысталынған.
Бірінші зал – Аспапты-музыкалық археология залы. Қазақ аспаптану ғылымын зерттеудің ажырамас бір тармағы болып саналатын аспаптық археологияға қатысты мұралар Қазақстан өңірінен көптеп табылған. Музыка аспаптары бейнеленген мүсін тастар, археологиялық қазба кезінде табылған уілдек, балалар дүңгіршегі, т.б. қойылған.
Екінші зал – Дабылды-соқпалы, шулы-сылдырлы аспаптар. Жауынгершілік кезеңдерде дабылды-шулы аспаптар кең қолданылған. Музей қорында дабылдың екі түрі сақталған. Бірі көлемі кіші дабыл, екіншісі – жорық дабылы.
Үрмелі аспаптар залы. Үрмелі тынысты аспаптар халық мәдениетінде ерекше орын алған. Үрмелі аспаптар ағаш, сүйек, саз, балшық, тері, т.б. заттардан жасалады.
Үшінші зал Қыл ішекті аспаптарға арналған. Бұл бөлімге қобыз асапабы қойылған. Төртінші зал – Ішекті-шертпелі, көп ішекті аспаптар.
Бесінші зал Ескерткіш мұра мемориалдық аспаптарға арналған. Бұл бөлімде Бәйжігіт, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Жанақ, Сегіз Сері, Ақан сері, Біржан Сал, Шашубай, Жаяу Мұса, Әсет, Кенен, т.б. дала өнерпаздарының музыкалық аспаптары сақталған.
Алтыншы зал – көршілес халықтардың музыкалық аспап-тары. Бұл бөлімде украин, латыш, өзбек, қырғыз, якут, т.б. халықтардың ұлттық аспаптары қойылған.
Тағы рефераттар
- Аудиттегі жұмыс сапасын бақылау курстық жұмыс
- Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының зерттелу тарихы
- «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау
- Жаңа заман мәдениет. Итальян қайта өрлеуі
- Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы