Қазіргі кездегі қазақ айтысы туралы қазақша реферат

Телеайтыс және ондағы сатира. Теледидар ХХ-ғасырда халық тұрмысына дендеп енген қүбылыс болды. Газет-журналдар арқылы жаңалықтар мен басқа да танымдық мағлұматтарды оқып білсек, радио — алысты жақындатқан, » айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған» тосын жаңалық еді. Ал теледидар болып жатқан оқиғаны экран арқылы көрсетіп, сол оқиғаның мән-мағынасын көру және есту арқылы түйсініп, санада қорытуға мүмкіндік берді. Теледидардың газет-журналдардан тағы бір артықшылығы — оны миллиондаған көрермен өз үйінде, отбасы ошақ қасында отырып тамашалайтын болды.

Қазақ теледидарындағы алғашқы әдеби-көркем хабарлар желісі 1958 жылғы наурыз айынан бастау алып, сол кезеңнен бері өз көрерменіне әдеби процесті бағамдатуда, жаңа әдеби туындылармен таныстыруда біршама жемісті еңбек еткені ақиқат.

Осындай хабарлардың бірі — «Айтыс». Қазақтың өзіне ғана тән ұлттық маржаны, төл өнері теледидар арқылы шағын аудитория шеңберінен шығып, айтыс десе ішкен асын жерге қойып тыңдайтын, қызыға тамашалайтын мыңдаған адамдардың мінберіне айналды. Бұрын ауыздан ауызға тарап, немесе айтыс ақындары ел ішіне өз айтыстарын насихаттап, оның өзі тыңдаушыға бастапқы күйінен өзгеріп жетсе, қазіргі теледидар бір мезгілде бірден айтысты сол өзгермеген нұсқасында миллиондаған аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді. Демек теледидар — белгілі бір орталықтарда ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сараланған ғылым мен өнердің асыл қазыналарын бүкіл еліміздегі барлық адамдардың игілігіне айналуына жол ашқан өнер түрі.

Кейінгі кез айтыстарындағы юмор мен сатира

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айтыс өнерінің қайта серпіліп, жаңа белеске, тың өріске талпынған тұсы 1997 жылдан басталады. Бұдан бұрын да әртүрлі ас-тойларда, белгілі тұлғалардың толағай тойларында Республикалық көлемде, тіпті, Халықаралық дәрежеде бірталай ірі өнер сайыстары өткені белгілі. Ендігі уақытта айтыстың тасын өрге домалатып, көшін алға сүйреген Жүрсін Ерманның осы өнерді дамытудагы жаңа жобасы, кешенді бағдарламасы қолға алынды.

Мұхтар Әуезовтің ақындар айтысының өзгешелігін «театрлық, драмалық қызу әсері бар өнер түріне айналады», «халық театрының анық, дәл ұрығы бар деуге болады» деп тануы тегіннен тегін емес. Жаңарған заманда, өз тағдырымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің тізгіні өз қолымызга тиген уақытта сөз өнері де жаңғырып, көне айтысымыз көрермен аудиториясын кеңейтіп телеайтысқа айналғаны, соны серпін алғаны анық.

Айтыстағы сатира мен юмор туралы Bigox.kz Жазушыларының пікірі

Айтыстағы сатира мен юмор объектісіне қарай сын-сықақ, әзіл-оспақ, қалжың-қағытпа, ащы әжуа, уытты мысқыл, кекті кекесін түрінде келе береді. Бірақ достық әзілден басқасы үлкен әлеуметтік мәнге ие екенін кереміз. Заман, дәуір тынысы сезілетін айтыстардан бізге жеткені халықтық идеямен шыңдалған шынайы да шебер күлкі ғана. Тек сондай күлкі ғана өміршең күлкі болатынын, тек сондай күлкі ғана өлмейтінін В.Гюгоның «Әлсіздің езу тартқаны, әлдінің қарқылдап күлгенінен әлдеқайда қатерлі» деген сөзі де дәлелдей түседі.

Екі ақынның айтысқа дейінгі, екі шешен бидің негізгі дауды немесе даулы мәселені бастағанға дейінгі бірін-бірі көріп, көрісіп, аман-саулық сұрау үстінде де қақтығыса беретін әзіл-қалжың, әжуа-мысқылының барлығы айтыс жанрының негізгі өзегі юморға жэне сатираға құрылатынын көрсетеді. Бір-екі шумақ өлеңмен бір-бірін мінеп, әжуалап, тұтқиылдан тиісіп, тұқыртуға тырысса, қарсыласы да қапы қалмай уытты әзілмен қарымта жасаған ақындар диалогы, табиғаты жағынан айтыстың сатираға туыстығын керсетеді. Әдемі әзіл, ойнақы қалжың-қағытпа, ұстараның жүзіндей өткір уытты мысқыл-кекесін, қиыннан қиыстырғыштық, тапқырлық, терең логика — сол өнерге, айтқыштыққа, шешендікке жеткізер жол секілді. Айтыс өлеңдерінде осы бір асыл қасиеттердің қай-қайсысы да молынан табылады.

Айтыс жанры табиғатында әзіл-қалжыңға, сатира мен юморға бейім. Айтыс үстінде болсын, айтыс пішінінде келетін шығармаларда болсын көркемдік тәсілдер әсірелеу (гипербола, гротеск), кішірейту (литота), кекесін (ирония), әжуа (сарказм) секілді сатираға тән бейнелілік құралдары молынан ұшырасады. Демек айтыс өнер бәсекесі ғана емес, онда ең әуелі «драмалық қызу әсері бар» театрлық, ойын-сауықтық белгілер басым. Әрине айтыстағы сатиралық сипаттың сырын түгел ашып, әр түріне тән теориялық, практикалық мәселелерін шешіп бере қою мүмкін емес. Келешекте айтыстағы сатира мәселесі жөніндегі пікірлер дамытыла, толықтырыла түсері даусыз. Әрбір болмыс, құбылыс үнемі даму, өзгеру, жаңғыруда болатынын ескерсек, айтыстағы сатира көріністері де, оның белгі сипаттары да әрдайым қүбылып отырады. Бұл үнемі жаңа зерттеулер жасап, тың пікірлер айтып отыруды қажет етеді.

Әр заманның айтыскер ақынға қоятын басты талабы — бұрынғы өрнектерді қайталай беру, өмірдегіні қабылдап, көшіріп беру емес, жаңа дүние, тың кестелер тудыру. Сонымен қатар, айтыскердің жасаған көркемдік әлемі көрерменін иландырып қана қоймай, қарсылас әріптесін де ырқына баурап әкетуі қажет. Айтыскер ақынның ойынан көрермен немесе қарсылас ақын озып кетіп, айтысқа арқау болатын жағдайларды алдын-ала болжап, өзінше өрбітуге дайын болып отырса, онда ол ақынның шынайы өнердің ақтабаны дәрежесіне жетпегені. Бұл тұста айтыстың тағы бір қыры, яғни, айтыскерді тәрбиелеп, қалыптастыратын жағдайлардың бірі — көрермен, екіншісі — қарсылас ақын екені айқын.

Қазақ халқы ертеден ойын сауық пен ән-күйді, әзіл-күлкіні, өлең-жырды сүйген халық. «Әу» деп бір ауыз ән салмайтын, бір шумақ өлең шығармайтын  қазақ жоқ десе де болғандай. Халық аудиториясы іспетті әр түрлі жиын-тойда, жастардың бас қосқан көңілді кештерінде екі адам кездесе кетсе, бірі бастап, бірі қостай жөнелетін кәдулігі әзіл-қалжың, күлдіргі әңгімелер өмірмен етене аралас  туындап жатады. Сондықтан, да біз одан халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, дүние танымын, эстетеикалық талғам-тілегін айқын сезінеміз.

Әдетте айтыс күтпеген жерден, тұтқиылдан басталады. Айтысты бастаушының, ұрынушының сөзі оқыстан айтылады да, қарсыласы оған қолма-қол жауап қайтарады. Екеуінде де күні бұрын әзірлік болмайды. Кей-кейде іштей бір қағысудың ретін ойлап жүретіндердің  де болуы ықтимал. Бірақ ойлаған қағысудың өзі қашан, қай уақытта, қандай жағдайда болып, қай бағытта өрбитіні белгісіз. Мұндай тосындық, кездейсоқтық айтыстағы басты ерекшеліктердің бірі болып табылады. Оған тапқырлық, қиыннан қисынын табатын шешендік қосылғанда айтыстың жанрлық табиғаты ашыла түседі. Осы ерекшеліктеріне орай, күтпеген жерден айтар сөзін әзілмен әдіптелген тапқыр ой арқылы түйіндеп, қарсыласын өткір тілмен бұлтартпай күлкі объектісі ете алатын айтыс өнерін халық даналығы тудырған көркемсөз үлгілері деп санауға блады.

Қазіргі айтыс өлеңдерінің идеялық бағыты біркелкі болмауы сияқты, оның көркемдік дәрежесі де әртүрлі. Айтыс өлеңдерінің ішінде олпы-солпы құрала салғандары да кездесетінін сөз еттік. Әрине, бұған карап оларды «өлең емес» деуге болмайды, олар да өлең, тікелей эфирден туындап
жатқандықтан олқы қүбылыстардың болып тұруы да заңдылық. Сонымен қатар айтыс өлеңдерінің ішінде нағыз шабыттан туған асылдары бар.
М.Тазабековтың, А.Әлтаевтың, О.Досбосыновтың, М.Қосымбаевтың,
А.Бұлғақовтың, Д.Кәпүлының, Ж.Болтанованың, Б.Шойбековтың, А.Леубаеваның,   А.Қалиевтің,            А.Өзбековтың, С.Дүйсенғазиннің, Е.Жұматаевтың, Б.Әшірбаевтың, Р.Зайытовтың, Ш.Қойлыбаевтың   айтыстарының мәтіндерін оқып отырып біз осындай ойға келеміз.

Қалай десек те, қазақ ауыз әдебиетінің орасан зор әулетін танытатын айтыс өнері өз орнын жоғалтпайды. Ол — халық рухының жоғары болуына, сенімнің екі аяқтан нық тұруына өз үлесін қоса бермек.

Тапқырлыққа, шынайы шындыққа негізделген күлдіргі әзіл өлеңдерде философиялық, дидактикалық түйіндер де жиі кездесіп отырады. Ондай түйіндер даналық пен ойшылдықтан туындайтыны белгілі. Бір шумаққа осынша философиялық мол мазмұн беріп тұрған әзіл сөздің тапқырлығына, логикалық ой-түйінінің ұтымдылығына көңіл тояттайды. Мүндай айтыстардың әлеуметтік, тәрбиелік мәні де зор. Айтыс үстінде айтылған әзіл-сықақ пен сатира өсіп келе жатқан ұрпақты жаман қылықтан сақтандырып, адал еңбек етуге, тапқырлыққа, шешендікке, ұтқырлыққа баулиды.

  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. — Алматы: Жазушы,Т. 2002. -336 6.
  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 240 б.
  3. Мұқанов   С.   Қазақтың   ХҮШ-ХІХ   ғ.   әдебиетінің   тарихынан очерктер. — Алматы: Арыс, 2002. — 272 б.
  4. Имашев.Б. Айтыстағы юмор мен сатира. Ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2006
  5. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 384 б.
  6. Бердібаев Р. Замана сазы. — Алматы: Жазушы, 1985. — 320 б.
  7. Жармұхамедов М. Қазақ поэзиясындағы айтыстың тегі мен дамуы. -Алматы: Мұраттас, 2001. — 280 б.
  8. Қожакеев Т. Сатира және дәуір. — Алматы: Жазушы, 1976. — 204 б. Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. — Алматы: Мектеп, 1983. — 214 б. Қожакеев Т. Сатира — күштілер қаруы. — Алматы: Жазушы, 1985. — 288 б. Қожакеев Т. Сатира негіздері. — Алматы: Санат, 1996. — 464 б.
  9. Қара өлең. /Қүраст. О.Асқар/. — Алматы: Жазушы, 1989. — 320 б.
  10. Айтыс. Екі томдық. І-т. — Алматы: Жазушы, 1988. — 352 б.
  11. Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңлақтары (ХҮІІІ-ХХ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 2001.-268 6.
  12. Ысқақүлы Д. Сын өнері. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2001. — 304 б.
  13. Әбдіхалықова Л.   Сыр  сүлейлерінің  жазба  айтысы.  — Алматы: Үшқиян, 2003.-136 6.
  14. Көпеев М. Таңдамалы. — Алматы, 1990.
  15. Борев Ю.Б. О комическом. — Москва: Искуство, 1957. — 427 с.
  16. Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек. — Алматы: Жалын, 1972.
  17. Дәдебаев  Ж.   ¥лбике//  Қүраст.:   К.Ахметова,  М.Төлепберген.   -Алматы: Өнер, 2002. -216 6.
  18. Жамбыл және қазіргі халық творчествосы. — Алматы: Ғылым, 1975. — 270 б.
  19. Тәжібаев Ә. Жамбыл — ұлы заманның ұлы ақыны//Жамбыл және қазіргі халық творчествосы. — Алматы: Ғылым, 1975. — 270 б.
  20. Негимов   С.   Ақын-жыраулар   поэзиясы.   Генезис.   Стилистика. Поэтика. — Алматы: Ғылым, 2001. — 280 б.
  21. Құланаян Құлмамбет. Сөзімнің қыл сыймайды арасына. — Алматы: Ана тілі, 1998.-224 6 .
  22. Жекпе-жек. — Баян-өлгей. 1999. — 346 б.
  23. Жолдасбеков М. Наурыз айтыс//Алматы ақшамы. 1990 ж. 9 сэуір.
  24. Ерман.Ж. Жыл келгендей жаңалық. Қазақ әдебиеті. 1998.
  25. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. 1-кітап. – 312 б
  26. Қазіргі айтыс. – Астана: Күлтегін, 2004. 2-кітап. – 312 б
  27. Ысмайылов.Е. Ақындар. – Алматы: Қаз.мем.көр.әдебиет, 1956.-340
  28. Сыздық Р. Ақындар айтысы: бүгіні мен ертеңі // Қазақ әдебиеті. 1998.
  29. Дүйсенов.М. Айтыс өнерінің өрісі.  Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 270 б.
  30. Жолдасбеков  М.  Сөзінің  арасына қыл сыймасын. Кітапта:Көкейкесті әдебиеттану. — Астана: Күлтегін, 2003. — 4-126.

Тағы рефераттар