“Казпочта” АҚ акцияларды  шығару проспектісі туралы қазақша реферат

Уәкілетті органдардың жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі, осы проспектіде көрсетілген акцияларды алуда инвесторларға қандай да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді.

Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне ғана құралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттардың растығына жауапты болады және олар осы проспектіде берілген барлық ақпараттар рас, сондай-ақ қоғам мен оның орналасатын акцияларына қатысты инвесторларды түсінбеушілікке алып келмейтіндігін дәлелдейді.

Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік басқару жүйесі жұмыс істейді.

«Қазпочта»  АҚ мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:

1)    EMS халықаралық кооперативі (курьерлік қызмет) – Швейцария, Берн қ.;

2)    Бүкілдүниежүзілік почта одағы — Швейцария, Берн қ.;

3)    Аймақтық байланыс достастығы почта байланысы операторларының кеңесі;

4)    Қазақстан қаржы қызметкерлерінің ассоциациясы – Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;

5)    «Қазақстан қор биржасы» АҚ – Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;

6)    «Western Union»  жүйесінің мүшесі – Гринвуд-Виллидж, Колорадо штаты, Американың Құрама Штаттары.

Почталық қызмет түрлері:

«Қазпочта» АҚ  мынадай почта қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:

1)    жазба хат-хабарларды, бандерольдерді және сәлемдемелерді жіберу мен жеткізіп беру;

2)    EMS – Kazpost курьерлік қызметтері;

3)    мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды тасымалдау, жіберу, жеткізіп беру және бөлшек сауда арқылы  сату;

4)    арнайы байланыс қызметтері;

5)    филателия;

6)    аралас (гибритті) электронды почта қызметтері.

Қаржылық қызмет түрлері:

«Қазпочта»  АҚ мынадай қаржы қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:

1)    депозиттер;

2)    заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және  жүргізу;

3)    аударым операциялары;

4)    банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы мен жіберілуі;

5)    бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы мен стипендия төлеу;

6)    зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу;

7)    коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау.

Агенттік қызмет түрлері:

«Қазпочта» АҚ мынадай агенттік қызметтердің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:

1)    Директ-Майл тікелей почталық жарнама қызметтері;

2)    зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары үшін клиенттермен шарттар жасау;

3)    күнделікті сұраныстағы тауарлар  мен лотерей билеттерін сату.

Қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі 

Кесте 10 — Инвестициялар мен бағалы қағаздардың портфелі:

(мың.теңге)

Инвестиция түрі

01.01.04ж. жағдайы бойынша

Басқа заңды тұлғалардың капиталындағы ұзақ мерзімдік инвестиция

0

Бағалы қағаздардың портфелі, барлығы

2 691 152

Соның ішінде:

Мемлекеттік бағалы қағаздар

2 402 665

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар

288 487

Басқа инвестициялар

0

Инвестицияның барлығы

2 691 152

Инвестициялық стратегия қаржы нарығындағы жайлардың өзгеруі мен операциялардың кіріс деңгейінің артуын және бағалы қағаздар инвестициялық портфелінің өсуін қамтамасыз ететін активтерге сапалы басшылық жасау құралын  анықтауға қатысты «Қазпочта» АҚ (әрі қарай Қоғам) активтерінің өсімін қамтамасыз ету мақсатында дайындалған.

Бағалы қағаздар портфелінің көлемін ұлғайту, диверсификация арқылы активтердің оңтайлы құрылымын инфляциядан сақтау және сенімді салымдардан кірістер алу Қоғамның инвестициялық стратегиясының мақсаты болып табылады.

Жарғылық капиталы:

1)   құрылтай құжаттары бойынша жарғылық капиталының көлемі:

1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңге.

2)  бухгалтерлік баланстың дерегі бойынша жарғылық капиталының көлемі:

1 812 123 000  (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңге.

3)  жарғылық капиталды акцияларға бөлуі:

Акциялардың жалпы саны 1 812 123 000 (бір миллион сегіз жүз он екі мың  жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге, жалпы сомасы 1 812 123 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды.

оның  ішінде:

—  жай атаулы акциялардың саны 1 812 123 (бір миллион сегіз жүз он екі мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге, жалпы сомасы 1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды.

—   құрылтай құжаттарына сәйкес, артықшылықты атаулы акциялар жоқ.

4)  жарғылық капиталының ақы төленген бөлігінің көлемі:

Жарғылық капиталы 1 812 123 мың теңге сомасына төленген.

Кесте 11 —  Қолданыстағы шыққан облигациялардың құрылымдарын баяндау және соңғы үш жылдағы сөндірілген облигациялар туралы мәліметтер.

Шығарылымның жалпы көлемі 1 413 000 000 (бір миллиард төрт жүз он үш миллион) теңге
Облигациялардың номиналды бағасы 1 000 (мың) теңге
Шығарылатын облигациялардың түрі Атаулы купонды индексацияланған
Шығарылу нысаны Құжаттамасыз
Облигациялардың жалпы саны 1 413 000 (бір миллион төрт жүз он үш мың) дана
Айналыстағы мерзімі Айналысқа түскен күненнен бастап 5 жыл
Купонды сыйлықақы  бәсі Облигацияның индексацияланған номиналды сомасынан жылдық 8 %
Төлемнің мерзімділігі Жылына 2 (екі) рет

 Бағалы қағаздарды шығару туралы мәліметтер

 Шығарылған бағалы қағаздардың тіркелуі.

Бірінші шығарылым:

1) Бағалы қағаздың түрі: акция

2)  Эмиссияның құрылымы

Номиналдық  сомасы 1 000 теңге акция эмиссиясының көлемі 903 660 000 теңгені құрайды. Эмиссия 903 660 жай атаулы акциялар  данасына бөлінген.

3) шығарылымның мемлекеттік тіркелген күні 29.12.2000ж.

4) орналастырудың аяқталған күні 30.12.2000ж.

5) бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі

Акцияларды орналастыру жабық тәсілмен жүргізіледі.

6) Дивиденттер мен сыйақылардың көлемі (жылдар мен бағалы қағаздар түрі бойынша)

Алдында шығарылған акциялар бойынша 2000 жылдың қорытындысына байланысты дивиденттер есептелмейді және төленбейді.

7) Эмиссия қорытындысы бойынша бекітілген есеп күні немесе эмиссияның жойылған күні.

Шығарылым қорытындысы жөнінен бекітілген есеп пен «Қазпочта» ААҚ-ның 29.05.2001ж. бірінші эмиссиядағы акцияларын орналастыру туралы хабарландыру.

Екінші шығарылым:

1) Бағалы қағаздың түрі: акция

2) Эмиссия құрылымы

Номиналдық  сомасы 1 000 теңге акция эмиссиясының көлемі 265 340 000 теңгені құрайды. Эмиссия 265 340 жай атаулы акциялар  данасына бөлінген.

3) шығарылымның мемлекеттік тіркелген күні 21.03.2002ж.

4) орналастырудың аяқталған күні 22.03.2002ж.

5) бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі

Акцияларды орналастыру жабық тәсілмен жүргізілді.

6) Дивиденттер мен сыйақылардың көлемі (жылдар мен бағалы қағаздар түрі бойынша)

Алдында шығарылған акциялар бойынша 2001 жылдың қорытындысына байланысты дивиденттер есептелмеді және төленбеді.

7) Эмиссия қорытындысы бойынша бекітілген есеп күні немесе эмиссияның жойылған күні.

Шығарылым қорытындысы жөнінен бекітілген есеп пен «Қазпочта» ААҚ-ның 08.05.2002ж. екінші эмиссиядағы акцияларды орналастыру туралы хабарландыру.

Үшінші шығарылым:

1) Бағалы қағаздың түрі: акция

2) Эмиссия құрылымы

Номиналдық  сомасы 1 000 теңге акция эмиссиясының көлемі 643 123 000 теңгені құрайды. Эмиссия 643 123 жай атаулы акциялар  данасына бөлінген.

3) шығарылымның мемлекеттік тіркелген күні 05.06.2002ж.

4) орналастырудың аяқталған күні 06.06.2002ж.

5) бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі

Акцияларды орналастыру жабық тәсілмен жүрді.

6) Дивиденттер мен сыйақылардың көлемі (жылдар мен бағалы қағаздар түрі бойынша)

Алдында шығарылған акциялар бойынша 2001 жылдың қорытындысына байланысты дивиденттер есептелмейді және төленбеді..

7) Эмиссия қорытындысы бойынша бекітілген есеп күні немесе эмиссияның жойылған күні.

Шығарылым қорытындысы жөнінен бекітілген есеп пен «Қазпочта» ААҚ-ның 02.07.2002ж. үшінші эмиссиядағы акцияларды орналастыру туралы хабарландыру.

Төртінші шығарылым:

1) Бағалы қағаздың түрі: акция

2) Эмиссия құрылымы

Номиналдық  сомасы 1 000 теңге акция эмиссиясының көлемі 643 123 000 теңгені құрайды. Эмиссия 400 000 000 жай атаулы акциялар  данасына бөлінген.

3) шығарылымның мемлекеттік тіркелген күні 04.06.2004ж.

4) орналастырудың аяқталған күні 11.06.2004ж.

5) бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі

Акцияларды орналастыру жабық тәсілмен жүрді.

6) Дивиденттер мен сыйақылардың көлемі (жылдар мен бағалы қағаздар түрі бойынша)

Алдында шығарылған акциялар бойынша 2003 жылдың қорытындысына байланысты дивиденттер есептелмейді және төленбеді..

7) Эмиссия қорытындысы бойынша бекітілген есеп күні немесе эмиссияның жойылған күні.

Шығарылым қорытындысы жөнінен бекітілген есеп пен «Қазпочта» ААҚ-ның 27.08.2004ж. үшінші эмиссиядағы акцияларды орналастыру туралы хабарландыру.

Бесінші шығарылым:

1) Бағалы қағаздың түрі: акция

2) Эмиссия құрылымы

Номиналдық  сомасы 1 000 теңге акция эмиссиясының көлемі 643 123 000 теңгені құрайды. Эмиссия 1 444 709 000 жай атаулы акциялар  данасына бөлінген.

3) шығарылымның мемлекеттік тіркелген күні 30.03.2005ж.

4) орналастырудың аяқталған күні 14.04.2005ж.

д) бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі

Акцияларды орналастыру жабық тәсілмен жүрді.

5) Дивиденттер мен сыйақылардың көлемі (жылдар мен бағалы қағаздар түрі бойынша)

Алдында шығарылған акциялар бойынша 2004 жылдың қорытындысына байланысты дивиденттер есептелмеді және төленбеді..

6) Эмиссия қорытындысы бойынша бекітілген есеп күні немесе эмиссияның жойылған күні.

Шығарылым қорытындысы жөнінен бекітілген есеп пен «Қазпочта» ААҚ-ның 29.06.2005ж. үшінші эмиссиядағы акцияларды орналастыру туралы хабарландыру.

Жарияланған акциялардың шығарылуы туралы мәліметтер

Акциялар туралы мәліметтер:

1) шығарылатын акциялардың жалпы саны — 4 556 832 дана, акциялардың түрі-жай атаулы акциялар

2)  шығарылатын акциялардың жалпы саны — 4 556 832 дана, акциялардың түрі-құрылтайшылар арасында орналастырылатын  жай атаулы акциялар;

3) құрылтайшылармен төленетін бір акцияның номиналдық құны-1 000 теңге;

4)  артықшылықты  акциялар бойынша дивидендтің кепілді көлемі – жоқ.

     Инвестициялық бағдарлама – қаржылық нарықта шарттардың өзгеруі әсерінен “Казпочта” АҚ активтерінің өсуін және бағалы қағаздардың инвестициялық портфелінің өсуін сонымен қатар операциялардың табыстылық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ететін активтермен сапалы басқаратын механизмдерді анықтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Қоғамның инвестициялық бағдарламасының мақсаты, бағалы қағазадар потфелінің көлемін өсіру, инфляциядан активтердің оптималды құрылымын сақтау және диверсификация арқылы алынған салымдардың сенімділігі негізінде табыс алу болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін, келесі мәселелерді шешу қажет:

1)    Қоғамның бағалы қағаздар портфелінің көлемін өсіру арқылы активтердің көлемін кеңейту;

2)    Инвестициялық портфель бойынша табыстылықты жоспарланған 5-7% жылдық деңгейде ұстау.

“Казпочта” АҚ инвестициялық портфелі көлемінің өзгеруін келесі 9 суреттен көруге болады.

Қоғаммен 2004-2008 жылда жүзеге асыратын операциялар әр түрлі белгілері бойынша топтастырылады, бәрінен бұрын инвестициялық объектісі бойынша.

Бағалы  қағаздар портфелінің орташа табыстылығы 2004 жылы 6,93 жылдық пайызды құрады.

Бекітілген табыстылық құралдары

     Мемлекеттік бағалы қағаздар:

1)    Ұзақ мерзімді – МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ, ЕВРОНОТАЛАР, жергілікті атқарушы органдардың муниципалды облигациялары.

2)    Орта мерзімді – МЕОКАМ, МЕИКАМ, жергілікті атқарушы органдардың муниципалды облигациялары.

3)    Қысқа мерзімді – ҚР Ұлттық банкінің ноталары.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

1)    ҚР заңына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық (корпоративті) бағалы қағаздары.

2)    Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес қарыздық бағалы қағаздары.

3)    Келесі халықаралық қаржылық ұйымдармен шығарылатын бағалы қағаздар:

3.1 Даму және қайта құру халықаралық банкімен;

3.2 Даму және қайта құру Европалық банкімен;

3.3 Америкааралық даму банкімен;

3.4 Халықаралық есептеу банкімен;

3.5 Азиялық даму банкімен;

3.6 Африкалық даму банкімен;

3.7 Халықаралық қаржылық  ұйымдармен;

3.8 Исламдық даму банкімен;

3.9       Европалық инвестициялық банкімен;

4)    Шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары:

5)    ҚР ұйымдарының ипотекалық облигациялары;

6)    АҚ “Қазақстан даму банкінің” облигациялары;

7)    Саудалық құрал жабдықтар:

7.1 Займды  тарту, депозитке орналастыру (размещение) (ДЕПО операциясы);

7.2  “РЕПО” операциясы;

7.3  Конверсияланған операциялар.

Қазіргі кезде Қазақстанда тек зейнетақылық активтерді басқару бойынша компаниялар, ірі институционалды инвестор болып табылады.

     Бағалы қағаздар нарығы. 2006 жылы 1 қаңтарда корпоративті бағалы қығаздар нарығында акция эмиссиясын жүзеге асыратын 2940 акционерлік қоғам, 62 брокер-дилерлер, 18 тіркеушілер, 11 банктік-костодиондар, және инвестициялық портфельді басқаратын 25 ұйым тіркелген.

     2005 жылы 137 акция эмиссиясы (2002 жылы 86 эмиссия) және номиналды құны 88,7 млрд.теңге болатын 30 мемлекеттік емес облигация эмиссиясы тіркелген (2002 жылы 25 эмиссия, номиналды құны 48,2 млрд.теңге). 2004 жылы 1 қаңтарда айналымда 3521 әрекет етуші акция эмиссиясы және номиналды құны 178,5 млрд.теңге болатын 71 әрекет етуші мемелекеттік емес облигация болды [21,11бет].

Айналым мерзімі үш жыл болатын мемлекеттік бағалы қағазадардың табыстылығы 2002 жылда 8,30 жылдық пайызды құрады сонымен қатар оның бағасы төмендеді және аукционның соңғы қорытындысы бойынша 2004 жылдың қаңтарында олардың табыстылығы 6,09 жылдық пайызды құрады.

Тәжірибе көрсеткеніндей, едәуір құлаудан кейін нарықтың тұрақтануы болды, оған ұқсас жағдай 2001 жылда көрінген, яғни сәуір айынан бастап, мамыр айы бойы  МЕОКАМ бойынша аукцион табыстылығы 9,99 % -дан 8% төмендеуі, табыстылықтың төмендеуі, сұраныстың төмендеуіне алып келді.

Сонымен мынандай қорытындыға келуге болады, яғни орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағазадар табыстылығы 2004 жылы және одан келесі жылдары өспейді және тұрақты деңгейде 6,00 -6,20% болады.

KASE – да келісімдердің барлық қорытындысы  бойынша 2004 жылы 55 ұйым қатысты (ол 2003 жылы 52), екінші деңгейлі банктер 2004 жылы 72,6 % (2003 жылы 62,2%) барлық биржалық айналымды бақылады, келісімге 29 банк қатысты. Брокерлік – дилерлік компаниялар 2004 жылы 8,3 % биржалық айналымды (2003 жылы 3,5) бақылады, келісімде 19 компания қатысты. Зейнетақы нарығының субъектілері есептік кезеңде келісімнің жиынтық көлемінің тек 41% бақылады

“Казпочта” АҚ үлесіне 2004 жылы 1,341% биржалық айналым келді (2003 жылы 0,3%). KASE арқылы жасалған операциялардың жалпы көлемі 2004 жылы 139,93 млрд.теңге құрады. Репо және кері репо бойынша жасалған келісімдердің көлемі 192,2 млрд.теңге . Ал мемелекеттік бағалы қағаздарды  сату және сатып алу бойынша жасалған келісімдер көлемі 10,70 млрд.теңге.

Бағалы  қағаздар портфелінің орташа табыстылығы 2004 жылы 6,93 жылдық пайызды құрады.
Тағы рефераттар