Кедейшілік туралы қазақша реферат
Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі әдебиеттерден кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ.
Кедейшілік – бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап болған және Конституцияда қабылданған өмір сүруге деген құқықпен бостандықты толық қолдана алу мүмкіндігінен айырылған белгілі бір халық тобы [1].
Кедейшілік – бұл адамның қажеттілігі оны қанағаттандыру мүмкіншілігінен жоғары болуы [2].
Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігі ең төменгі деңгейдегі ақшалай мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану – физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік экономикалық жағдайы [3].
Кедейшілік – индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.
Жалпы кедейшілікті бірнеше әдістер арқылы қарастырып көрсетуге болады. Біз түрлі осы зерттеу мәселесімен айналысатын философия, экономика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, статистика, саясаттану білім салаларының талқылауларын қоса отырып, кедейшілікке анықтама беріп көрейік.
Негізгі осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін (А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер, Ж.Прудон, Э.Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри) және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдар). А.Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерилерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зертейді.
Соңғы 20-30 жылдары кедейшілікпен күресудегі әлеуметтік саясаттың пайда болуына себепші болған кедейліктің альтернативті теориясы жасалынды. 1980 жылдары кедейшіліктің эмпирикалық анықтамасы (Лейдендік анықтама) адамдардың жеткілікті минималдық табыс туралы ойлары, пікірлері белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілгендей, кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Кедейлікті 18 ғасырдағы А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады.
19 ғасырдың ортасында Г.Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға берді. “Әлеуметтік статика” деген еңбегінде ол кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл толық шешу мүмкін емес. Г.Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерилерін анықтау мүмкін еместігін өзінің әдістемелік тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі – қайыршылық. Г.Спенсер кедейлікті тұлға дамңуының қозғаушы күші ретінде бағалайды. Ф.Гидденс кедейлікті түрлі бағалайды: бір жағынан ол еш жойылмайтын зұлым, екінші жағынан ол әлеуметтік прогесс серігі.
Ағылшын ғалымдары Ч.Бут пен С.Раунтри 19 ғасырдың аяғында зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз ету қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч.Бут пен С.Раунтри – олар бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С.Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады.
Содан бері келе 20 ғасырдың 60 жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М.Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну, тамақ ішу тағы басқа ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түседі.
20 ғасырдың 70 жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін салушылар Маршалл мен П.Таусенд. олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелген. П.Таусенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі”.
Кедейлік мәселесі ТМД елерінде соңғы 10-15 жылдар көлемінде кеңінен зерттеліп келеді. Бұл мәселе кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С.Г.Струмилиннің бастуымен 1918ж Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де – билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік – бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е.Н.Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:
Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.
Абсолюттік кедейшілік — индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.
Салыстырмалы кедейшілік — басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік – бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.
Жоқшылық — бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.
Депривация — бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.
Шетқалушылық – кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.
Қуып жететін кедейшілік – бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.
Бірден бір осы кедейшіліктің адамға әсері ол (мысалы, депривация оның түрлері) кедейлер жоғарғы мәдени құндылықтарды дұрыс нақты қабылдай алмайды; оларда қоршаған ортадағы шынайылықты дұрыс қабылдау сапасы жеткіліксіз қалыптасқан. Осыған орай, кедей топтар шынайы нақтылықты кері бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация кедейлердің ерекшелігін көрсетеді. Денсаулыққа көпбалалылыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты материалдық және мәдени құндылықтарға қол жетпеуі адамдарды шет қалуға алып келеді. Қалыпты өмір сүруге қажетті жағдайлардың жетіспеуі адамның күнделікті құқықтарының шектелуіне және қалыпты өмір салтын сақтай алмауына алып келеді. Нәтижесінде олар отбасында қалыпты қарым-қатынас құра алмайды және олар қоғамдағы ауытқымалы мінез-құлыққа бейімдеу келеді. Сонымен қатар, бұндай адамдардың экономикалық дұрыс қалыптаспағаны олардың балаларының мектептегі сабақ үлгерімінен де көруге болады. Ата-аналар өздері сауатсыз, әрине балаларының сабақтарына көмектесе алмайды және бұндай отбасыларының ішінде білімнің беделі болмайды және жоғарғы құндылық ретінде саналмайды.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі өзінің сандық ақпарат беруінде де және әлеуметтік-экономикалық саясатында кедейшілік концепциясының негізгілері түріне көп жүгінді [4].
Осы екі кедейшілік концепциясымен келісе отырып, абсолютті кедейшілік ол салыстармалы кедейшілікке қарағанда, ертеректе қалыптасқан тарихи болып келеді. Салысмтырмалы кедейшілік түсінігі соғыстан кейінгі уақытта белең ала бастады. Оған жататындар: сол қоғамның орта деңгейдегі жағдайынан төмен табысы бар отбасылар болды.
Осы жоғарыда көрсетілген кедейліктің классификациясына қоса, тағын экономикалық жағынан дамыған шет елдерде (мысалы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания ж.т.б.) кедейліктің психологиялық жағына былай айтқанда «субъективтік» аспектілеріне көп назарын аударады
Психологиялық әдіс тек кедейліктің қанша екенін анықтап қана қоймай сонымен қатар адамның қоғамнан қаншалықты алшақтап кеткенін және оның ішкі позициясын, жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кедейшіліктің зерттеудің бұл түрі біздің елде әсіресе, қазіргі демократиялыққа өту кезеңінде өте тиімді деп санаймын. Келесі бір шетелдік ғалымдар жоғарыда айтылып кеткен кедейліктің түрлерінен басқадай түрлерін көрсетеді. Олар кедейлікті екіге бөліп көрсетеді: алғашқы және екінші кезектегі кедейшілік. Алғашқы кездегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланатын және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.
Күштілердің кедейлігі – төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабелітті адамдардың өзінің еңбегімен қазіргі өмірге сәйкес өмір сүруге жеткілікті табыс таба алмайтындай болуының нәтижесінде қалыптасатын кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономикалық кедейлік ретінде қарастырамыз.
Кедейлердің өмір сүру еңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да критерилеріне қарай әр түрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер, кедейлердің ең төменгі тобы тағы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мұқтаждық көруші адамдар жатады. Бұл топты андертапқа жатқызуға болады.
Андертап – қоғамдағы азғындаған кедей адамдар. Олардың көпшілігі маскүнемдер, нашақорлар, жезөкшелер сияқты адамдық кейіптен айырылған топтарды құрайтын әлеуметтік топтар иерархиясының ең төменінен орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей бөлігі және оның қоғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді. Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар.
Бомждар – олар баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж ол кедейліктің ең түбіне жеткен адам болып саналады. Бомж олар тек баспанасыз ғана емес сонымен қатар жай қарапайым элементарлық өмірлік жағдайларсыз қалған топ яғни, медициналық көмекке қолы жетпейді, пропискасы жоқ, жұмысы жоқ тағы басқа себептері бар.
Кедейлік көпмағыналы, қарама-қайшы түсінік. Кедейлікті тамақ, баспана сияқты материалдық ресурстар тұрғысынан ғана түсінуге болады. Сонымен қатар, өмір сапасын да ескеру керек. Оған тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, жылу беру жүйесімен қамтамасыз етілуі немесе оған қолы жетпеуі кіреді. Кедейліктің таралуы және көлемі туралы ақпаратты балалар өлімі, сауаттылық пайызы, мектептік біліммен балалардың қамтылуы сияқты көрсеткіштер де береді. Кедейлікті сипаттайтын көрсеткіш – адамның қоғамның өміріне белсенді қатысуға қол жеткізуі.
Ғылымда кедейліктің деңгейін анықтауға көмектесетін әр түрлі категориялар мен түсініктер бар. Ең көп қолданылатын категориялардың бірі — өмір сүру деңгейі категориясы. Өмір сүру деңгейі жалпы индикатор ретінде көрінеді. Өмір сүру деңгейі дегеніміз тұрғындардың қажетті материалдық қажеттіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың қол жеткен тұтыну деңгейі және тиімді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.
Өмір сүру деңгейін зерттеуге мемлекеттің тұрғындары не жекелеген әлеуметтік топтар, табысы әр түрлі отбасылары қалыптастырылады.
Социологтар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төрт деңгейін көрсетеді:
- жеткіліктілік.
- қалыпты деңгей (адамның физикалық және интеллектуалдық күшін қалыпқа келтіруді қамтасыз етуші ғылыми негізделген нормаларға сәйкес тұтыну).
- кедейлік (адамның жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында тұтыну).
- қайыршылық (биологиялық критерилердің минималдық деңгейіне сәйкес адамның тек қана өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайлар мен қызметтерді тұтыну).
Халықаралық деңгейде өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесін құруға алғашқы талпыныстарды 1960ж БҰҰ-ң жұмыс тобы жасаған. Бүгінгі күнге дейін бұл көрсеткіш нақты жалақы индексімен анықталып отырған. БҰҰ 1978 ж осы өмір сүру көрсеткіштерінің соңғы нсқаларын жасп шығарды. Оларды атап көрсететін болсақ 12 негізгі топты кіргізуге болады:
- туу, өлім және басқа да демографиялық сипаттамалар.
- өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары.
- азық-түлік тауарларын тұтыну.
- тұрмыс жағдайы.
- білім және мәдениет.
- еңбек жағдайлары мен еңбекпен қамту мәселелері.
- халық табысы мен шығыны
- өмір құны мен тұтыну бағалары.
- көлік мәселесі.
- демалысты ұйымдастыру
- әлеуметтік қамсыздандыру
- тұлға бостандығы.
Кедейшіліктің шығу себептері. Нарықтық қатынасқа көшу, өндірістік қатынастардың, әлеуметтік жағдайдың түбірімен өзгеруі Қазақстан тұрғындарының жаппай кедейленуіне алып келді. Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылымға өтуінің нәтижесінде кедейлік мәселесінің өзектілігі арта түсті. Қазақстандық кәсіпорындар шикізат берушілерге және өзінің өнімін тұтынушыларға тәуелді болды. Жаңа, нарықтық
Кономикалық механизмдер бірден жоғары қарқын алып, қоғамдық өмірде беки алмады. Бұл жағдай күрделі экономикалық өзхгерістерге алып келді. Соның ішінде шаруашылықтың күйреуіне, өндіріс зауыттардың жабылып қалуына соның нәтижесінде, жұмыссыздықтың етек алуына алып келді. Сондықтан да қазақстандық экономиканың нарықтықжағдайға құрылымдық бейімдел алмауы кедейліктің Қазақстанда пайда болуының нгізгі себптерінің бірі болып есептеледі. Екінші жағынан алғанда, тұрғындардың өздері де жаңа нарықтық қатынастарға дайын емес еді. Өтпелі кезеңнің басынан бастап кедейлікке әсер еткен кәсіпорындар қызхметінің тоқтауы, олардың банкротка ұшырауына, инфляция, жұмыскерлердің еріксіз демалыстарға кетуіне, жұмыссыздыққа, бағаның либералдануына және тағы басқа себептерге байланысты.
Жалпы кедейшіліктің бастамасы ол жоғарыда айтып өткенімдей, нарыққа өту кезеңінен бастама алған жоқ, ол ертеде адам баласы пайда болғалы бері келе атқан құбылыс. Бұл өзекті мәселе Кеңес уақытында жабық мәсеое дискуссияға берілмейтін болған және ол тек капиталистік жүйенің негативтік жағы ретінде ғана қабылданған болатын. Кейбір кедейшілік туралы мәселелер 70 жылдары ғана елдегі жағдайы нашар балаларға жәрдемақы беруді енгізген кезде ғана көтерілген болатын. Ал ашық күрделі әлеуметтік мәселе ретінде 80 ж соңында қайта құру кезеңінен бастап етек алды. Осы кезде экономикалық, әлеуметтік өмірде үлкен төңкеріс болды және осы қайта құру кезеңінің негативтік жақтарынан халықты әлеуметтік қорғау механизмі қалыптаса бастады. Содан бастан кедейшілік қоғамның күрделі өзекті мәселесіне айналды.
Кедейшіліктің шығу сеебептері елдің түрлі геограциялық жағдайына, экогологиялық жағдайына, климаттық жағдайына байланысты. Осы жағдайлар түрі аймақтардағы халықтардың өмір сүру деңгйін көрсетеді және олрдың табыстарының, жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы айырмашылықты көре аламыз.
Кесте 1. Кедейшіліктің негізгі себептері [6]
Кедейшіліктің көрсетілген себептері | 2005 % | 2006 % |
Еңбектің төмен төлемі | 35,4 | 43,7 |
Тұратын жері бойынша тұрақты жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы | 17,8 | 17,0 |
Ешқандай жұмыстың реті жоқ | 21,5 | 13,0 |
өзім үйренген жұмыстың болмауы | 8,4 | 7,5 |
өзгесі | 5,5 | 5,8 |
Табыстары жоқ асыраудағы жандардың саны (балалар, ата-аналар, туған-туыстар) | 5,0 | 5,4 |
Денсаулықтың жарамсыздығы | 4,1 | 4,1 |
Жеткіліксіз білім деңгейі | 0,8 | 1,5 |
Әлеуметтік көмектің болмауы, өйткені табыс табудың ешбір мүмкіндігі жоқ | — | 0,8 |
Жеткіліксіз білім деңгейі | 0,8 | 0,7 |
Әлеуметтік баламасыз отбасы мүшелерінің болуы (маскүнемдік, нашақорлық) | 0,7 | 0,3 |
Тұратын мекендегі қолайсыз жағдайлар (экономикалық және экологиялық нашар ахуал) | — | 0,2 |
Кесте 2. Материалдық әл-ауқатты жақсарту факторлары [6, 33]
Көрсетілген факторлар % | Барлығы % | Соның ішінде | |
Қалада тұратындар % | Ауылда тұратындар % | ||
Жалақыны көтеру | 46,1 | 49,9 | 42,5 |
Жұмыс беру | 35,0 | 29,3 | 40,4 |
Зейнетақыны көтеру | 11,6 | 13,2 | 10,2 |
Кәсіптік деңгейді көтеру | 1,8 | 2,2 | 1,4 |
Өз ісін ұйымдастыру үшін бастапқы капиталдың болуы | 1,6 | 1,4 | 1,8 |
Денсаулық жағдайын жақсарту | 1,5 | 1,6 | 1,3 |
Шағын бизнес үшін несие беру | 0,7 | 0,4 | 1,1 |
Әлеуметтік төлемдердің деңгейін көтеру | 0,7 | 1,0 | 0,3 |
Әлеуметтік көмектің түрлерін арттыру | 0,3 | 0,3 | 0,2 |
Өзге елге көшу | 0,3 | 0,4 | 0,1 |
Жер алу және сонда жұмыс істеу | 0,2 | 0,1 | 0,4 |
Тұрғылықты мекенді ел ішінде ауыстыру (қаладан ауылға немесе керісінше) | 0,1 | 0,0 | 0,2 |
Өзгесі | 0,1 | 0,2 | 0,1 |
Кеңес Одағы құлағаннан кейін еркіндік пен тәуелсіздік алған елдерде кедейлік өсе түсуде. Бұл кедейлік проблемасы сол кездегі қоғамда болмады деген сөз емес. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде барлық елдерде кездеседі. Бірақ, сол елдің даму деңгейіне байланысты ерекшелінеді. Кеңестік дәуірдегі кедейлік те белгілі бір дәрежеде болғанымен, өзекті проблема ретіне қарастырылмаған. Кеңестік өкімет тұсында барлық еңбек жасындағы тұрғындарды жмыспен қамту әр түрлі топтағы көмек керек адамдарға мемлекет тарапынан әр түрлі төлем ақылардың болуы кедейліктің сол кездегі сипатына әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кезінде кедейлік жойылды деген саясатқа байланысты бұл процесті зерттек тоқтатылып, «кедейлер» ұғымының орнна «жағдайы төмен адамдар» ұғымы қолданылды. Кеңес Одағы да тұрғындардың едәуір бөлігі кедейлік жағдайында болған елдердің қатарына жатты. Кеңестік мемлекет ыдырағаннан кейін бұл кеңістікте кедейлік тереңдеп, кеңейе түсті. Посткеңестік аймақтағы елдерде ескі экономикалық және саяси жүйенің күйреуіне байланысты экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыстар басталды. Жаңа экономикалық механизмдердің бірден қарқын алып кете алмауы шаруашылықтың күйреуіне, жұмыссыздыққа және басқа да күрделі жағдайлардың қалыптасуына алып келді.
Қазақстанда кедейшіліктің жағдайы жоғарыда көрсетілгендей, экономикалық дамыған елдердегі кедейшіліктің жағдайынан айырмашылығының бар екенін көреміз. Осыған байланысты аргументтер жеткілікті, солардың бір-екеуін келтірейік. Біріншіден, Қазақстанда жалақының кешіктірілуінен, басқа да әлеуметтік көмектерг.е қол жеткізе алмауынан, қосымша қаражаттың жоқтығынан (тіпті олар болса да, қалған күндерге, елдегі инфляцияның өте жоғары қарқыны жиналған қаражатты жеткізбейді) босқындықта жүрген адамдар категориясы өте үлкен. Екіншіден, кедейлердің сапалық жағын (білімі, мамандық дайындығы) басқа мемлекеттермен салыстыра қарағанда ерекшеленеді. Қазақстандағы кедейлердің құрамы мамандандырылған жұмысшылардан, білімді қызметкерлерден, жоғары білімді интеллигенциядан және еңбекке жарамды халықтар бөлімінен тұрады. Яғни, бұл адамдар жағдай жасалынған жағдайда экономикалық дамуды тек қолданылып отыратын емес, керісінше өз үлестерін тигізе алатын адамдар тобы.
Нарықтық жағдайға өту кезеңінің басында яғни, нарықтық жағдай әлсіз дамыған кезінде Қазақстанның әлеуметтік құрылымы келесідегідей пирамиданы құрады.
Пирамиданың жоғары бөлігін «Элита» яғни, басқару тобы – саяси, идеологиялық, басқару ісімен айналысатын негізгі функцияны атқарушы топ құрайды. Пирамиданың негізгі бөлігін ортаңғы топ яғни, еңбек етшілер мен жеке меншікке құқықтары жоқ, еріксіз жұмыскерлер, элитаға толғымен бағынышты топ құрайды. Қайта құру кезеңінің негізгі әлеуметтік базасы ретінде осы топ саналатын, ал кейін олардың өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көңілдерінің толмауы осы реформаға себепші болды. Кейіннен олардың қоғамдағы алатын әлеуметтік мәртебесінің объективтік нашарлауна алып келді. Бұдан көретініміз келе-келе пирамиданың ортаңғы емес, төменгі яғни, кедей таптың үлесінің көбеюіне алып келді.
Кесте 3. кедейшілік деңгейінің сандық көрсеткіші [7]
Кедейшіліктің сандық көрсеткіші | Барлығы | Қала | Ауыл |
Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халық саны | 30,9 | 27,9 | 33,9 |
Кедейлік тереңдігі | 9,2 | 7,6 | 11,2 |
Жалпы нарықтық экономикаға өту, ол тек қана Қазақстанға ғана емес сонымен қатар, жаңа мемлекеттердің көпшілігі бірнеше экономикалық дағдарысқа ұшырады, ол еңбек нарығындағы жағдайдың нашалауына, соның салдары ретінде, кедейшілік деңгейінің өсуіне себеп болды.
. Достастық мемлекеттердегі кедейшілік сипатына халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі ерекшеліктер қатты әсерін тигізді. Жаңа мемлекеттер, бүкіл халықты дерлік қамтитын және оған әлеуметтік кепілдіктердің біршама жоғары деңгейін қамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік кепілдіктердің біршама жғары деңгейін қамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік қорғау жүйесін мирас етті.
Аймақтық экономиканың дамуында ұзақ және орта өндірістер маңызды рөл атқарады. Олар жұмыссыз халықты жұмыспен қамтамасыз етуде басты үлесті алады және экономиканың өсуі мен өнім өндіру үшін қажетті қайнар көз болып табылады. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуде көптеген жұмыс орындарын ашу елдегі жұмыссыздықтың біршама азаюына және кедейшіліктің болмауына алып келеді.
Осыған орай жалпы аймақтық көрсеткіш бойынша 2003 жылы елде 244,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 273,5 мың жұмыспен қамтамасыз ету мекемелеріне тіркелгендердің екеуінің бірі жұмыспен қамтылған. Бұл статистикалық мәліметтерге қарап мемлекеттің мұқтаждығы бар халыққа жасап отырған қамқорлығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ та елдің географиялық жағдайы, табиғаты, экономикалық жағдайы әр аймақта алуан түрлі болғандықтан, көрсетіліп отырған көмектер жеткіліксіз.
Әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі жоғарыда айтып өткендей қазіргі оларды алушылардың кедейшілік деңгейін азайтуға толық шамада жәрдемдесе алмай отыр. Жалпы, зейнетақымен қамсыздандыруды қосқанда, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік қауіптер орнаған жағдайда халық кедейшілігінің алдын-алу мақсаттарында одан әрі жетілдіруді, оның нысанылылығын күшейту мен тиімділігін арттыруды талап етеді. Алдағы уақытта әлеуметтік тьөлемдердің мөлшерін өсіруді қосқандла, бірқатар шаралар қабылдау қажет. Міндетті әлеуметтік сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысанына айналуы тиіс. Оған қосымша, әлеуметтік саясат еңбюек және әлеуметтік қатынастарды аймақтық экономикалық теңсіздіктерді түбірімен жоюға бағытталуы керек. Әсіресе, көп балалы отбасыларға, соның ішінде ауылдық жерлердегі отбасыларына, толық емес отбасыларына, жағызбасты аналарға, қарт адамдарға, әлеуметтік оқшауландырылмауы үшін мүгедектерге, мигранттарға, әсіресе оралмандарға, босқындар мен шарасыз қоныс аударғандарға жаңа орынға жайғасулары мен олардың кәсіби мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалану үшін ерекше көңіл бқлу қажет. Мемлекеттік атаулы көмегі ақшалай түрде немесе кедей тұрмысты отбасылар, әсіресе балалар үшін азық-түлік және бөтен тауарлар беру түріндегі заттай жәрдемақылармен ұштастырылғаны жөн. Әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік жұмыскерлер институты жұмыс істейді. Осындай шаралар кедейшілік деңгейін азайту бойынша анағұрлым нысаналы және икемді қызмет жүргізуге септігін тигізер еді.
Бүгінгі күні осындай мемлекетке тәуелді халықтың санын азайтудағы әлеуметтік қорғаудың рөлі өте зор. Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. “Әлеуметтік қорғау” түрлі елдер әрқалай түсінеді. Дамыған елдердің көпшілігінде “әлеуметтік қорғау” термині үкімет ұйымдастыратын әлеуметтік бағдарламаларға және мұқтаж адамдарға ақшалай және заттай нысанда бөлінетін құжаттарға қатысты қолданылады. Жалпы халықты әлеуметтік қорғау – адамдардың өмір сүруіне керекті жағдайларды қамтатасыз ететін шаралар жүйесі.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуындағы үш кезеңді өлшеуге болады. Бірінші кезеңде (1992-1996) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жаңа заңнамалық база жасау қолға алынып, халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек төлемі, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері және халықтың ең осал топтарын әлеуметтік қорғау сияқты басым бағыттардағы әлеуметтік серіктестіктерді дамыту үшін негіздер қаланды. Екінші кезеңде (1997-1999) экономиканың өрлеуіне байланысты белсенді саясат жүргізу үшін мемлекетке нақты мүмкіндік пайда болды. Бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды, мәселен, халыққа шағын, несие беру бағдарламасы, қоғамдық жұмыстарды дамыту, зейнетақы жүйесін реформалау және басқалары. 1999 жылы сәуіп айынан бұрын қолданылып келген жеңілдіктер арнайы мемлекеттік жәрдемақы нысанындағы ақшалай төлемдерге өзгертілді. Мұндай шара мемлекеттік бюджет қаражаттарын анағұрлым ұтымды пайдалануға, оның орындалуына бақылау жүргізуге, сондай ақ әлеуметтік көмекті атаулы көрсетуге және бұрын жеңілдіктер пайдаланып келген барлық азаматтар үшін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға бірдей мүмкіндік жасауға жағдай туғызды.
Халықты әлеуметтік қолдау мәселесі әрдайым мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде.
Халықты әлеуметтік қолдауды одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін Республикалық семинар-кеңестің талқылауына Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауының аясында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, аз қамтылған балалы отбасыларын әлеуметтік қолдау, мүгедектерді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының орындалу мәселесі шығарылды.
Осыған орай, басты назар 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне, оны іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысында орын алған кемшіліктерге, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындау мәселелеріне аударылды.
Жұмыссыздықты азайту кедейлікті азайтуға да әсерін тигізеді. Біздің есебіміз бойынша жұмыссыздықты 2,8%-ға дейін азайту, бұл фактордың кедейлікке тигізетін әсерінің мүлде жойылуына әкеп соқтырады. Яғни, бұл көрсеткіштің мәнділігі төмендей бастайды. Мұнымен қатар еңбек ақы төлеу рөлі артады. Мұны ҚР Статистика жөніндегі агентігі жүргізген үй шаруашылықтарын сұрау нәтижелері де дәлелдеді. Табысы төмен үй шаруашылықтарының жартысы 2003 жылғы кедейліктің негізгі себебі — төмен еңбек ақы десе, ал үштен бірі — жұмыстың жоқтығы деп жауап берді.
«АӘК деңгейі», яғни, АӘК алушылар санының орташа республикалық көрсеткішпен салыстырғандағы өте кедей адамдар санына қатынасы кедейліктің ең төмен деңгейімен қалыпты байланысты көрсетеді (корреляция — 0,46-ға тең). Кедейлікке байланысты корреляция азық-түлік қоржыны бойынша пайызбен — 0,33 болды. Мұның өзінде бұл көрсеткіштің орташа республикалық мәнге қарағанда 2 есе артуы шектен шыққан кедейлікті 18,4%-ға азайтады. Кедейлік себебін үнемі бақылау және оның азаюына ықпал ететін жекелеген факторларды бағалау бұл процесті басқаруға мүмкіндік беріп, еліміздегі кедейлікті азайту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша мемлекеттің атаулы көмегін сұраған үй шаруашылықтарының үштен екі бөлігінен астамы оның маңыздылығын танып, үй шаруашылығының бюджетіне оң ықпал жасайтынын көрсеткен. Соған қарамастан, үй шаруашылықтарының үштен бір бөлігі атаулы көмектің пайдасыздығын атаған, өйткені мұндай көмек іс жүзінде олардың материалдық жағдайларын өзгертпеген. Оның үстіне, кедей тұрмысты халықтың 60%-н астамы мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін мүлде сұрамаған, өйткені, олардың пікірі бойынша, не оны алуға үміт артпаған, немесе осындай көмек алуға өздерінің құқықтарын растау үшін анықтамалардың ұзын санын жинау қиын болған, немесе оларды төлемдердің төмен мөлшері қызықтырмаған.
Жалпы аймақтық тұрғыда көрсетіліп отырған көмекті айтатын болсақ олар төмендегідей мәліметтерді береді. Атаулы көмек 2003 жылы Алматы облысында 914 мың адамға көрсетілген болатын. Нақ сол кезде астана қаласында атаулы көмек 2 мың адам алды. Ал келесі жылы аймақтық деңгейде бұл көрсеткіштер екі еседей қысқарылды. Қызылорда облысында ол 36,3 пайызға қысқарылды, ал батыс Қазақстанда, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында бұл көрсеткіш 12 пайыздан 16 пайызға көтерілді.
Тағы рефераттар
- Мемлекет
- Банктердің есеп айырысу шотындағы есептің жүргізілуі
- Қазақстандағы қызыл кітап туралы
- Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау
- Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі