Сабақтың максаты: нұсқаға қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Ұлттық бұйымның қолдану мақсатымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Келі және оның өлшемдөрінін пропорциялық қатынастарын көрсетуге арналған оқушылар үшін дәптер, қарындаш, өшіргіш
Сабақтың кезеңдtрі: бірінші — нұсқаны көрнекті жерге орналастыру; екінші — нұсқаның өлшемдер қатынасына, құрылысына талдаулар жасау; үшінші — келі-келсаптың қазақ халқының тұрмысындағы маңызы; төртінші— келіні бейнелеу жолдарын таблица арқылы немесе тақтаға салып көрсету . Төртнші — оқушылардың бейнелеу жұмысы .
Сабақтың барысы: Келі қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын бұйымның бірі, ол формасы жағынан шелекке, кастрольге ұқсастықтары бар.
Келі-келсап – тары, бидай т,б. дән.ді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңқыл келі. Бұл келінің түбінің жайпақ тегіс немесе шұңғыл болып келуіне байланысты. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі тарыны жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады. А5аш келіні қайың, қарағай сияқты қатты ағаштан ойып жасайды. Мұның темірден жасалған түрін темір келі деп атайды. Келінің түйгіш ағашы (немесе темірі) болады оны келсап дейді. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалады, қолға ұстайтын жерінен қолайлы қос тұтқа шығарылады.
Тағы рефераттар
- Құжаттарды есепке алуға қойылатын талаптар және есептік құжаттар
- Отбасының заман талабына сай мәселелері
- Мақта мүшелерінде мыс элементі мөлшері және топырақтан шығуы
- Қонақ үй индустриясы
- Имидждің туризм саласындағы рөлі