Өмірдің барлық жағдайларына арналған гардеробты таңдағанда, түстердің үйлесуімен санасу керек, ол киімнің әр түрлі бөлшектірін араластыруға тиімді.

Ең бастысы, сізге жарасатын негізгі екі түсті таңдау керек, сонда сізде қырықтың шамасында үйлесімдер жасауға мүмкіншілік пайда болады.

Мысалы, сіз екі қымбат костюм сатып ала аласыз – қара-көк, ақшыл сұр немесе сұр. Көк комтюмде блейзер болуы мүмкін, ол көптеген белдемшемелермен үйлесе алады, сондықтан оны жыл бойы кие беруге болады. Сұр бешпеттің жағасы жоқ, бірақ қиығы бар түрін  алуға болады, оны әр түрлі бұйымдармен әшекелеуге болады.

Сөйтіп, негізге екі түсті алып, оған сәйкес  блузкаларды, свитерлерді, шарфтарды, пальтоларды, қалпақшаларды, шұлықтарды, аяк-киімді, белбеулерді, әшекейлерді және сумкаларды дұрыс таңдай білу керек. Мысалы, бірнеше бір түстес негізгі  костюммен үйлесеін блузкаларды сатып алуға болады, немесе басқа реңді,  көзге онша түспейтін суреттірі бар, бірақта костюмнің екеуімен де үйлесетін блузкаларды алуға болады. Бірақ блузкаларыңыздың мойын жағы әр түрлі тігілген болғаны жөн.

Ақшыл сұр немесе сұр костюмнің бешпеті көк белдемше мен сұр-қызғылтым-көк шарфпен әшекейленген блузкамен жақсы көрінеді. Бұл нұсқада інжу, алтын бау сияқты әшекейлер сәйкес келеді.

Костюмнің қара-көк бешпетін әр түрлі үйлесімдерде қолдануға болады. Сумка мен аяқ-киім, қара немесе қара-көк болуы керек, ол кез келген киіммен сәйкестену үшін маңызды.

Аксессуарлар — сіздің жақсы талғамыңызды көрсете алады. Акссесуарлар арқылы бір костюмді мүлдем басқа жағынан көрсетуге болады, сөйтіп оны әр түрлі жағдайға және мезгілге сәйкестендіре аласыз. Өзіңіздің жеке бейнеңізді көрсеті үшін, оны әр түрлі шарфтармен, белбеулермен, әшекейлермен араластыра аласыз. Сумканы таңдау да аса маңызды рөлді ойнайды. Оны өзіңіздің бейнеңізге сәйкестендіріп таңдауғы тырысыңыз. Өзіңізге айнаға қарап, сумканың өзіне тағайындалған ісіне ғана емес,  сіздің киім стиліне лайық екендігіне көз жеткізіңіз. Көбінесе қошқыл және тегіс сумкаларды таңдауға тырысыңыз, таза теріден жасалғаны лазым, осындай сумкалар кез келген костюмдерге жараса береді. Оның мүмкіншілігіне қарай сыйымды, бірақ сонымен қатар көрікті болғаны жөн.

Тым жылтыр, тербелгіш, сылдырлағыш  заттардан (мысалы, тым көп білезіктер),  сіздің бетіңізден және айтқаныңыздан көңіл бөлетін нәрселердің бәрінен бас тартқан жөн.  Үлкен алтын әшекей бұйымдары, жылтырлайтын гаухар тастар, ірі сырғалар, пілдің сүйегінен жасалған білезіктер, осының бәрі орында емес. Талғамсыз ірі әшекейлер тек қана өлшем түсінігінің жоқтығын  білдіре алады. Әшекей ретінде келесі бұйымдарды ұсынамыз:

Інжу (сұр, көгілдір, қызғылт, сарғыш),  камейлер;

Алтын-күміс моншақтары (гранат, оникс, яшма, лазурит, кәріптас, аметист);

Жасанды тастардан жасалғын моншақтар (коралл, кызғылт кварц, агат);

Түйрегіштер мен түрлі түсті сырғалар (аместист, топаз, гранит)

Дұрыс таңдалмаған әшекейлер сіздің бейнеңізді бұзып, іскери қарым-қатынас кезінде немесе пайдалы келісімге отырып жатқан кезде көңілді, бөліп тастай алатынын есте сақтау керек.Яғни  аксессуар әр киімге үйлесімді болып тұруы қажет.

Айыр қалпақ

Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Сәукеле

Ұзатылатын қыз — қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.

Ішік

Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.

Жарғақ шалбар

Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Аяқ-киім — аяқ-киімнің  маңыздылығы аз емес,  одан әйелдің жүріс-тұрысы бағынышты болады. Биік өкшелі аяқ-киімдер күнделікті өмір мен алыс сапарларға арналып шығарылған жоқ. Сізге ешкім сүйікті кроссовкаңыздан бас тарту керек деп айтпайды, бірақ өкшесі биік емес аяқ-киіммен кетіп бара жатқан іскери әйелді көру сирек кездеспейді. Менеджердің күнделікті жұмысында, яғни клиентпен қарым-қатынас орнатуда, сымбатты мүсін маңызды рөл атқарады, бірақ биік өкшелі аяқ-киім тепетеңдік сақтауға кедергі жасап, терең демалуға мұрша бермейді. Сондықтан өзінізге ыңғайлы, тапал өкшелі аяқ-киімді кию кажет. Қазіргі модада тапал өкшелі аяқ-киімнің көп түрлері бар. Егер сіздің жұмысыңыз алыс ара қашықтыққа жүрумен байланысты болса, немесе көп тұруға мәжбүр болсаңыз, онда сізге дәл осындай аяқ-киім керек. Жеткілікті аяқ-киім жиынтығын құру үшін, бір жұптан, қара, қара-көк, қоңыр, қара-қоңыр немесе қара сұр аяқ-киімдері керек болады. Тым жарқын түсті немесе авангард пішінді өкшесі бар аяқ- киімді киюге болмайды.

Егер сіз аяқ-басының өлшемінің көзге кішірек болып көрінуін талап етсеңіз,  онда шұлық пен аяқ-киімді қаралау түстерде таңдаңыз. Егер сіздің бойыңыз онша ұзын болмаса, щұлық пен аяқ-киімнің бір түстес болуы, аяғыңызды көзге ұзынырақ қылып көрсетеді. Ал ашық түстес шұлық пен, қара аяқ-киім бойыңызды кішірейтіп көрсетеді.

Макияж — макияждың негізгі мақсаты – сіздің табиғи әдемілігіңізді атап көрсету және келбеттің кемшіліктерін жасыру. Макияж өзіне көп көңіл аудармай, сонымен қатар терінің түсіне, шашқа, көзге сай келу керек. Байланыс кезінде адамдар ең алдымен тым көзге түсетін макияжды, содан кейін сізді көрмеу керек.

Жыл сайын косметикаға талғам ауысып жатады, фирмалар түрлі түстер мен реңдерді мезгіл сайын ұсынып отырады. Бірақ, ойлана кетсек, сіздің бетіңіз жыл бойында онша қатты өзгере қоймайды ғой. Сондықтан, бір мезгілде ашық түсті бояулар модада болып, ал келесі мезгілде басқа түс сұранысқа ие болғанына көп көңіл бөл бермеу керек.

Тым ашық, артық макияждан бас тарту жөн, себебі, клиент сізбен сөйлескенде, жұмыс туралы ойламай, макияждың астында қандай адам тығылып жатқанын ойлай беретін болады.

Жұмысына байланысты, клиенттермен өте көп сөйлесетін менеджерлерге, макияждың бірнеше заңдарын есте сақтау шарт. Себебі, макияжды қолдана отырып, сіз өзіңіздің ерекшеліктеріңінзді атап өткіңіз келеді,  сіз оларды тықпайсыз да, құрпайсыз да, сіз өзіңіздің табиғи көркемдігініңді   айқындайын деп жатырсыз. Ең алдымен, макияждың астына негіз қажет. Сіздің бетіңізге келетін жалғыз ғана негіз болмайды. Сондықтан, мүмкіндігінше профессионалға барып жолыққан жөн, ол сіздің теріңізге байланысты, қажетті негізді таңдауға көмектеседі. Тәжірибе қоюға қорықпаңыз, мүмкін кейбір жаңалықтар сіз үшін жаңа макияждың өте жарасымды екенін түсінуге көмектесетін шығар.

Негізді қолданғаннан кейін,  көздің бояуын жағып, көздің ісігін жасыру қажет. Содан кейн, жақ сүйекті бояп, бетініңдің құрылымдық бөліктерін айқындап қойған жөн. Мүмкін, сіздің көзіңіздің астында үнемі қапшықтар болмайтын шығар. Мысалы, сіз қатты шаршадыңыз, көп жұмыс істедіңіз. Осының бәрі ең алдымен көздің жағдайында көрінеді.

Қазіргі косметикалық рынок өте кең ауқымды комтетика ұсынуда, олар көз астындағы қапшықтардан құтылуға көмегін көрсетеді. Бірнеше кремдерді қолданым көріп, өзіңізге сәйкесін таңдап алыңыз, ол жұмсақ, әрі қою болмау керек. Кремнің түсі негізден сәл ашық болу керек. Кремді жаққаннан кейін мөлдір опа жағып, қайталаңыз. Оның үстіне кішкене негізді жағыңыз.

Көздің астындағы ісіктерге қаралау бояу жағуға болады. Сәл тәжірибелер жасап, сіз өзіңізге тән, қолайлы әрі осы кемшіліктерді жасыруға болтын нұсқаны таба аласыз. Беттің жақ сүйектерін бөле отырып, бетті неғұрлым тартымды қыласыз. Далал таңдағанда өте абай болыңыз. Сарғылт, ашық-қызғылт, қызыл түстерден бас тарту керек.  Жұмсақ реңдерге өз қалауыңызды беріңіз, олар кез келген жасқа келе береді: жұмсақ қызғылт, шабдалы түстес, қоңырқай қызғылт.

Көздің мәнерлілігін тушь арқылы немесе жұмсақ бояулармен көрсетуге болады. Жасыл, ашық-көгілдір, алша түстес сияқты түстерден қашық болып, ашық  қоңыр, сұр, сарғылт түстерге көңіл бөліңіз. Кірпікке арналған тушьтің түсі қара, кара-көк, түссіз болуы мүмкін, бірақ ашық күлгін түстерге тыйым салынады.

Көзді көркемдеп болғаннан кейін, ерін далапын қолданыңыз. Ең басты заң – қызыл далаптан сақ болыңыз. Ол түсті қолдансаңыз, сөйлесу кезінде, клиент тек қана сіздің далапыңызды ғана көретін болады, көзіңізге қарамай, сіздің не айтып жатқанызды түсіне алмай қояды.

Ерін далапының түсі, өз ерніңіздің реңіне сәйкес келу керек, киімге сәйкестендіріп бояу қателік болып саналады. Терінің түсі қандай да болмасын, келесі түстерді қолдануға болмайды: маржан түстес, анилинді-қызыл, ақшыл-қызғылт, қызылқай-күлгін.Макияжды жасап болғаннан кейін, бетіңізге опаның жұқа қабатын жағыңыз.
Тағы рефераттар