Қоғамдық қайырымдылық қорлары туралы қазақша реферат
Еліміздегі қайырымдылық қорларының жұмысын жандандырудың маңызы зор. Шынынайтуымыз керек, қазіргі таңда көпшілік қайырымдылық қорларының жұмысына сене бермейді.Сондықтан елдің сенміне селкеу түсірмеу үшін Қайырымдылық қорлары қауымдастығынқұруды жөн деп шешетік. Жалып мұндай ортақ ұйым құру туралы ой алғаш рет 2008 жылытуындаған болатын. Содан бері біздер ойымызды пісіріп, үстіміздегі жылдың наурыз айындаресми түрде тіркеліп, жұмысымызды бастадық. Қауымдастықтың негізгі мақсаты Қазақстандақайырымдылық қорларының мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі таңда қайырымдылық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын реттейтін заңды жетілдірудің мәні зор деп есептеймін. Бұдан басқа біздің қауымдастық қайырымдылық қорларының жұмысын жұртшылыққа кеңінен насихаттайтын пиар компания құруды жоспарлап отырған жайымыз бар. Өйткені, қазір еліміздегі қорлар көптеген жұмыстар атқарып, көмекке мұқтаж жандарға барынша қол ұшын созып келе жатқаны белгілі. Өкінішке орай, олардың игілікті іс-шаралары жұртқа жете бермейтіні жанға батады. Соның салдарынан қайырымдылық қорларының атқарған жұмыстары қоғамдық ортада елеусіз күйінде қалап жатады. Бүгінде қолға алған кез келген істің жүріп кетуі насихатқа байланысты. Сондықтан біздер қауымдастық жанынан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын насихаттайтын пиар тобын құрамыз. Осылайша жұрттың қайырымдылық қорларына деген көзқарасын өзгертуге күш салуды басты мақсат етіп отырмыз. Рас, кезінде көптеген қайырымдылық қорлары өздерінің міндетін дұрыс атқармай халықтың сеніміне селкеу түсірді. Біздің елімізде де қайырымдылық жасау қазақ қоғамының тұтасқан бір бөлшегіне айналуы керек.
Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамағын елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс біздеде де бар. Мәселен Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі. Меніңше, салықтық мөлшерлемені бұдан да төмендетуге болады. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған компания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сомма емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олар қайырымдылық істерімен айналысатына сенімдімін. Болашақта біздің билік орындары да осындай деңгейге жетуі керек. Біздің қауымдастық алдағы уақытта осы мәселе бойынша тиісті орындарға өз ұсынысын жасайтын болады. Қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар халықаралық гранттар мен мемлекеттік тарсырысын алуға күш салып жүр.
Қауымдастық құрылғанда Алматы қаласындағы 18 қайырымыдық қоры мүше болды. Алдағы уақытта мүшелеріміздің санын арттыруға күш салмақ ойымыз бар. Бұл үшін біздер мүшелікке қабылданған қорлар мен үкіметтік емес ұйымдарға заңдық және бухгалтерлік қызметтерімізді ұсынып,қатарымызға тартатын боламыз. Қоғамдық қорларда көптеген адамдар жұмыс істмейтіні белгілі. Өйткені, олардың көптеген мамандарды ұстап отыруына мүмкіншілігі жоқ. Дәл осындай кезеңде қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың насиахат, заң мен есеп-қисап жұмыстарымен айналысатын қауымдастықтың қажеттігі туындайтыны белгілі. Алдағы уақытта біздер өз мүшелерімізге осындай қызмет түрлерін ұсынып, олардың жұмысын жандандыруға күш салатын боламыз.
Қазіргі таңда қайрымыдық қорлары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты жандандыра түсудің де мәні зор. Жақында ғана Ресейде қайырымыдық қорларының әлеуметтік роликтерін насиахаттаған телеарналарды қосымша құн салығынан босатылатын болды. Ал бізде бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапқан әлеуметтік роликтерге қосымша құн салығы салынатыны белгілі. Бұл өз кезегінде БАҚ-тың қайырымдылық қорларының шарасы мен әлеуметтік мәні зор роликтерін халық арасына кеңінен насихаттауға кедергі келтіріп отыр. Біздің ұйым алдағы уақытта бұл мәселеге де тиісті деңгейде көңіл болып, қозғау салутын болады.
Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөлеп отырады. Бір қызығы компаниялар өздерінің қомақты қаржысын қай бағытқа жұмсауды жетік біле бермейді. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу бұл өте орынды іс екені даусыз. Бірақ қоғамда халықтың мүддесін көздейтін бұдандан да шетін мәселелер бар ғой. Айталық қайырымдылық шарасына бөлінген қаржыны жас жеткіншектердің білім беру саласына жұмсайтын болсақ, жұмсалған қаржының өтеуі еселеп қайтар еді. Сондай-ақ, қоғамда өз орынын таба алмай жүрген әлеуметтік топтардың қандайда бір мамандықтарға баулитын орталықтар ашсақ, жұртқа да, мемлекетке де зор пайдасын тигізетіні анық. Жалпы ойымызда қайырымыдық саласын дамытуды көздейтін көптеген ойлар бар. Алдағы уақытта соның бәрін рет-ретімен іске асыратын боламыз.
Қайырымдылық ұйымдары — Қазақстанда жалпы қоғамның немесе жеке адамның мүдделері үшін қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен құрылған бейүкіметтік, бейкоммерциялық бірлестіктер. Қоғамдық ұйым, қор, мекеме түрінде және басқа нысанда құрылады. Жеке және занды тұлғалар қайырымдылық ұйымдарының нысанына қарай оның құрылтайшылары бола алады. Ұйым белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Қайырымдылық ұйымдарының кірістері шығыстарынан асып түскен жағдайда артығы осы ұйым мақсаттарына ғана жұмсалады. Ұйымның саяси партияларды, қозғалыстарды, топтар мен компанияларды қолдау үшін өз қаражатын жұмсауға және өз мүлкін пайдалануға құқығы жоқ. Қайырымдылық ұйымдары қаражатының құралу көздері:
- құрылтайшылардың жарналары;
- қайырымдылық жылулары, соның ішінде азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай және заттай беретін мақсатты сипаттағы жылулар;
- бағалы қағаздардан түскен табыспен оларды өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар;
- ақшалай қаражатты тарту жөніндегі қызметтен түскен түсімдер;
- заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар;
- республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден және бюджеттен тыс қорлардан түскен табыстар;
- Қайырымдылық ұйымдарының шаруашылық қоғамдарының, мекемелерінің қызметінен түскен табыстар;
- еріктілер еңбегінің нәтижелері;
- заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер.
Қайырымдылық ұйымдары әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің еңбегіне өзінің қаржы жылы жұмсайтын ақшалай каражатының 20 пайыздан аспайтын молшерінде ғана ақы төлеуге хақылы.
Тағы рефераттар
- ОГЮСТ КОНТ
- Қазақстандағы теміржол көлігі курстық жұмыс
- Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы
- Еңбек кітапшасы
- Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құны