МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………..3
1 ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ……5
1.1 Қоғам ұғым…..5
1.2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары……7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰМТЫЛУЫ…..11
2.1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамуы…….11
2.2 Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері…….17
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РОЛІ…..21
ҚОРЫТЫНДЫ ………26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….29

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Мұндай жолдағы мемлекеттің негізін қалау азаматтық қоғамнан бастау алатыны белгілі. Осыған орай Қазақстан алдымен азаматтық қоғам құру жолына түсті. Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам құру одан құқықтық мелекетке өту өте күрделі процесс болғандықтан алдымен азаматтық қоғамның тарихына қысқаша тоқталып кетейік.

Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кездегі саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк ,Тулий, Цицеронның, Аристотелдің шығармаларындағы азаматтылық пен азамат, қоғамдағы азаматтардың жиынтығы деп қарастыратын ілімнен бастау алады.Азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы туралы толып жатқан әр түрлі ой пікірлер, теориялар бар.  Азаматтық қоғам Батыс Еуропада ең алғаш XVII ғасырдың ортасында пайда болған. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, Батыс Еуропада азаматтық қоғам екі түсінікке сүйеніп пайда болған:1) жеке тұлға 2) жеке меншік. Азаматтық қоғам Еуропада жеке адам мен мемлекет арасындағы тартыстан және мемлекет тарапынан әділетсіздіктен пайда болды деген көзқарас бар. Ал ең алғаш  «азаматтық қоғам»  түсінігін ғылымға енгізген  Т.Гоббс пен Дж. Локк болатын. Олардың ойынша адам мұқтаждықтарын қанағаттандырудың нәтижесінде азаматтық қоғам пайда болды, олар -тамақ, киім, баспана яғни адамға ең бірінші кезекте қажетті мұқтаждықтар.

Ал енді азаматтық қоғам мазмұны мен анықтамасына келсек, бұл қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және рухани –мәдени қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп көрсетіледі. Азаматтық қоғам –саяси , әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі.

Бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуына, дамуына, қалыптасуына келетін болсақ, Қазақстанда азаматтық қоғам Қазақстан егемендік алғаннан кейін қалыптасты. Осы мәселеге қатысты атақты ғалым Белгібаев Қазақстандағы азаматтық қоғамның пайда болуы мен дамуын екі кезеңге бөліп қарастырады.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы- онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру  үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

 Курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар