Қола дәуіріндегі Қазакстан жеріндегі Андронов мәдениеті туралы қазақша реферат
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік.
Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.
Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында өндірілген металл бұйымдар. [4]
Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның санатында қазіргі Жезқазған маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы бар. Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды.
Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі — көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қазақстан жері түгелімен кіреді. Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. [4]
Орталық Қазақстанның қола дәуірі
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды. [4]
Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.
Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген «Қанаттас» деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.
Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін болған.
Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.
Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. [4]
Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. [4]
Ыдысты жасау әдістері:
а) таспалық әдісі;
ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.
Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.
Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.
Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).
Кен өндіру әдістері:
а) опыру әдістері;
ә) отпен үгіту әдісі;
б) ұңгіп қазу әдісі.
Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Тағы рефераттар
- Қарсыластық стилі
- Қаржы тәуекелін басқару
- Еңбек құқығының субъектілері
- Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
- Кәсіпкерлік істің түрлері