Көмекші өндіріс шығындар есебін ұйымдастыру туралы қазақша реферат

    Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді: кәсіпорынның қызмет түрі; кәсіпорын басқарудың ұйымдық құрылымын қа­былдауы (цехтық, цехсыз); кәсіпорынның құқықтық түрі; шығарылатын өнім көлемі.

Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік кұн құрылымын – өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған «Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар – материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар. Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шы­ғындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорын­ның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі. Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құры­лымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қа­жетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығын­дарды бөлу. Жауапкершілік орталықтары жөніндегі есептің мақсаты – әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар мен табыс туралы мәліметтерді сметадан ауытқуды жауапты адамға арту үшін жинақтау. Жауапкершілік орталықтары бойынша нақты мәліметтерді қысқа уақыт аралығында жасалатын смета орындау жоніндегі есепте бухгалтер-талдаушы көрсетеді. Олар­дан жауапкершілік орталықтарының басшылары шығыстың әр түрлі баптары бойынша сметадан ауытқушылықтар туралы ақ­парат алады. Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан-жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді. Көмекші өндірістік шығындар төрт элементтен тұрады: [8]

—   материалдық шығындар;

—   еңбекті өтеуге шығатын шығындар;

—   аударымдар (әлеуметтік салық);

—   қосымша (үстеме) шығындар.

Өндірістік қорлар кәсіпорын қоймасындағы материалдар, бітпеген өндіріс, дайын өнім (тауар) қорларында көрсетіледі. Олар түгенделуге тиісті, кәсіпорын активінде болады және алдағы есепті кезеңдерде пайда әкелуге тиісті. Материалдық шығындарға дайын өнімнің бөлігі бо­латын қосымша материалдар мен шикізат шығындары кіреді және олардың құнын белгілі бір бұйымға тікелей және үнемді, аса мол шығынсыз жатқызады. Материалдық шығындардың шама­сын өнімнің нақты түрін өндіруге, материал бірлігі бағасына қолданылуға тиісті, материалдар сынына көбейтіп, санауға болмайды. Еңбекті өтеуге шығатын қосымша шығындар қатарына тура, бірден және үнемді түрде дайын бұйымның белгілі-бір түріне жатқызуға болатын, жұмыс күшін төлейтін барлық шығыстар: бұйым дайындаумен шұғылданатын жұмысшылардың еңбекақысы кіреді. Алайда қосымша жұмысшылар, менеджерлер мен мастерлер, қосалқы күрелі қызметкерлері де өндіріспен байланысты. Олардың еңбекақсысы өндірістік шығындар құра­мына кіреді, бірақ бұл шығындарды дайын бұйымның белгілі бір түріне тікелей және үнемді түрде жатқызуға болмайды, олар­ды қосымша (жанама) еңбек шығындары деп атайды. Жанама қосымша материалдық шығындар сияқты мұндай шығыстар жалпы өндірістік шығындардың бөлігі ретінде қарастырылады.

Материалдық шығындар мен еңбекті өтеу шығын­дары өзгермелі болып табылады, олардың шамасы өндіріс көле­міне тура сайма-сай өзгереді.

Жалпы өндірістік (қосымша) шығыстарға барлық жанама шығындар кіреді. Бұл шығындар өндіріспен байланысты, бірақ тура, тікелей және үнемді дайын бұйымның нақты түрлеріне жатқызуға болмайды. Оларды сонымен қатар жанама өндірістік шығыстарды сайма-сай таңдалған база өнімдерінің түрлері бойынша бөледі. Бөлудің нақты тәсілдері төменде келтірілген.

Кейбір жалпы өндірістік шығыстар, электр энергиясына, құрал-аспаптарға, қосалқы материалдарға деген шығындар сияқ­ты өндіріс көлеміне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгереді және өзгермелі өндірістік шығындар болып табылады. Кейбір жалпы өндірістік шығыстар тұрақты, мысалы, сақтандыру жар­намалары, жал төлемі, жабдыққа амортизациялық аударымдар, немесе жартылай өзгермелілер, мәселен, телефон үшін төлем, коммуналдық қызмет.

Басқа шығындарды нақты өнімге тура, тікелей және үнемді жатқызуға болмайды. Бұлар тікелей емес немесе жанама шығыс­тар. Оларды таңдалған әдістемеге сай бұйым бойынша бөледі. Бөлу тәсілдері төменде қарастырылған.

Өндіріс бойынша шығындар өндірістік қосымша шығыстар ретінде жіктеледі, оларға шығынның үш түрі кіреді: материал­дарға жанама шығындар, еңбекке жұмсалатын жанама шығын­дар, басқа өндірістік шығындар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметті жасау бойынша барлық; тәжірибелік үлгілерді жасау, жаңа бұйымдарды сынау, ғылыми зертхананы ұстау шығындарын біріктіреді.

Баламалы шығындар – пайдаланылмаған мүмкіндіктердің шығыны. Олар бір әрекетті таңдау екінші әрекетті пайда бол­дырмаған кезде қолдан шыққан пайданы білдіреді. Баламалы шығындар бизнесте шешім қабылдаған көп жағдайларда туын­дайды. Мысалы, спорттық сөмкелер өндіруші кәсіпорын чемодан дайындауға тапсырыс алды. Егер кәсіпорын бұл тапсырысты қабылдаса, спорт тауарларын сататын дүкендердің тұтас жүйесі үшін спорттық сөмкелердің әдеттегі санын өндіру мүмкіндігі (машиналық және жұмыс уақыты) болмайды. Бұл тапсырысты қабылдаудың баламалы шығындары – бұл жүзеге асырыла алмайтын, спорттық сөмкелер өндірісінің пайдалана алмаған пайдасы. Пайдаланыла алмаған пайда спорттық сөмкелерді са­тудан түскен болуы ықтимал табыс минус оны өндіру бойынша шығындар болып есептелінуі мүмкін.

Қайтарымсыз шығындар – бұлар бұрын болған шығындар. Олар болашақ шығындарға ықпал ете алмайды және ешқандай осы шақтағы немесе болашақтағы іс-қимылдар оны өзгерте алмайды, мәселен, сатып алынған жабдықтың бастапқы құны (бағасы) мен материалдық қорларды жасау шығындары. Сон­дықтан бұл шығындар болашақта шешім қабылдау кезінде есепке алынбайды. Ғылыми-зерттеу зертханасы жабдық алды делік. Жыл өтті, жабдықтың кепілді жұмыс мерзімі өтті, ол сыр бере бастады. Жабдықтың бұзылу себебін талдау бұл түрге ылғалдылық деңгейі мен температура ауытқуына қатты әсер ететінін көрсетті. Зертхана жылытылуы нашар және конди­ционерлері жоқ ескі үйде орналасқан. Нәтижесінде жабдық үзіліспен жұмыс жасайды, оны жөндеу үшін шоттар ұлғаюда, қызметкерлер ашулы. Зертхана қызметкерлері жабдықты алып тастауды талап етеді, бірақ зертхана басшысы бұлай етуден бас тартты, өйткені ол үшін 6 млн теңге төленген болатын.

Бұл – қайтарымсыз шығынның рөлін бағаламаудың типтік үлгісі. Жабдық жөніндегі ешқандай болашақ шешімдер бұл құнды қайтара алмайды. Болашақ шешімдер жөндеу үшін немесе бөлмені кондиционерлерімен және жылу жүйесімен жабдықтау үшін шоттар сияқты болашақ шығындарға қатысты болады. Диффенциальды шығындар – екі баламалы шешімдерді қа­раған кезде шығындарды ажырататын шама. Қалалық жаңа бассейнді салу үшін екі баламалы орын қаралды делік. Егер А ауданы таңдалса, бассейнде ұстау бойынша жыл сайынғы шығындар шамамен 65000 теңге болады. Егер В ауданы таң­далса, жыл сайынғы шығыстар 60 000 теңге сомасында күтіледі.

Бассейнді ұстау бойынша дифференциальды шығындар былайша есептеледі:

65 000 – 60 000 = 5000 тенге.

Дифференциальды шығындар да қосымша немесе өсетін шығындар деп аталды. Қалалық бассейн мысалында оны ұстау үшін жыл сайын өсетін шығын 5000 теңгені құрайды, егер қалалық басейн В ауданынан А ауданына көшсе. Дифферен­циальды (немесе өсетін) шығындар көптеген экономикалық шешімдерден табылады.

Туристік агенттіктің жаңа бөлімшені қала шетіне орналастыруға орай шығарған қосымша шығында­ры – жаңа кәсіпорында орналастырудың өсетін шығындары. Ту­ристік фирма бөлімшені шет жаққа орналыстырып немесе орналыстырмай шегетін жалпы шығындардағы айырмашылық – егер жаңа бөлімше ұйымдастырылса, шешімнің өсетін шығындары. Авиажелілерде жаңа маршрут, заводтарда қосымша ауысым немесе ауруханада медбике штатын ұлғайту туралы шешімдер де дифференциальды шығындарға кіреді.

Маржиналдық шығындар – өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандағы қосымша шығындар.

Өндірістің маржиналдық шығындары – өнімнің тағы бір бірлігі жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққандағы орташа шығындар – шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кез келген санын өндіру бойынша жалпы шығындар.

Аталған шығын түрлерінен басқа, инкрементті шығындар да бар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешім қабылдау нәтижесінде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкре­ментті шығындар деп қарастырады. Егер өнімнің қосымша пар­тиясын шығару туралы шешім қабылау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығындар нөлге тең болады.

Көмекші өндіріс шығындарының есебі 8300 “Өндірістік есеп шоттарының” 8310 “Көмекші өндіріс шоттары” бөлімшелерінің шотта­ры қолданылады.

Кесте — 2

Көмекші өндірісіке шыққан шығындар есебі

Шаруашылық операция­ларының мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

2

3

4

5

Негізгі өндіріс шығындарының есебі

1.

Көмекші өндіріске материал­дар босатылуы 8310 1310–1350

524 000

2.

Көмекші өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелінді 8310 4230

200 000

3.

Көмекші өндіріс жұмысшылардың еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды 8310 3150

17 189

4.

Негізгі өндіріс шығындары­на қосымша шығыстар кір­гізілді 8310 8031

310 439

5.

Көмекші өндіріс шығындары жинақталып қорытылады 8310 8031, 8032,

8033, 8034,

8035

524 000

200 000

17 189

310 439

6.

Ай басындағы бітпеген өн­дірістің шығындары көмекші өндірістің шығын­дарына кіргізіледі 8310 1343

18 000

7.

Ай соңыңдағы бітпеген өн­дірістің шығындары көмекші өндіріс шығындарынан шығарылады 1343 8310

21 000

8.

Дайын өнім өндірістен шы­ғып, қоймаға тапсырылды (өндірістік өзіндік кұнмен) 1320 8310

1 048 5

Технологиялық мақсаттардағы көмекші өндіріс цехтарына қолданылатын электр энергиялары, газ, су, мұз және бу құндары

1.

Кәмекші әрдірістің басқа цехтарынан алынған қызметтер

8310

8310

50265

2.

Басқа ұйымдардан алынған қызметтер, жұмыстар

8310

3310-3330,

3390

603205

3.

Көмекші өндіріс цехтарының жұмыскерлерінің кезекті демалысына есептелген резервтер

8310

3430

5023608

4.

Көмекші өндіріс жататын үстеме шығындардың есептен шығарылуы

8310

8040

256032

5.

Бекітілген норма бойынша жөнделмейтін ақаулардың өзіндік құнын есептен шығару

8040

8310

286598

6.

Бекітілген нормадан жоғары болған жөнделмейтін ақаулардың өзіндік құнын есептен шығару

7470

8030

32564

7.

Жұмыс және әнім малдарының жас төлдерін кірістеу

2930

8310

235489

8.

Дайын өнімдерді кірістеу

1320

8310

2368749

9.

Қосымша  өндірістің өнімдерін негізгі өндірісте материалдар негізінде қабылдау

1350,

1310

8310

256489

10

Цехтардың транспорттық кызметтері

7110

8310

265897

Көмекші өндірістің негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептен шығару

1.

Егер осы шығындарға резерв құрылмаса:

—          әкімшілік

—          жабдықтау бөлімі

—          негізгі және көмекші өндіріс цехтары

7210

7110

8040

8310

8310

8310

125463

2.

Осы мақсатқа резерв құрылса

3440

8310

258965

Транспорттық шығындардың есептен шығарылуы

1.

— өкімшілік қызметтері

— негізгі және көмекші өндіріс цехтарының қызметтері

— қоймаға материалдарды тасымалдауға байланысты

 

7210

8040

1310.

1350

8310

8310

8310

25620

23562

25621

2.

Көмекші өндірістің жарықтандыру, жылу беру, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету бойынша шығындарды есептен шығару:

—    көмекші өндіріс цехтары

—    жабдықтау бөлімі

—    әкімшілік

8040

7110

7210

8310

8310

8310

25645

3215

2654

3.

Қосымша өндрістің көрсеткен қызметтерінің  шығындарын есептен шығару:

— Құрылысқа шаруашылық әдіспен жүргізілген қызметтер

— Негізгі құралдарды жоюға байланысты шығындар

— Төтенше жағдайларға байланысты жою шығындары

— Басқа да ұйымдардың қызметтері

2930

7410

7470

7010

8310

8310

8310

8310

6546

2564

26589

2564

4.

Мүмкін бағалары бойынша қалдықтарды кірістеу

1350

8310

45625

5.

Көмекші өндіріске аяқталмаған өндірістің есепті кезең соңындағы қалдықтарын есептеу

1340

8310

26655


Тағы рефераттар