МАЗМҰНЫ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Банктiк несие мәнi және жіктелімі
1.2 Банктiк несиенiң функциялары және несие механизмінің құрамдас элементтері
1.3 Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
2 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы несиелік нарықтың қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын талдау
2.3 Екінші деңгейлі банктерде жеке және заңды тұлғаларға берілетін несиелердің берілу тәртібі мен оларды талдау
2.4 Шағын және орта бизнесті дамытуға берілетін несиелерді бағалау
3 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдіру
3.2 Несиелік мониторинг және проблемалық несиелермен банктердің жұмысын жетілдіру
3.3 Банктік несиелеудің кезекті мәселелері мен даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан банк жүйесі ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда орын алатын халықаралық дейгейде танылып отырған банктік жүйе болып табылады. Экономикалық өсу банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Екінші деңгейдегі банктердің активтері күн санап өсіп отыр. Солардың ішінде экономиканың секторларына және халыққа берілген несиелер көлемі артуда. Қазіргі кезде бағасы қымбат несие банктің басты табыс көзіне айналуда.
Бір өкініштісі банктеріміз несие беру барысында клиенттердің төлем қабілеттігі мен несиелік қабілеттігіне аса мән бермейтіндігінде. Шын мәнісінде кейбір банктеріміз клиенттің табысының расталуын қажет етпейді. Оған клиент тарту маңызды болып отыр. Соның салдарынан соңғы кездері банктеріміздің несиелік портфелінің сапасы төмендегені де жасырын емес. Атап айтсақ, 2002 жылы банктердің несиелік порфтеліндегі стандартты несиелер үлесі 95%, күмәнді несиелер – 4,3%, үмітсіз несиелер 0,7% құраса, ал 2006 жылғы ҚР Ұлттық банктің деректерін сүйенсек стандарты несиелер 56%, күмәнді — 42%, үмітсіз — 2% құраған. Яғни стандартты несиелер үлесі төмендеп, керісінші күмәнді және үмітсіз несиелер үлесі артап отырғандығын көруге болды. Біздің ойымызша, осы үрдіс әрі қарай жалғаса беретін болса, көп банктердің банкротқа ұшырау қауіпі бар. Мұндағы басты мәселе тұтыну несиесіне тікелей қатысты болып отыр. Себебі банктердің несие беру барысында жіберген кемшіліктері, несиелерді қайтару нәтижелеріне теріс ықпал етіп отыр. Несиені беру оңай, қайтарып алу қиындығын ескерсек, ең бастысы мұнда тұтыну несиесін беруді ұйымдастыруға аса мән беру қажеттігі туындайды. Тұтыну несиесін беру процессін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою арқылы ғана банктердің несиелік портфелінің сапасын жақсартып, нәтижесінде олардың табыстылығы мен өтімділігін арттаруға қол жеткізуге болады. Осы тұрғыдан алғанда таңдап алынған жұмыстың тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне жатады.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – нарық жағдайына сай коммерциялық банктердегі несие беру қызметіне талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) Банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
2) Несиенің механизмін қарастыру;
3) Коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
4) Екінші дейгейдегі банктердің салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;
5) Несиесін беруді дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісіне – ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметі мен олардың халықпен арадағы өзара қарым-қатынастары жатады.
Зерттеу жұмыстың теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несие беру қызметін ұйымдастыру және оның дамуы мәселелерін сипаттайтын еңбектері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің материалдары, сондай-ақ, несие беруді ұйымдастыру жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар т.с.с. пайдаланылды.
Құқықтық негізіне ҚР банктік қызмет туралы заңдары мен ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және АТФ банкінің әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиттерден және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, объектісі қарастырылған.
Бірінші бөлімде банктік несиесінің мәні, түрлері, жіктелімі мен функциялары, несиесінің механизмі, екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларының сипаттамасы берілген.
Екінші бөлімде ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде несие беру қызметіне талдау жасалған.
Үшінші бөлімде Қазақстанда несие беру қызметін дамыту жолдары қарастырылған.
Қорытындыда несие беру қызметін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар жасалған.
Дипломдық жұмыс / 88 бет
Тағы рефераттар
- Конверттердің газ құбырлар желісін автоматтандыру дипломдық жұмыс
- Стансадағы пойыз және манерв жұмысын ұйымдастыру
- Рынок
- 5 рекомендаций для того, чтобы лучше запоминать иностранные слова
- Қылмыс құрамының түрлері