Әлемдік дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар табысының азайып қалғанын сезінді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз. Жан-жағыңызға қараңыз да, неге үнемдеуге болатынын елестетіңіз. Батыс елдері тіпті ең қажетті деген заттардың өзіне үнемдеуді үйренді.
Электр қуаты. Біз өзімізді электроника бізге ыңғайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді, біздің өмірімізді жайлы етеді деп, өзімізді электр құралдармен, тұрмыстық техникамен, электроникамен қоршап тастадық. Электр қуаты бізге көптеген бос уақыт беріп біз үшін жұмыс істеуі керек еді, алайда біз осыған қоса шу, кернеу және үлкен сомадағы электр қуатына деген шот алдық. Не істеуге болады? Әжетханадағы, жуынатын бөлмедегі және қоймадағы шамдарды айтарлықтай төмен қуатты, 60 ваттығына ауыстырамыз. Жағдайға үйрену үшін бұл жеткілікті болады. Сіз көп уақытыңызды өткізетін жерлерде және жақсы жарықсыз болмайтын жерлерге электр үнемдейтін лампаларды салыңыз. Ондай лампалар қызбайды және барлық күшін жарық беруге жұмсайды. Олардың бағасы кәдімгі лампаларға қарағанда қымбатырақ, алайда, тұтыну қуаты төмен, сонымен қатар олар тез күйіп кетпейді. Егер сіз оқығанды жақсы көретін болсаңыз, онда алты көзді люстраны қосудың еш қажеті жоқ, кітап оқу үшін торшер немесе стол шамын жағуға да болады. Бір шәйнек шай қайнатқаннан гөрі, өзіңіз ішетінін ғана қайнатқан дұрыс. Бұдан да кәдімгідей үнемделеді. Оның үстіне қайта-қайта қайнаған шәйді ішу денсаулыққа зиян. Жан жағыңызға қараңыз, сөзсіз Сізде тек демалыс күндері, онда да анда-санда қолданатын DVD-плеер, музыкалық орталықтар тоқ сұққышқа (розеткаға) қосылып тұрған шығар. Бұл заттар аз тұтыну режиміне жатады, бірақ сонда да электр тұтынады. Егер сіз әлі пластик терезелер құрғызбаған болсаңыз, балконның ескі ағаш есіктерін жылылаңыз. Осылай сіз желдеулерден құтылып, жылуды үнемдейсіз. Сонда жылыту құрылғысын да қосу керек емес.
Су. Біз қанша ақшаны құбырға жіберетінініміз туралы бір сәт болса да ойландыңыз ба? Пәтерде су өлшеуіш құралдарын орнату суды бей-берекет жұмсауды тоқтатып, отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі. Егер пәтерде бірнеше адам тіркеліп, шын мәнінде бір адам ғана тұратын болса, онда су өлшеуіш құрал өте тиімді болады. Сондай-ақ, бұл құрылғы сіз жаз айларын отбасыңызбен саяжайда өткізетін болсаңыз да тиімді. Егер сіз сүйікті киноңызды көруге асығып, кранды жабуды ұмытып кетсеңіз, унитазыңыздан су ағып тұрса – онда сізге өлшеуіш құрал көмектеспейді. Сонымен, сіз су өлшеуіш құралын орнатуға бел бусаңыз, онда бірнеше ережелерді білгеніңіз жөн.
Өлшеуіш құрылғысын орнатпас бұрын, крандарды жөндеп, ауыстыру, сондай-ақ барлық ағып тұрған жерлерді жөндеу қажет. Ең бастысы – әдетке айналған дағдыңызды өзгерту керек, яғни суды бекерге төкпеу керек. Өз бетіңізбен өсептеуіш құралдарды орната көрмеңіз. Бекітілген ереже бойынша пәтерлердегі есептеуіш құралдарды тек сәйкес лицензиялары бар ұйымдар ғана құра алады.
Газ. Газды тұтыну нормасы көп жағдайда жоғары. Газында есептеуіш құралы бар пәтер иесі, есептеуіші жоқтарға қарағанда аз ақша төлейді. Газға есептеуіш құрал орнату да қиын емес. Ол үшін қалалық газ қызметіне есептеуіш құрал орнатып, үйді газдандыру жобасына сәйкес өзгертулер енгізу туралы өтініш жазу қажет.
Жылу. Халықтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметіне төлейтін жалпы шығындарының 40% жылу шығыны құрайтындықтан, жылуды үнемдеу басқа энергоресурстарды үнемдеуге қарағанда басымдыққа ие. Пәтерлерді жылумен қамтамасыз ету меншік иелері үшін басымдыққа ие, себебі пәтерлерді жылытуда ғимараттарды құрылғылар арқылы тығындау арқылы («ақшасы төленген жылуды шығындатпау және өзіңді тоңдырмау үшін») шығынды өтеуге әрі қосымша газ бен электрді жұмсамай-ақ пәтердегі температураны қажетті деңгейде ұстауға болады.
Егер тұрғын үйдің жылу балансын қарайтын болсақ, жылу жүйесінің басым бөлігі жылу шығындарын жабуға жұмсалады екен. Бұл орталықтанған жылу және су жүйесіне қосылған тұрғын үйде төмендегіше көрінеді:
ü Жылытып бекітілмеген терезелер мен есіктер арқылы жоғалатын жылу шығыны – 14%;
ü Ғимарат қабырғалары арқылы шығын – 22%
ü Төбелер, еден, шатыр жабындылары арқылы шығын – 8%
ü Қымтап жабылмайтын есіктер мен терезелер, желдеткіштер арқылы жылу шығыны – 56%.
Егер Сізде жылуға есептеуіш құрал болмаса, онда Сіз қанша үнемдесеңіз де, жылу үшін төленетін төлемге мұның еш қатысы болмайды.
Жылу беруді реттеуге мүмкіндік болуы үшін және коммуналдық қызметкерлер жылу берумен асыра сілтемеуі үшін жылу беру кезеңінде барлық желдеткіштерді ашық қалдырмай, реттегіш радиаторларды құру ұсынылады. Осылайша, жылу қажеттілік бойынша түсетін болады, енді жылуды қалай үнемдеу емес, оны қалай бостан босқа жоғалтпау мәселесі туындайды.
Жылдың суық мезгілінде жылы ауаның сыртқа шығатын жері – есік пен терезе. Егер Сіздің қаражатыңыз жетсе – онда заманауи терезелер үйіңізді айтарлықтай қолайлы әрі жылы етіп, шығындарыңызды үнемдейді. Егер қаражатыңыз жетпесе, суық түсердің алдында терезелер мен кіретін есікті жылылауға ерінбеңіз.
Өзіңіз үшін кем дегенде екі-үш түрлі ақша үнемдеу әдісін таңдау артық болмайды, әрі нәтижесі де көп күттірмейді.
Пайдалы кеңестер:
- Жылуды жоғалтпас үшін терезелер мен есіктерді оқшаулаңыздар!
- Күндізгі жарыққа жол беріңіздер — пердені ашыңыздар!
- Бөлмеден шығарда шамды өшіріңіздер!
- Энергия үнемдейтін лампаны пайдаланыңыздар –олар энергияны 5 есе аз тұтынады!
- Үйде жалпы үйішілік есептеу аспаптарын, ал пәтерде суық және ыстық суға есептеу аспаптарын орнатыңыздар!
- Батареяны жиһазбен немесе пердемен жаппаңыздар!
- Кір жуатын машинаны толтырып, бір-ақ пайдаланыңыздар!
- Электр аспаптарын пайдаланбаған кезде оларды сөндіріңіздер!
- Тамақ пісірген кезде қазанның бетін қақпақпен жабыңыздар!
- Тоңазытқышты жылу көздерінен мүмкіндігінше алысырақ қойыңыздар!
Пайдалы сілтемелер:
1) www.zakon.kz/ — ақпараттық портал;
2) www.alseco.kz/ — «АЛСЕКО» АҚ сайты.
3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;
4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «коммуналдық шығындарды үнемдеу», «коммуналдық шығындар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Етістіктің болымсыздық түрлері
- Примо де Ривера диктатурасы
- Психодиагностика тарихы
- Ұлттық құндылық -әдеп сабағында
- Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері