Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс — тәсілдерінің негізгі жолы — өзі музыка жазуы.
Композитор – бұл музыкант, жоғарғы деңгейдегі музыка қабылдауының эстетикалық сапалылығының көрсеткіші. Композитор – жоғарғы деңгейдегі кәсіби-музыкант, композиторда музыканы қабылдауының сапалығының көпшілігі жоғары түрде көрінуі (эстетикалық қабылдаудың бағыты музыкалық процесінің, музыкалық ойының біртұтастылығы, қорытындысы ретінде). Моцарт былай депті: … мен музыкалық шығарманы біртұтастай, бір көріністен байқаймын. Шығарманың музыкалық идеясы болу керек, оның негізгі түйіні, ортасы, сол ортада өзінің ойын, шығармашылығын әкелуі.
«Музыканы қалай жазу керек? … ол музыкаға айналғанша, мен өз уайымымды ішімде сақтай жүрем және де уайымым бірнеше рет музыка болады…». Тыңдалған, уайымдалған әлем композитордың ойында, сезімінде жүреді, шығармашылық материал іздеуінде болады да табады.
Композитордың қабылдау сапалығы – эстетиканың ұлғайюы, музыкалық тұтастылығының логикасы, ұйқастық сезімі, ерекше есту сезімділігі, қабылдаудың шығармашылық белсенділігі. Осы айырмашылықтар мен ерекшеліктер арқылы қабілеті мен дарындыны сезуге болады.
Музыка сабағында композициялық, шығармашылық кезеңдер ойынмен ашылатыны дәлелденген. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әуендерді, әндерді т.б. әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз, мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды). Ол үшін балаларға музыкалық сауатының негізін үйрету, көрсету керек: қарапайым норма, қатегория, өнердің заңдылықтары т.б. Әуен үнемі қозғалыста: дамуда, жоғары, төмен, бір жерде, дыбыс биікте, төменде, бір жерде, қатты, ақырын, ырғағы бар екен, екпіні, көңілді, мұңды, тез және баяу музыка болады.
Тағы рефераттар
- Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері
- Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы
- Бай, байлық туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны
- Әлеуметтік-психологиялық трениннгтің тарихы