Сандық техника қазіргі заманғы адамның өміріне мықтап енді. Оны қолдану жанжақты және көп көлемді. Иформатика – сандық техниканы қолдануды қосатын, білімнің саласы, біздің заманымызда ғылыми – техниканың күшті катализаторы қызметін атқарады. Дәл осы сандық технологияның дамуының арқасында, өндірістік процесстің автоматтануының жетуіне, жаңа технология жасақтауда, еңбекте және басқаруда тиімділіктің жоғарылауна мол мүмкіндіктер туды.
Сандық технологияның даму және пайда болу тарихы өте қысқа. Оны бағдарламалық басқару принципін қолдана отырып, механикалық «сандық көмекшіні» алғаш рет ойлап тапқан ағылшын математигі Чарльз Бэббидждің идеясымен 1833 жылы пайда болған деседі. Американдық математик Дж. фон Неймандтың 1945 – 1947 жылдары электрондық лампаларға қарап жасаған еңбегінің және электрондық сандық машиналардың жарыққа шығуына тек 100 жыл қажет болды (ЭВМ). Пайда болған жылдан бастап 1947 жылы бірінші бағдарламалық – басқарушылық сандық ЭВМ сандық технологиялық прогресс дами бастады. Элементтік базаның жаңруы көлемдерінің , құны мен энерготұтынушылығының төмендеуіне алып келді, сонымен қатар, ЭВМ – ның тиімділігі мен жылдамдығының жоғарылауына алы келді. Архитектуралық эволюцияның шешілуіне, яғни сандық технологияның жұмысының принципіне, соңғы екі көрсеткіштің одан әрі дамуына ықпалын тигізді. Үлкен жетістіктер сондай – ақ перифийндік құрылғылардың аумағында да көріне бастады және де ЭВМ – ді пайдаланушы мен жиналған мәліметтің ауқымының жоғарылауын азайтты.
1982 жылдың өзінде – ақ келесідей анық теңестірулер жасалды, яғни сандық техниканың (СТВ) иллюстрациялық жоғарғы даму темпінің дамуы: «Егер де соңғы 25 жылда виациялық өндірісте дәл сандық техника сияқты қарқынды дамығанда,онда Боинг – 767- ні қазір 500 долларға алуғ болатын еді және дүниенің төрт бұрышын 20 минутта, 19 литр отын – май шығындап шарлаған болар едік ». Осы уақытқа дейін сандық технология 20 есеге өсті, ал ЭВМ өлшемдері мен энергияны тұтынуы 10000 есеге азайды, 25 жылдық тарихы бар өндірілген машиналармен салыстырғанда.
Қазіргі заманғы компьютер үш бөліктен тұрады:
— жүйелі блоктан;
— компьютерге мәлімет енгізуге көмектесетін, клавиатурадан;
— монитор (немесе экран) – мәтіндік және графиктік мәліметтерді көруге арналған.
Компьютерлер портативті және үстелдік нұсқада шығарылады — «лэптоп» немесе «блакнот» (ноутбук) түрінде. Мұндай нұсқаларда манитор, клавиатура, жүйелі блок бір корпусқа енгізілген: жүйелі блок клавиатураның астына жасырылған, ал монитор клавиатураға қақпақ ретінде жасалынған.
Дегенмен барлық бөліктерден компьютердің жүйелі блогы аса тиімді көрінеді, өйткені дәл осы құрылғы компьютерде басты құрылғы болып табылады. Онда компьютердің барлық маңызды түйіндерді орналастырады:
— компьютердің жұмысын қадағалайтын, электрондық схемалар (микропроцессор, оперативтік есте сақтау, құрылғылардың контралерлері және т.б. ).
— компьютердің электрондық схемаларын токпен қамтамасыз ететін блок питания.
— Жұмсақ магниттік дисктерге арналған дисководтар, жұмсақ магниттік дисктерге арналған құрылғылар.
— қатты магниттік дискке арналған құрылғылар (винчестер).
Компьютердің жүйелі блогына анықтамаларды енгізу – шығаруды қосу, яғни оның функционалды мүмкіндіктерін дамыта отырып енгізу. Көптеген құрылғылар арнайы ұяшықтар арқылы қосылады, әдетте олар компьютердің жүйелі блогының арқа жағында орналасқан. Монитор және клавиатурадан басқа мұндай құрылғыларға:
— принтер – мәтіндік және графикалық ақпараттарды басып шығаруға арналған.
— тышқан – компьютерге ақпаратты енгізуді жеңілдететін құрылғы.
— модем – телефон байланысы арқылы өзге компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
— факс – модем — әдетте телефон аппараттарымен және басқа факс – модемдерімен факсимильды бейнелермен алмасуға арналған құрылғы.
— графопостроитель (плоттер) – қағаздарға сызбаларды енгізуге арналған құрылғы.
— сканер – компьютерде мәтіндік және графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы.
— компакт – дисктерді оқуға арналған құрылғы – арнайы компкт – дисктерді оқуға арналған.
— сонымен қатар басқада құрылғылар.
Тұтынушылардың мүмкіндіктері және қажеттіліктерінен компьютер қажетінше автономды қолданылуы мүмкін, немесе күшті ЭВМ терминалы ретінде қолданады. Жүйе байланысты қамтамасыз етеді (электрондық мекен — жай), сонымен қатар қымбат тұратын ақпараттық, бағдарламалық, информациялық ресурстарды сәйкестікті қолдану.
Қонақ үй шаруашылығында компьютерлік бағдарламалаудың дамуы және түрлері. Компьютерді жабдықтау жолымен арнайы переферийлік құрылғылармен және қажетті бағдарламалық қолдануларды қамтамасыздандыруларды жүзеге асыратын қызметінің анықталған типі. Компьютердің бұл мүмкіндіктері қонақ үй шаруашлығында автоматизациясы үшін қолданылған.
Ең алғаш рет отандық компьютерлерді қонақ үй шаруашылығында қолдану «Ярославская» қонақ үйі қолданды. 1981 жылы ЭВМ жүйесінде жұмыс масайтын «Экран » жүйесі іске қосылды.
1983 жылдың желтоқсанынан бастап Сочи қаласында қонақ үй шаруашылығында қонақтарды орналастыру «Экран» арнайы есептеу жүйесі арқылы іске асып отырды.
Сандық технологияның және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі дами түскендіктен қонақ үй шаруашылығын автоматтандыру үшін мықты тиімді және ыңғайлы жүйелердің пайда болуына алып келді.Осындай табысты, тәжірибелерден өткен, 30 – дан 3000 – ға дейінгі нөмерлерге, түрлі көлемдегі қонақ үйлерге арналған жүйе — FIDELIO FRONT OFFICE. Ең алдымен қонақ үй бизнесінде қолданыстағы бағдарламаларды қолданған дұрыс, FIDELIO бағдарламасы солардың қатарынан, яғни олардың қысқаша сипаттамасы.
FIDELIO FRONT OFFICE – қонақтарды қабылдау және орналастыру үшін әлемдегі автоматтандырылған жүйелердің ең белгілілерінің бірі.
FIDELIO FRONT OFFICE – бағдарламалық комплексі барлық қонақ үйлердің байланысын және номерлерді брондауды автоматты түрде жасауға, тіркеу жасауға, орналастыру және есеп айырысуға, номерлік фондты басқаруға, қонақтардың көңіл көтеруімен, қонақ үйдің болашағы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
FIDELIO FRONT OFFICE комплексінің әдістеріне келесілер жатады:
— жеке. корпоративті, топтық тапсырыстармен жұмыс эасауға мүмкіндік туғызатын, толығымен автоматтандырылған процесс, брондау әдісі;
— тарифтерді басқару әдісі — бұл әдіс қонақ үйдің толылығы, номерлердің типі, қызметтердің пакеті, корпоративтікелісімдер сияқты факторларды ескере отырып, тиімді тарифтер жүйесіне жетуге мүмкіндік береді;
— орналастыру және қабылдау модулі — қонақтарды орналастыруды және ұйымдастыруды, сонымен қатар тұрғын қонақтарға қызмет көрсетуді тиімді іске асыруға көмектеседі;
— клиенттермен есеп айырысуды енгізу модулі – қонақтардың, компантялардың, есептерін енгізуге, түрлі әдістермен және интерфейстердің көмегімен қонақтарға көрсетілген қызметтердің тіркеуін жасауға көмектеседі;
— номерлік фондтарды басқару модулі (шаруашылық бөлімнің модулі) – номерлердің жалпы жағдайы туралы мәлімет алуға, қонақ үй номерлерін тазалаушы әйелдерге тапсырма беру қызметін оңай іске асыруға көмектеседі; (қабаттар бойынша нөмерлердің жағдайы көрініп тұрды).
— бас инжинердің модулі – қонақ үй номерлерінің жөндеу керек жерлері туралы өтініштерін тіркеуге және оны іске орындалғанын бақылап отыратын жүйе;
— көңіл көтеруді басқару модулі – қонақтар үшін қонақ үйден көңіл көтеру орталықтарынан тиімді орын брондауға көмектеседі;
— есеп тапсыру модулі – 500 – ге жуық стандартты есептеулерді қамтиды (брондау, тұрушылар, профайлдар, қаржылық есептер, түнгі аудитордың есебі, статистика, ауысымдағы есептер және т.б.); Модулге есептердің генераторы қосылады;
— дебиторлармен жұмыс жасау модулі – тапсырыс берушілердің/ контрагенттердің қарыздарын көруге арналған;
— үнемі тұратын қонақтың модулі – клиенттер үшін программалармен жұмыс жасауға арналған;
— турагенттіктермен жұмыс жасау модулі – туристік фирмалар үшін қжетті есептеулерді жүзеге асыруға арналған.
FIDELIO FRONT OFFICE — комплексі қонақ үйде болатын барлық, шамамен 500 түрлі жүйелерді байланыстырады – телефон станцияларымен, ресторан, ақылы теледидар, мини – бар, кредиттік карталрды авторизациялумен, энергетикамен қамтамасыз ету, орталық брондау жүйесімен және т.б. Жақын арада осы жүйені құрушылары қонақ үйлерге жаңа интерфейс ұсынады — кассалық аппараттарды алмастыратын, фискальды тіркеуімен.
FIDELIO FRONT OFFICE – тің артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады: эксплуатациялаудағы жеңілдік, қауіпсіздіктің жоғарылаған деңгейі, т.с.с.Әлемде осы бағдарламаны қолданушылар саны шамамен 7,5 мыңға жуық. Рессейде, СНГ және Балтикада 95 құрушылар – «Мариотт» қонақ үй желісі, «Националь», «Шератон Палас», «Ренесанс», «Золотое кольцо», «Ирис», «Рэдиссон Славянская », «Пекин» және т.б. (Мәскеу), «Европа», «Невский Палас», «Прибалтийская» және т.б. (С.- Петербург), «Каравелла», «Молния», «Надежда» пансионаты, «Волна», «Виктория», «Сафар», «Байкал» бизнес оралығы және т.б.
Ережеге сай, FIDELIO FRONT OFFICE жүйесін есептік – кассалық аппаратымен бірге Migros ресторандары үшін орнатады. Қонақ үйлердің тілегіне байланысты автоматизациялау бағдарламаларының ішінен складттық операциялар үшін арналған FIDELIO FOOD & BEVERAGE бағдарламасы, қаржылық – шаруашылықты қызметті автоматтандыру үшін HRS BACK OFFICE бағдарламасы қолданылса, сату және іс – шаралар бөлімін ұйымдастыру үшін SALES & CATERING бағдарламасы қолданылады, бұл бағдарламалар FIDELIO FRONT OFFICE бағдарламасымен қонақ үйді басқарудың бір жүйесі ретінде жұмыс жасайды.
«Эдельвейс» бағдарламалық комплексін « Рексофт » Петербург компаниясы жасап шығарған және рессейлік қонақ үй нарығында кең қолданысқа ие. « Эдельвейс » қонақ үйдің негізгі қызметтерін автоматтандыру үшін арналған, олар – портье, келісім бөлімі, брондау бөлімі, жинастыру бөлімі үшін, сервис – бюро; бизнес – орталық, тұру бухгалтериясы үшін, қонақ үйдің телефон қзметі үшін. Комплекс келген қонақтардан толық мәлімет алумен қоса қызмет көрсетуге, сонымен қатар көп факторлы сақтау анализі және басқа бөлімдер үшін еркін ақпараттың берілуі қызметін атқарады. ( Қонақтардың берілгендерін қоса алғанда, қосымша қызметтер, тұрудың ерекше жағдайлары және т.б. ).
«Эдельвейстің» маңызды басты қызметтерінің қатарына: түрлі критерилар бойынша келуші өтініштердің ізделуі және іріктелуі, түрлі ережелерге сай бос нөмерлерді брондау және іздеу, үлкен топты жылдам орналастыру, фирма және турист арасындағы өтемді нақты бөлу, түрлі қосымша қызметтердің есебі және көрсетілу аппараты, әмбебап мультивалюталық тарифтік жоспарлар және т.б.
Комплекс қонақ үйдің аралас жүйелерімен байланыста болады: кәсіпорынның стандартты бухгалтериясымен, тарификация және басқару, ақылы теледидир, жабық жүйелермен, сонымен қатар өшірілген брондауармен (Key system, Reconline және т.б.).
Рессейдегі осы бағдарламаны қолданушылар – «Пулковская», «Юность», «Гранд – отель Европа», «Нептун» бизнес – орталығы, «Арктика», «Калининград», «Полярные Зори», «Меридиан», «Арктика» және т.б. Шет елде – 150-ге жуығы пайдалануда.
Мәскеулік «Интурсофт» компаниясы компьютерлік технология нарығында қонақ үй, ресторан және барлар үшін автоматтандыру жүйесін және туризм ауданында бағдарламалық қамтамасыздандыру құруда кеңінен танымал. Қазіргі уақытта «Интурсофт» қонақ үйлер үшін комплекстік шешімді ұсынады, яғни өзіне қонақ үй комплексінің барлық қызметін қосатын HOTEL – 2000 жүйесін, барлар және ресторандарды автоматтандыру RESTAURANT — 2000 жүйесін, ресторан қоймасын басқау үшін автоматталған STOCK – 2000 жүйесін, бухгалтерлік есебінің жүйесімен автоматтанырылған интерфейс, ішкі АТС қосылған автомттандырылған интерфейс, ену құқығы шектеулі жүйесімен автоматтандырылған интерфейс сияқты.
Қонақ үй және ресторан бизнесіндегі қызмет көрсету бағдарламалары. Hotel – 2000 жүйесі front – office классикалық бағдарламасын ұсынады және брондау, портье, кассирдің қызметі, тазалық бөлімі және т.с.с. қонақ үй қызметінің негізгілерін автоматтандыруды жүзеге асырады. Жүйе жеке және топтық, сонымен қатар компаниялармен және туроператорлармен нөмерлерді брондауды қамтамасыз етеді.
Қонақ үйдің шексіз тарифтері саны жеке баға саясатын жүргізуге және нарықтық өзгерісіне оперативті түрде ықпал етуге көмектеседі. Бағдарламада қонақтармен есеп айырысудың қолайлы жүйесі қарастырылған және кассирлердің жұмысын қадағалау бағдарламасы енгізілген. Сонымен қатар, Hotel – 2000 тазалықшылардың қызметін бақылай отырып, қонақ үйде нөмерлер фондын басқаруды іске асырады. Жүйеге қонақ үй менеджерлерін жүз түрлі статистикалық, операциялық, аудиторлық және қаржылық есептерді құруға арналған мықты аналитикалық құрылғы енгізілген.
RESTAURANT – 2000 жүйесі сату нүктелерінің жұмысын автоматтандыруға арналған ( ең алдымен тамақтандыру қызметі үшін – барлар және ресторандар, т.б.), ол тамақтардың шексіз санымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, олардың мәзірін құруға, категориялауға және т.б. Жүйеде салықтар мен бағаның қиын комбинациясын енгізу қарастырылған, сонымен қатар бағаның есебі мен бақылануы, сусындар мен азық – түліктің ассортименті мен қозғалысы.
Stock – 2000 жүйесі тауарлардың қоймадағы запастардың есебін енгізу үшін және олардың қоймадағы қозғалысы, қоймадан сату және шығару, мәзір калькуляциясы, сонымен қтар алғашқы құжаттардың құрылуын енгізу үшін жұмыс жасайды. Жүйеде бағаның автоматты есебі және RESTAURANT – 2000 жүйесінен түскен сатудың нәтижесі бойынша тауарды автоматты көшіру қарастырылған.
Бухгалтерлік есебінің жүйесімен автоматтанырылған интерфейс Hotel – 2000 және RESTAURANT – 2000 жүйелерінен кез – келген бухгалтерлік жүйеге байланыстарды іске асырады. Бұл технологияны қолдану бухгалтерияның еңбектік шығындарын болдырмауға және ақпараттың жаландығын қысқартуға көмектеседі.
АТС қосылған автомттандырылған интерфейс нөмерлердің барлық телефондарын қосу және өшіру процессін басқарады және Hotel – 2000 жүйесіне қонақтардың есебіне барлық сөйлесу есебін туралы ақпаратпен қамтып отырады.
Hotel – 2000 жүйесі қонақ үй орнатқан кез – келген ену құқығы шектеулі (электрондық құлып )жүйесімен байланысты болуы мүмкін. Электрондық құлып жүйесін басқару магнитті карталардың көмегімен жүзеге асады.
Комплекстің ең маңызды жетістіктерінің бірі – жойылған енгізулердің құралдарының техникалық қолдауымен іске асулары, бұл аймақтық қонақ үйлер үшін өте маңызды.
Қолданушылар: «Академическая», «Союз», «Шереметьево — 2», «Береста Палас Отель» (Новгород), «Лукойл — Москва» бизнес – отелдер, «Яхонт», «Сахаллин — Саппоро», «Урал» пансионаты және т.б.
Қонақ үй жүйесінің толық спекторы автоматтандырудың рессейлік нарығында атақты американдық «ЛИБРА Интернейшнл» компаниясының бағдарламасын ұсынады. Өнімдердің қатарына «ЛоджингТач ЛИБИКА» қонақ үй басқару жүйесін, «ЛоджингТач СЕНАКОЛО» ресторандарды басқару жүйесі, «ЛоджингТач СЕРЕБРО» қонақ үй топтарын басқару «ESP2000» сатумен және іс – шараларды ұйымдастыруды басқару және «OPTIMS» кірістердің оптимизациялау жүйесін жатқызуға болады.
«ЛоджингТач ЛИБИКА» жүйесінің қызметі қонақтарға қызмет көрсету ұйымдарының процесстерін және қонақ үй кәсіпорнының қаржылық – шаруашылық басқару процесстерінің бүкіл комплексін қамтиды. Жүйенің басты модулдерінің қатарына: «Базалық», «Портье», «Брондау», «Қонақтармен есеп жүргізу», «Нөмер фондын басқару», «Бөлме тазалаушылар», «Телефон операторы», «Түнгі аудитор», «Қонақтардың тарихы», «Топтық сатулар», «Алуға арналған есеп», «Туристік агенттіктер», «Тарифтерді басқару», «Автоконсьеж», «Маркетинг және сатулар», «Келіссөздер», «Іс – шараларды басқару», «Орталық брондау» жатады.
Қонақ үйдің басқару құрылғысы, әрине, есеп берудің мықты болуын тартады, мұның көмегімен түрлі есеп құруға және мастердің көмегімен кез – келген критерилер бойынша таңдаулар жасауға көмектеседі, мысалыға, енгізулер деңгейі бойынша, нөмерлердің жағдайына байланысты, келіп түсуші брондаулардың саны бойынша.
Жұмыста тарифтерді басқару өте ыңғайлы, ол қонақ үйдің қызметкеріне баға саясатын оңай бсқаруға көмектеседі.
«ЛоджингТач СЕРЕБРО» қонақ үй шынжырларын басқаруға арналған орталықтандырылған жүйесі — «ЛоджингТач» бағдарламалық қамтамасыздандыру тобының құрамдас бөлігі. «ЛоджингТач СЕРЕБРО» жүйесі қонақ үй шынжырының ақпараттық кеңістігінің бірлігін құрады. Оның көмегімен берілген маркетингтік, қаржылық есептің, аналитикалық және оперативтік берілгендердің бірігуіне жағдай жасайды. Жүйе бір немесе бірнеше корпоративті кеңселерден қонқ үй қызметін немесе нөмерлерін орталықтан брондауға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар қонақ үйлер арасында брондау жасауға мүмкіндік туғызады.
«ЛоджингТач» тобының келесі бір жүйесі – Hodges ESP2000 сатумен және іс – шараларды басқарумен айналысатын жүйесі – топтық сатуларды тиімді жүзеге асыруға, келіп түсуші өтініштердің өтімділігін анализдеуге, баға саясатын құруға, келісімдер орнатуға және лоардың орындалуын бақылауға, конференц – мекемелердің жалға алынуын және брондалуын жүзеге асыруға, қонақ үйлер арасында нөмерлерді брондауға көмектеседі.
Тенденциялардың тұрақтылығы және халықаралық қонақ үй индустриясының дамуынада кірістердің оптимизациясы жүйесін қолдану белсенді қолданылуда. «ЛоджингТач ЛИБИКА» жүйесі Еуропада таралып кеткен кірістерді оптимизациялау жүйесі – OPTIMS жүйесімен тығыз байланысты.
OPTIMS жүйесінің көмегімен қонақ үйдің қызметкерлері маңызды деген сұрақтарға жауап ала алады, мысалы, «Қонақ үй бизнесінің жалпы тенденциясы қандай?», «Қонақ үйдің кірісінің жоғарылауына қандай бағалық саясат ықпалын тигізеді?», «Жаңа бағаны қолданудағы нәтиже қандай?» деген сияқты.
«ЛоджингТач ЛИБИКА» қонақ үйде қолданылатын көптеген жүйелердің санымен интеграцияланады. Стандартты интерфейстердің саны шамамен 400 жүйеден жоғары деп саналады (телефон станциялары, тарифтік және фискальды жүйе, ақылы теледидар жүйесі, орталық брондау, бухгалтерлік есеп, ауыс поштасы, есік құлыптары, сейфтерді басқару, мини – бар және элетр қуатын басқару және т.б).
Санаторилер мен курорттық комплекстерге арналған бағдарламалар. Alean Tour Sistem (AtourS) бағдарламалық комплексі санаторилер, пансионаттар және қонақ үйлер үшін арналған. Бағдарламалық комплексі қонақ үй жүйесімен немесе санатории – курортты комплексімен орналастыру обьектіне оңай басқарылады.
Бұл жүйенің негізі – Alean Hotel, Alean Doktor, Alean Restaurant функционалды бөлімдері, олар біртұтас ақпараттық кеңістікте жұмыс жасайды. Біркелкі ақпараттық комплекске тұрғын үйдің анықтамасы, тамақтандыру орындары, медициналық қызметтің типтері және т.б. жатады. Негізгі функционалды модулдеріне – брондау, тіркеу және орналастыру, тарату, тамақтандыру, қойма, емдеу, персоналды басқару, бугалтерия және т.б жатады.
Тарату модулі қонақтарға көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттың барлығын қамтиды. Осыған байланысты есеп түрлі критериилербойынша жүргізілуі мүмкін, мысалы жолдама немесе курсовкалар бойынша. Жолдамаға емдеу, тамақтандыру, тұруды қосады. Курсовкалар емдеуге ғана арналған, тек тамақтандыруға, тек тұруға арналған болуы мүмкін. Тұру категориясы бойынша сервис және тамақтандыру бойынша тек қана бланкті құруда жолдамада көрсетіледі. Модулді таратудың негізінін тарифтерді басқару, әріптестер, есептер құрады.
Тамақтандыру модулі ресторан, кафе, асхананы басқарумен және күндік рациондынның құнын есепке ала отырып мәзір құруға және туристердіңсанына бйланысты есептеуге, қоймадан азық – түлік алуға рұхсатнама жазып беруге көмектеседі. Тамақтану бөлімі бірнеше болуы мүмкін (ресторан, асхана, буфет және т.б), мәзірдің саны да шектеусіз, сонымен қатар тапсырысты мәзір енгізілуі мүмкін.
Емдеу модулі медициналық қызметтің рационалды енгізілуін жоспарлайды және ендіреді: емделушілердің тіркелуі және медициналық картасын жасағанда емдік бөлімі анықталады – терапевт, педиаторлық, гинекологиялық, косметологиялық және т.с.с. Әрбір бөлім бойынша модуль демалушыларды нақты дәрігерге жібереді.
Нөмерлік фондты қосатын брондау модулі, Alean INTERNET Tour басқару жүйесімен нақты уақыт аралығында нөмерді брондауға және сатуға тиімді ықпал жасайды. Сонымен қатар, брондау модулі интернет қосылған санатории және қонақ үй әріптестерімен жұмысты толығыммен автоматтандыруға көмектеседі.
Көп қолданыстағы «Санаторий» комплекс жүйесі — бұл санаторий – курортты зона үшін арналған бағдарламалық өнім. Комплекс немесе оның бөлек модулдері бүгінде Алтай, Орал, Сибир, Алыс Шығыс, Қара теңіз жағалауындағы пансионаттар, демалу үйлері және денсаулық сақтау мекемелері қолданады. Комплекстің тапсырмасы, денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына оның барлық қызметтерін бақылауға мүмкіндік жасайды.
Комплекс есепті алғашқы құжаттар негізінде жүргізеді. Біркездері енгізілген ақпарат қажет кезде барлық жерге мәлім болады. Кез – келегн қолданушы өзінің жұмыс орнында ақпаратты ала алады. «Санаторий» комплексі шешуге бағытталған тапсырмалар үш функционалдыбөлімге бөлінген: әкімшілік басқару, оперативті басқару, бухгалтерлік есеп.
Оперативті басқару бөліміне жолдамалар және қызметтер, тіркеу,медстатистика, калькуляция жатады. Сондай – ақ тарату модулі келіссөздер жүргізуді қамтамасыз етеді. Енгізілген мәліметтер жолдама туралы «Тіркеу» және «Медстатистика» бөліміне жіберіледі, ал суммалар – «Бухгалтерлік есепке» жіберіледі.
Тіркеу модулі жолдамамен, курсовкамен, іскерлік куәлікпен келген туристерді есепке алумен, туристерді берілген критерилері бойынша орналастыруға – нөмерге, корпус, этажына қарап, орналастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, модуль жолдаманы бөлуге, орынды брондауға, ақпарат енгізуге және ақылы қызметтен құнын алуға, түрлі анықтамалық ақпараттарды алуға, есептік формаларды енгізуге арналған. Енгізілген ақпараттар «Жолдамаларды тіркеу» және «Медстатистика» бөліміне жіберіледі.
Басқарудың әкімшілік бөлімі келушілердің графиктерін құрды және санаторийдің өндірістік бағдарламасын анықтайды, таифтеуді қамтамасыз етеді, кадрларды басқаруды және есепті іске асырады.
Кез – келген модуль немесе бөлім автономды түрде жұмыс істейді, сонымен қатар басқалармен комплексті түрде, осындай жағдайда ақпаратты беру локалды жүйе немесе дискет арқылы берілуі мүмкін. Бағдарламалық комплекс басқарудың базалық берілгендері FoxPro v 2.2 жүйесінде құрылады.
Қонақ үй типтес кәсіпорындарға арналған бағдарламамен жұмыс. Б&Т: Отель 2.0 1С:Сату 7.7 үшін. Бағдарлама қонақ үй типтес кәсіпорындардың автоматизациясы үшін арналған: қонақ үйлер, отельдер.
Бағдарламаның мүмкіндіктері:
- Бағдарлама администратордың жұмысын автоматтандыруды қамтамасыз етеді, номерді резервацилағанда, тұрғындарды орналастыруда, олармен есеп жүргізуде. Құжаттары: «Брондау», «тіркеу», «төлем жасау» — қонақ үй операцияларын ұйымдастыруға арналған.
- Бірнеше корпустар бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік бар. Жүйе әрбір корпустың жеке жұмысын бақылап отырады: таңдау режимінде номерлердің санын олардың визуалды сипаттамасын көрсетуге болады.
- Нөмірлерді класстарға бөліп көрсетуге, менеджер брондау жасағанда , бағасын осыған байланысты құрады. Құжаттарды дайындағанда менеджерге нөмерлердің классы туралы мәлімет беріліп тұрады.
- Компьютер экранында әрбір қабаттың жоспары көрсетіліп тұрады. Жоспарда нөмерлер статусына байланысты түрлі түспен берілген: бос, брондалған, орналасқан, төленген.
- «Корпус жоспарын» кез – келген күнге ашуға болады. Бұл нөмірлерді резервация жасау кезінде және қонақ үйдің өткен күндерге бақылау жасап отыруына мүмкіндік береді.
- Құжаттарды автоматты түрде енгізу: Брондау → Тіркеу → Есеп жүргізу;
- Есеп берудің ыңғайлы жүйесі, сонымен қатар номерлердің толылығы туралы статистикалық есеп, нөмерлерді брондау және орналасу туралы есеп, қонақ үйдің ағымдағы нөмірлерінің жағдацы туралы есеп.
- Клиенттермен есеп айырысудағы тексеру мүмкіндігі.
- Клиенттердің талаптары бойынша жүйедегі кең мүмкіндіктер.
- Жұмыстың желілік жүйеде жұмыс істеу мүмкіндігі. Мысалыға, қонақ үйдің әкімшілігінің жұмыс орны және портьелердің бірнеше жұмыс орындары.
Талаптар: Бағдарламаны «1С: Кәсіпорын 7.7» Оперативті есебі үшін қолдану.
«Қонақ үй + Пансионат» конфигурациясы – Бағдарлама «Оперативті есеп» компоненті үшін «1С: Кәсіпорын 7.7» бағдарламалық жүйесі. Бағдарлама өзгеріссіз бір қолданбалы SQL 1С: Кәсіпорын версиясында жұмыс жасайды.
Бұл бағдарлама портьенің, орналастыру басшыларының, кассирлердің, қабат қызметкерлерінің жұмысын автоматтандыру үшін арналған. Онда жұмыс орындарының бес типі анықталған, дегенмен барлық жерде бір қолданбалы модуль қолданылады.
Сервистік мүмкіндіктер. Әрбір жұмыс орнының типі үшін қолданбалы интерфейс сәйкес, яғни берілгендерді қарау және бағдарламаның қызметтерін қолдану. Қосымша құқық пен жұмыс орнының берілгендер тобы үшін ену құқығын қосымша анықтауға болады. Мысалы, спорт комплексінде қызмет көрсететін кассирге тек қана спорттық қызмет көрсететін топқа ену мүмкіндігі бар. Асханадағы кассир тек қана тағамдар қызметін басқара алады.
АТС – пен берілгендерді автоматты түрде жасақтау модулінің құрамына мыналар кіреді:
- АТС – тен берілгендерді оқу бағдарламасы. Нарықтағы ішкі АТС жүйелері дамыған SAMSUNG, PANASONIC және NEC фирмаларымен жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда бағдарламаны қайта құру,яғни ішкі АТС құру мүмкін.
- Тарификаторлар. Тарификаторлармен бірге база ұсынылады, яғни Қазақстан қалаларының 2000 жуық кодына ие, ТМД елдерінің және 130 шет елдерінің кодына ие база. Тарификациялар шалынған телефондардың есебін шығаруға және кодтардың жаңарып отыруына мүмкіндік туғызады.
- Телефон қоңырауларын енгізу процедурасы. Ақпараттық берілгендер базасына тарификациялық қоңыраулардың импортын жасауды жүзеге асырады.
Ұсынылатын компоненттер телефон қоңырауларын тіркеуге мүмкіндік жасайды.
Бағдарлама кез – келген кассалық аппаратпен жұмыс істей алады, дегенмен аппарат «пассивті онлайн» режимінде болуы керек, OPOS стандартына сай келуі қажет.
Егер қонақ үй бақылау – кассалық машинаға ие болса, онда қатал есеп формаларымен жұмыс жасайды, онда бағдарлама № 3 – Г формасындағы тұрғаны үшін бланк басып шығаруға көмектеседі және т.с.с.
Қонақ үй және ресторан бизнесіндегі жаңа компьютерлік бағдарламалар жүйесі. Қазақстанда әзірге ғаламдық Интернет – жүйесі бойынша нөмерді брондау жүйесі дамымаған, дегенмен бағдарламада электрон адрессі арқылы алдын –ала нөмерді брондау және тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Егер қонақ үйдің әкімшілігі электрондық пошта арқылы тапсырыс жіберген қонақтарды орналастыруды мүмкін деп шешсе, онда бағдарлама сол адамға келісім жолдайды.
Бағдарлама есептердің барлық түрін құрады, ҚР территориясында жүргізілетін қызмет көрсетуші ұйымдарда. ОВИР үшін бағдарлама автоматты түрде «Шет ел азаматтарын тіркеу журналы» және «Елдердегі бостандық» құруға көмектеседі.
Бағдарлама бүкіл берілген адресстерді қолдануға және жүктеуге көмектеседі. Бағдарлама бухгалтерлік есептер үшін мынадай берілгендерді ұсынады: 1С Бухгалтерия 6.0 және 1С Бухгалтерия 7.7.
«1 С Кәсіпорын» бағдарламалық жүйесінде күнделікті берілгендерді енгізу құжаттардың көмегімен жүзеге асырылып отырады. Мысалы, қонақтарды орналастыруда «Орналастыру» бағдарламасы қолданылады. Қонақтар тек берілгендер базасында «Орналастыру» құжатындағы «Өткізу» процедурасын өткізгеннен кейін ғана тіркеледі. Өткізілу кезінде бағдарлама енгізілген берілгендердің дұрыстығын бақылап отырады. Процедурада қате пайда болған жағдайда хаттамалар арнайы файлға жазылып отырады. Соңында әкімшілікпен тексеріледі.
Бағдарламада порьтенің «күмәнді» істерін бақылап отыруға мүмкіндік қарастырылған. Күмәнді дегеніміз, қонақ үйдің қаржылық жоғалтуларына алып келетін жағдайлар. Бағдарлама дабылдың 10 типін ұсынады:
- «Фамилияны өзгерту» егер бағдарламада тіркелген қонақтың фамилиясын өзгерткенде құрылады. Егер фамилияны жазу кезінде өзгертсе, бұл дабыл елемей кетпейді.
- «Қонақтарды орналастыру» егер портье соңғы сандады өзгерткен кезде құрылады.
- «Тарифтерді өзгерту» егер қонақтың тұру тарифінің соңғы саны өзгертілсе құрылады. Тарифтердің өзгеруі қызметтердің бағасына әсер етеді.
- «Келу уақытын жылжыту» егер қонақтың келу уақытының және күні өзгертілсе құрылады. Келу уақытының өзгертілуі тұру құнының өзгеруіне алып келеді.
- «Шығу күнінің уақытын жылжыту» егер қонақтың шығу уақытының өзгеруі кезінде құрылады.
- «Орналастыру түрінің өзгеруі» қонақтың орналастыруының соңғы саны өзгертілгенде құрылады.
- «Өзге күні бойынша орналастыру» егер ұйымдастыру күнімен орналастыру күні сәйкес келмесе. Қалыпты эксплуатациялау кезінде мұндай қателіктер болмауы тиіс. Мұндай жағдайлар портье тіркеуді бүгін жасап, оны жүйеде ертенгі күні орналастырғанда пайда болады.
- «Қонақты өзгерту» тіркеледі, егер портье соңғы саны бойынша тұрып жатқан қонақты өзгерткенде болады, яғни нақты бір адам тұрып жатқан болып есептьелсе, орнына басқа біреу қойылған.
- «Жою» қонақтардың тұру туралы мәліметтерін соңғы саны бойынша жойған кезде құрылды.
10.«Қызметті жою» қонақ орналастырылған тарифтерге кіретін бағдарламаның жойылуы.
Бағдарлама нөмерлерде орын немесе нөмер брондауға, орналасуға берілген тапсырыстарды тіркеуге рұхсат береді. Қосымша қарапайым механизмге потенциалды клиенттердің және әкімшіліктердің қарым – қатынасына интернет рқылы жасалынған өтініштерді тіркеуге тіркеуге мүмкіндік береді. Қонақ үйге, Интернет арқылы тапсырыс жасау үшін келесілер қажет:
— HTML конфигурациясы бар тапсырыс формасы бар бетті кез – келген интернет – серверде орналастыру керек;
— кез – келген провайдердің интернет – қызметі электрондық бетте жариалануы керек;
— қонақ үйден тікелей электрондық пошта жіберу және қабылдау мүмкіндігінің болуы;
Жаңа қонақты тіркеу кезінде бағдарлама, бұл қонақтың «қара тізімде» тұрған тұрмағандығын, бұрын қонақ үйде тұрғандығы жөнінде мәліметтің барын тексереді. Тіркеу кезінде портье қонақтардың тек маңызды деген ақпараттарын тіркейді. Паспорттық және басқа да берілгендері соңынан енгізілуі мүмкін. Жаңа қонақтардың тізімі, тұрғындардың тізімі, түрлі папкаларда сақталынады. Бұл қажетті қонақтарды табу үшін оңайырақ болады.
Бағдарламада нөмерлердің жағдайын бақылау енгізілген. Ол нөмерлерді тазалауға, жөндеуге, арендаға қоюға мүмкіндік береді. Қажеттіліктердің тізімі қолданушылармен толықтырылуы мүмкін. Кез – келген жағдаймен жұмыс болуы мүмкін: холодильниктің болмауы, теледидардың бомауы, теңіз беткейінде орналасқан бөлме және т.с.с.
Бағдарламада тиісті нөмерлерді таңдау қызметі қарстырылған, ол қызмет портьеге қажетті сәйкес талаптардағы нөмерлердің арасынан таңдауға мүмкіндік туғызады: бос орындар бойынша, нөмірлердің типтері, жеңілдіктер, жағдайына байланысты.
Бағдарлама сонымен қатар, тұру кезіндеқонақтарды басқа орынға орналастыру, тұру кезінде тарифті өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Кассирдің жұмыс орны қонақ үйдің қосалқы қызметкерлері көрсететін қосымша қызметтерді тіркеуге мүмкіндік туғызады. Қосымша қызметтер үшін қонақтар қолма – қол немесе кредиттік несиелер түрінде өтеуі мүмкін. Кез – келген жағдайда көрсетілген қосымша ақылы қызметтердің құны қонақтардың шотына енгізіліп отырады, соңында турист шығарда өтейді.
Бағдарлама қонақтарға көрсетілетін қызметтерді шоттар арсында немесе жеке тұлғаларға есептік шотын шығарып беру арқылы бөліп қарастырады.
Қонақ үйлердің көпшілігі келісімді түрде заңды тұлғалармен жұмыс жасайды. Қонақтарды орналастыру көзқрасы бойынша келісімде номерлердің классы, яғни осы контрагенттің қонақтары тұратын номерлердің классы, тұру периоды, контрагентке көрсетілетін жеңілдіктер көрсетіледі. Бағдарламада осындай келісімдердің тіркеу механизмі қарастырылған. Тіркеу кезінде қонақтың қандай келісіммен келгенін көрсетуге болады. Есептердің көпшілігі бағдарламада келісім түрінде құрылуы мүмкін.
RESTAURANT – 2000 жүйесі барлар мен ресторандардың жұмысын толығымен автоматтандырады. Бұл жүйе персоналдың сансыз аспен жұмысын қамтамасыз етеді. Асханаға жылдам тапсырыс беруді орындауға, сонымен қатар, мөр басылған қонақтардың есебін бақылауға және есебін беруге, сату орындарының толық анализін жасауға мүмкіндік жасайды. Барлық берілген операциялар, яғни RESTAURANT – 2000 жүйесі бойынша жасалған, Hotel – 2000 жүйесінде мәлім болып отырады.
Қонақ үйдің қаржылық қызметі TGA – 2000 жүйесі арқылы орындалады. ол бухгалтерлік GAAP стандарттарына сай жасалынады және қонақ үйдің қаржысын басқару құралы болып табылады. Бұл жүйе бухгалтерлік есепті бір мезетте бірнеше сату орындарымен алып жүруге мүмкіндігі бар. Ол мультивалюталық режимде жұмыс істейді және қонақ үйде және бөлімшелерінде басқарушылық және аналитикалық есеп жұргізе алады.
Барлық жүйелер жергілікті бухгалтерлік есеп жүйелерімен әмбебап интерфейске ие. Ол кез – келген бухгалтерлік жүйеге оңай ендіруге болады.
Көптеген қонақ үй кәсіпорындары казіргі уақытта «Фиделио» жүйесіне аса мән беріп отыр.
«Фиделио» авторлары компьютерлік қонақ үй жүйесін жасап шығарды, ол максималды тиімді және персоналдан компьютер білімін аса қажет етпейді. Жүйенің дизайнін жасауда портьенің және түрлі қонақ үйлердің менеджерлерінің ұсыныстары ескерілген. Барлық функция қызметі жеңіл және қолайлы, сонымен бірге персонал таныс қонақ үй шаруашылығында қолданылатын терминдер қолданылады. «Фиделио» — да қандай да бір қиын кодтар жоқ, басқа жүйелерге қарағанда бсылатын нүктелер саны аз.
Үлкен қонақ үйлер үшін персоналды жаңа жүйеге оқыту қаншалықты жылдам өтетіндігі маңызды. Жүйенің қарапайымдылығы осы уақытты минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осы жерде қолданушылр жүйенің оңай және тез жұмыс істеуге болатынын байқаған соң, олар үшін бұл жағымдырақ.
Қонақ үйдің портьесі келген қонақтарды алғаш қарсы алады, және олар сол қонақтарды шығарып салады. Сондықтан, қонақ үйден келетін әсер қарсы алушыға тәуелді. Қонақтардың көпшілігі кейде персоналдың кесірінен қиындыққа тап болып жатады. Бронды ұзақ іздеу, қонақтарды тіркеуде баяу жұмыс істеу, шығарда есептесу кезінде ұзақ күтулер, мұндай жағдайларға тап болған қонақ келесіде бұл қонақ үйді таңдамауы мүмкін.
«Фиделио» жүйесі персоналдың жұмысының тиімділігінің проблемасын шешеді.Келесідей әдіспен:
- Экрандардың дизайны оқу үшін өте қолайлы және тиімді, портье қызметінің қызметкерлері екінші, үшінші кезеңде – ақ оңай меңгеріп алады;
- Жүйеде жаттығу үшін модуль бар. ол тірідей жүйені тез оңай меңгеріп алуға мүмкіндік жасайды.
Жаттығу модулі қысқа уақыт аралығында тиімді қол жеткізуге арналған. Қонақтарды тіркеуде, брондауда, қонақтардың есебін жүргізуде, қонақтарды шығару сияқты операциялардың қайталануы автоматты түрде жұмыс істеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, жүені құрушылар эргонимикалық талаптарға жауап бере алатындай болуын қарастырған. Жүйенің ең мықты және тиімді жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
— жүйенің модулдігі;
— жүйенің параметрлерінің оңай икемділігі;
— есептер мәзірінің тиімді жүйесі және есептердің генераторы;
— түнгі аудиттордың процедуралрының конфигурациясы және қонақ үйдің өткен тәуліктегі қаржылық қызметінің нәтижесін қалыпқа келтіру мүмкіндігі;
— Қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі;
HSS компаниясымен жүргізілген зерттеулер бойынша, Ресей және Батыс Еуропа қонақ үйлер арасында көрсетілгендей, қонақтар келесідей шағымдар жасайды екен:
— толы номерге орналастыру;
— бөлме жиналмаған;
— тапсырыс жасалған тізім жоғалған;
Осы шағымдардың барлығын «Фиделио» жүйесі арқылы жоюға болады. Қонақ үйде тіркелген қонақтардың барлық арыз – шағымын автоматты басқаруды қамтамасыз етеді. Топтық парақтар және тіркеу карталары автоматты түрде алдын ала басылып қойылады. Сонымен қатар, «Фиделио» жүйесі қонақтардың келу мақсатын, қонақтардың сұраныстарын қанағаттандыруға (номерге балаға арналған төсек орын, нақты бір қабаттан бөлме) арналған.
Қонақ үйді функциолауда номерлердің классификациясы маңызды орынға ие. Бұл алдын ала тапсырыс жасауға және қонақ үйдге орналасу өтінішін ұйымдастыруды жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.
«Фиделио» жүйесі номердің 12 категориясын қолдануға мүмкіндік жасайды. Нөмірлердің категориясы, «Фиделио» жүйесінің түсінігі бойынша, номерлердің анық класстарын, қонақ үй бақылауындағы нөмерлер жатады.
«Фиделио» жүйесі номер мен оның сипатының арасын бөліп қарастырады. Сипаттама тарифтерге әсер етпейді. Мысалы, лифттің жанындағы нөмер немесе нақты жаққа қараған номер. Жататын орындардың типі де сипаттама болып табылады.
«Фиделио» жүйесі тарифтерді басқарудың екі түрін ұсынады. Келуші туристер «Фиделио» жүйесімен жұмыс істейтін қонақ үйлердің жылдамдығына таң қалады. Қонақ өзінің атын атағаннан соң екі – үш клавишаны басқаннан соң оның аты жөнініңбастапқы әріптерін енгізгеннен кейін толық ақпарат шығады. Қонаққа қатысты қосыиша ақпарат экранның астынғы жағында пайда болады. Әкімшілік төлем ақыны төлеудің әдісін, болме нөмерінің категориясын, анықтайды, ал қонақ тек тіркеу картасына қол қояды.
Егер алдын ала жасалған тапсырыста номердің категориясы көрсетілсе, онда оған сәйкес категориядағы номер ұсынылады. Осылайша администратор компьютердің таңдауын өзгерте алады. Компьютер қонақты орналастыруға бөлменің таза және дайын екендігіне көз жеткізуі керек.
Тіркеу кезінде экранда уақыт және брондалған күні, тапсырысты алған кісінің есімі, сонымен қатар қонақ туралы ақпарат беріледі. (VIP және т.б.).
Жүйе қызметкерді есімін атауды және төлем ақыны жүргізудің әдісін тіркеу бітпей тұрып жасауын сұрайды. Тіркеу уақыты небәрі бірнеше секундарды алады.
«Фиделио» жүйесі қонақтардың шығуы туралы ақпаратты да береді. Автоматты интерфейс – дабылдар мен байланыстардың унифициалданған жүйесі, сонымен қатар тамақ үшін, телефон қоңырауларын, яғни көрсетілген ақылы қызметтер үшін ақы алуда клиенттер мен кассирлердің арасындағы тиімді жүйе.
Кассир кетуші туристің бөлмесінің номерін енгізу арқылы оның есебін автоматты түрде шығарып береді. Кассир сонымен қатар, компьютерге өзінің жеке кодын енгізуі керек.
«Фиделио» номерлік фондың жағдайын бақылау үшін толығымен автоматты және тиімді жүйені ұсынады. Әрбір нөмерге статус беріледі. Осы жағдайда бос және бос емес номерлердің есебі жүргізіледі. Бұл түрлі болатын жағдайларды болдырмауға арналған.
«Фиделио» жүйесі қажетті есептердің көшірмесінің арқасында көптеген құралдарды экономдауға мүмкіндік туғызады. Барлық есептер компьютердің жадында сақталып қалады және оларды кез – келген уақытта шығарып алуға болады, ке – келген уақытта қонақтың келгеніне 2 – 3 жыл өткеннен кейін де.
Ресторанды, телефонды және кез – келген қосымша қызметтер үшін төлемі қонақтың есебіне автоматты түрде қосылып отырады. Осы жағдайда, егер турист есебін төлегеннен кейін де, оны қайта ашып операцияларды жасай беруге болады.
Қонақтың шотының дизайны және формасы қонақ үй тапсырысымен жасалынады. Қонақта қалған көшірмесі қонақ үйді жарнамалаудың жақсы түрі болып табылады. Қонақтардың тізімі номерге қалдырылған хабарламалардың және телефон қоңырауларының басқарудың тиімді әдісі.
Қонақтар тізімі экранда өзге қызметтен басқа, келесі ақпараттарды ұсынады:
— кетушілер
— тұру уақытын создырғандар
— келушілер
— хабарлама қалдырылған қонақтар
— бір бөлмені бөліп тұрушы қонақтар;
Телефон операторы қонақтың қайда орналасқандығын жылдам анықтауға, немесе оған хабарлама қалдыру мүмкіндігіне ие. Сондықтан операторға тек қана бір – екі әріпті жазу тиімді және ол қонақ туралы ақпаратты экранға шығарып береді.
«Фиделио» бағдарламасының мүмкіндіктері. «Фиделио» операциялар туралы ақпарат беру мүмкіндігіне ие. Оның бұл қызметі қажет кезде алдағы операциялар туралы хабарламаларды басып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат қаржылық сипатта, сонымен қатар қонақ үйде тұруға алдын – ал өтініш білдіру, тіркеу, шығару және т.б. операцияларды ақпараттау сипатында болуы мүмкін.
Осы функцияның көмегімен қызметтер немесе қонақ үй қалай жұмыс істегенін, қонақ үйдің операцияларында әлсіз және күшті жақтарын қандай екенін анықтау оңайға соғады.
Ол сонымен қатар, персоналдың өз міндеттерін қалай орындағанын бақылауға және оның әлсіз жақтарын танытуға мүмкіндік береді.
«Фиделио» жүйесі автоматты түрде қонақтардың есебіне қатесіз сумманы енгізуді орындайды. Бұл персоналға , әсіресе түнгі аудиторға уақытын үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар «Фиделио» есепке қатысты барлық операцияларды жүзеге асырады.
Нөмерлердің статусы үнемі жаңарып отырғандықтн қонақтардың шығындары, олардың болу ұзақтығы, сонымен қатар бүкіл бір күндік статистика жаңарып отырады.
Ол барлық қонақ үйдегі қаржылық ағымды бақылап қажетті баланстарды құрып отырады. Осыған байланысты аудиторлық бақылау үшін аз персонал және аз уақыт талап етіледі.
Сонымен қатар, интерфейстің көмегімен ресторандар және барлардың жұмыстары ескеріледі. Маңызды ақпарат, ресторан жүйесінен алынған, қонақ үйдің күнделікті есебінде қосылып отырады.
Тағы рефераттар
- Кратер түзілу себептері және онымен бірге жүретін құбылыстар
- Особенности профессии «Ассистент патологоанатома»
- АССЕМБЛЕР ДИРЕКТИВАЛАРЫ
- Той, думан, қуаныш туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Өндірістік тәжірибенің есебі