Қонақ үйге келгенде орындалатын қызметтердің келесі бөлігі – орналастыру — өз кезегінде қонақтарды күтіп алумен, тіркеумен, кілт тапсыру және нөмірге дейін шығарып салудан тұрады.
Күтіп алудың екі түрі болуы мүмкін:
әуежайда немесе вокзалдарда;
Вестибюлде немесе қонақ үйге кіре берісте;
Әуежайда немесе вокзалдарда күтіп алу қонақтармен қонақ үйге келмей жатып, яғни жолда танысуға, көрсетілетін қызмет түрін анықтауға, қонақ үй және ұсынылатын қызметтер туралы мәлімет беруге мүмкіндік жасайды. Мұндай кездесу туралы брондау кезінде келісіп алады. Жоғарғы класты қонақ үйлерде қонақтарды кіре берісте швейцар күтіп алады.
Кішігірім қонақ үйлерде ең алдымен қонақ тіркеу және қабылдау бөліміне келеді, бұл жерде оны кезекші администратор күтіп алады. Егер клиент қонақ үйге екінші рет келіп тұрса, онда оны атымен атайды. Бұл жағымды әсер қалдырады.
Көптеген қонақ үйлер үшін әкімшіліктегі кезекші адам қонақты тұрып күтіп алуы тиіс. Бұл қонаққа деген сый – құрмет болып саналады.
Тіркеу процессі әр қонақ үйде қызмет көрсетуі мен уақытына байланысты әр түрлі болып келеді, ал қонақ туралы ақпарат бірдей. Автоматтандырылған қонақ үйлерде тіркеу өте жылдам өтеді.
Тіркеуден өтетін қонақтардың екі типін көрсетуге болады. Олардың біріншілері қонақ үйден нөмірді алдын – ала брондап қойған, ал келесілері жоқ. Брон жасаған қонақтарды автоматтандырылған қонақ үйлерде бірнеше минут ішінде тіркейді. Жапонияда бір қонақ үй бар, қонақтармен сәлемдесу мен тіркеу небәрі 45 с. алады.
Алдын ала тапсырыс жасаған қонақтың берілгендері жасаған броннан анық болады. Администратор тапсырыстың нөмірін анықтағаннан кейін, компьютерлік жүйеден қажетті модульді таңдағаннан кейін тіркеуді жасайды. Қонақтан тек тіркеу картасына қол қою талап етіледі.
Брондау жасалмаған қонақтарды тіркеу ұзағырақ болады, кейде 5 минут. Берілген жағдайда администратор қонаққа қажетті орналастыру түрін таңдап жасайды.
Сонымен қатар, қонақтармен нөмірдің құны, орналастыру уақыты, төлем жасау тәртібі туралы сұрақтарды талқылау керек. Осындай талқылаудан кейін, қонақ үй қызметкері клиенттің психологиясын зерттей отыра басқа да сұрақтар қояды. Көптеген қонақ үйлер үшін келген қонақ өзінің несие картасын көрсетуге міндетті. Бұл оның төлем жасайтындығына кепілдік болып табылады. Егер клиент «Амрикан экспресс», «Виза» және «Мастер кард» сияқты адыңғы қатарлы алтын картаның иегері болса, онда төлем жасайтындығына кепіл түрде сенген дұрыс.
«ҚР-ның қонақ үй қызметін көрсету ережелері» заңына сәйкес «қызметті орындаушы тұтынушымен қызметтерді ұсыну келісіміне отыруы тиіс. Қызметтерді ұсыну келісімі клиенттің азаматтығн растаушы құжаты болғанда ғана жасалады».
Егер тіркеуге рұхсат берілсе, қонақ Тұтынушы мен Өндіруші арасындағы келісім болып табылатын, тіркеу картасын толтырады. Анкетада қонақ тұрақты тұратын мекен – жайын, төлем ақыны жасайтын ұйымның мекен – жайын (егер төлем ақыны үшінші жақ жасайтын болса), және төлем жасаудың түрін (ақшалай, чек немесе несие картасы арқылы).
Ресейдегі қонақ үйлерде анкета екі данада толтырылады. Бір данасын олар туристер келетін елдің әкімшілігіне жіберіледі, ал екінші данасы қонақ үйдің паспорттық үстелінде сақталынады.
Қазақстанның көптеген қонақ үйлерінде тіркеу құжаты бір дана толтырылады және ол компьютерге тіркеледі.
Анкетаны толтырғанда өте мұқият болған жөн, себебі клиенттің берілгендері қонақ үйге шақыруда, іскерлік және демалыс кезінде шақырту жіберуге өте қолайлы болуы мүмкін. Қате жазылған мекен – жай, қонақ затын ұмытқанда жөнелтуге қиындық туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, дұрыс жазылған мекен – жай қонақ көрсетілген қызметтер үшін төлем ақысын жасамағанда да ақысын алуға кепілідік беретін жол. Шығу күні қате жазылған болса да, қонақ кетпей тұрып немесе кеткеннен кейін нөмірдің сатылуына әкелуі мүмкін. Несие картасының нөмірін дұрыс жазбау қызметтер үшін ақының төленбеуіне әкеледі.
Қонақ картаны толтыра отырып, көрсететін қызметтер үшін, тұру ұзақтығы мен төлем ақысы туралы қонақ үймен келісімге отыра қол қояды.
Қонақ анкетаны толтырып болған соң, әкімшілік оның анкетадағы берілгендерін және жеке куәлігін тексеріп, анкетаға қонақ тұратын бөлменің нөмірін, келу уақытын көрсете отырып, қол қояды. Одан ары қарай әкімшілік орналасуға рұхсат береді – бөлмеге орналасуға құқық беретін құжат. Орналасуға құқық беретін құжат екі данада жазылып шығады (кассир үшін және кезекші әкімшілікке).
Төлем жасағаннан кейін қонақ есеп – құжаттың 2 – ші көшірмесін алады, осы арқылы ол тұруға және қосымша қызметтер үшін төлеуге мүмкіндік алады. Тіркеу кезінде қонаққа тұру үшін есеп жазылып беріледі. Ол өзіне нөмір құнын, брондау ақысын, қосымша қызметтер үшін төлем ақыны қосады.
Кезекші администратор қонақтың картасын толтырады – яғни қонақ үйге кіруге және бөлменің кілтін алуға арналған рұхсат құжат. Қонақтың картасы бір данада жазылады және онда мынандай мәліметтер болуы тиіс: қонақтың аты – жөні, тұру уақыты және бөлме нөмірі.
Көптеген қонақ үйлер өздерінің қонақ карталарын жарнама құралы ретінде пайдаланады. Онда қонақ үй туралы және оған жету жолдары, көрсетілетін қосымша қызметтер түрлері туралы, жұмыс уақыттары көрсетіледі.
Қонақ тіркеуден өтіп болғаннан кейін жүктасушы немесе «Белбой» бөлмеге дейін шығарып салып, қонаққа бөлмені таныстырады.
Тіркеу кезінде қонақ үйге келуші қонақтардың жүктері вестибюлде тұрады. Көптеген қонақ үйлерде арнайы бөлме болады, сол жерге қонақтардың жүктері жүк тасушылар апарып қояды. Арнайы талондар ілініп қойылады, ол жерде қнақтың аты жөні, тіркеуден өткен соң бөлмесінің нөмірі жазылып қойылады. Мұндай талонды кіре берісте қонақтарға швейцар немесе белбой береді. Егер талон болмаса қонақ өзінің жүгін және бөлме нөмірі көрсетілген орналастыруға арналған құжатты көрсетеді, содан соң жүк тасушы жүктерін жеткізіп береді. Нөмірге келген соң ол қонаққа, құрал – жабдықтарды қалай пайдалануы керектігін және қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Алдын ала орынға тапсырыс жасау орналасуға арналған бөлмелерді дайындауға, әкімшіліктің және жүк тасушының жұмысын сәйкестендіріп жоспарлауға мүмкіндік жасайды. Мәселен топ туристер келерде әкімшілік нөмірлерге орналастырудың және дайындықтың картасын (брондау картасы) толтырады.
Топтық туристерді қонақ үйге орналастырғанда, топтың басшысы әкімшілікке жөнелтуші фирманың бағытын және топтың тізімін жариялайды.
Әкімшілік берілген топтың брондаған бөлмелерінің нөмірін жариялайды. Топтық туристердің көпшілігі әдетте екі орынды нөмірлерде, және топтың басшысына бөлек бір орынды нөмір ұсынады. Барлық туристер анкета толтырады, келу мақсаты бөліміне – «туризм» деп көрсету керек. Әкімшілік топтық туристерге орналасуына рұхсат құжатты береді, онда туристердің тұратын бөлмелердің нөмірі көрсетіледі.
Әрбір қонаққа әкімшілік қонақ картасын жазып береді. Тұру үшін төлем ақыны тіркеуде бермейді.
Көптеген туристік фирмаларда көп жағдайда туристерге туристік жолдамамен бірге жүкке арналған талондар береді. Талондағы нөмір басшының тізіміндегі туристің кезекті нөміріне сәйкес келеді. Жүктегі нөмірмен тізімдегі нөмірді салыстыра отырып жүк тасушы қонақтардың заттарын бөлмелеріне жеткізіп береді.
Туристер көп жағдайда нөмірге тағы қосымша 1 тәулікке ақы төлемес үшін, жүктерін жүк қоймасына өткізеді. Бірақ топ туристер үшін, яғни олардың демалуы үшін бір нөмір ұзартылады.
Қосымша А
Халықаралық қонақ үй тізбегінің негізгі ондығы
Бас холдингтің атауы (бөлімнің)
|
Штаб – пәтер орналасқан мемлекет |
Нөмірлер саны |
«Hospitaliti Franchise System Blanstone Part.» «Holiday Inn World wide» «Best Western Internationali» «Accor» «Choice Hotel International» «ITT Sheraton Corp.» «Promus Corp.» «Hilton Hotel Corp.» «Carlson Hospilaty World wide»
|
США
Англия США Франция США « « « « « « |
490 000
386323 295305 279145 271812 251425 130528 105930 101000 91177 |
Қосымша Б
Нөмірді брондауға арналған өтініш – хат
«Тезтур» туристік фирмасы «Алматы» қонақ үйінің Алматы, Абай көш.,56 директорына Счет № 00000002
Өтініш
Біздің фирмамыздың қызметкерлері Аліпов Д.Р пен Арманова М.П үшін 01.01.2009 – 05.01.2009ж.ж уақыт аралығы үшін екі бір орынды нөмір брондауларынызды сұраймыз. Келу уақыты 14.00 – де. Төлем ақыны 12-А келісіміне сәйкес төлеуге кепілдік береміз. Брондауды мына нөмір бойынша растауға болады 95-45-66.
Директор Адилова Е.Н Бас бухгалтер Оспанова Г.Д 25.12.2008ж.
|
Тағы рефераттар
- Алтын адам
- Құқықтың белгілері
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
- Халық қозғалысының әлемдік көрсеткіштері
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері