Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;
- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің кор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүмкіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды калай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.
Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат – вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік рөлі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
Биржалардың бастапқы кезендегі қалыптасуы мемлекеттіқ қарыздың өсуімен байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы акционерлік қоғамдардың (Нидерлаңды және ағылшын ост-үнді компаниялары) пайда болуьша байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өңеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктердің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қосқандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда-саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар орнықты. Сондықтан да капитализмңің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмағаң «жабайы» нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті ретгеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, ңәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ-та кеңінен дамыды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шот-тарда сақтауды, сақтандыру полңсі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіп-керлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестиция-лады. Сондықтан да АҚЩ-тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалып-тасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағазадар нарығының біріне жатады.
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы кор биржасына классикалық мысал ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай қағидамен жұмыс жасап отырған Нью-Йорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компа-ния түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью-Йорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған мыңдарадан жүздеген мын долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан кор биржалары ұйымдастырылу кұрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады.
Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы ко-миссиялармен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Мысалға, Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа операциялары жөніндегі комиссияның бірлескен түрдегі қадағалауында болса, ал Германияның биржаларын жергілікті үкімет органдары бақылауға алса, Италия биржаларын Қаржы минстрлігі мен компаниялар және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия реттейді. Биржалық жұмыскерлер мен қор операциялары бойынша мамандарды, сол органдар тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі болады.
Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуропалық континенттік қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу ағымы байқалуда. Бір жағы-нан, биржаның өзі іштей өзін-өзі реттеу негізінде қызмет етсе, екінші жағынан ақша-несие және қаржы
механизмінің казіргі құрылымына оңай көнетіндей ету мақсатында бағалы кағаздар нарығына мемлекеттік бақылау және реттеу арта түсуде.
Әрбір елде бір ғана емес, қор биржаларының толық жүйесі бар. Ұлттық биржалық жүйеде жекелеген биржалардың рөліне байланысты моно жүйелік және полицентристік қор биржалары бар елдерді топтастыруға болады.
Бірінші типтегі жүйеде елдің қаржы орталығында ор-наласқан бір ғана биржа қызмет етіп, қалғандарының аймақтық маңызы болады (АҚШ, Италия, Франция, Жапония). Мысалға, Милан және Париж қор биржаларында бағалы қағаздар ұлттық айналымының 95%-ға жуығы шоғырланса, ал Нью-Иорк және Токио биржаларында бұл көрсеткіш 84% және 80% құрайды.
Қазақстандағы ұйымдастырылған қор биржасының дамуы осы биржалық жүйе төңірегінде жүргізілуде.
Полицентрлік қор биржасының жүйелері Германияда, Австрияда, Канадада, Швецияда қызмет етуде. Аймақтық қор биржалар қызметі жергілікті компаниялардың бағалы қағаздарына қызмет көрсетуге бағытталғандықтан да белгілі бір аудан төңірегінен шықпайды. Бірақ та бұл жерде провинциалдық биржалардың бірігу ағымының орын алуын айта кеткен жөн. Полицентрлік бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру құрылымына біршама аймақтық құрылым-дары бар Ресей биржалық жүйесі бет түзеп келеді.
Тағы рефераттар
- Кремнийорганикалық сұйықтықтар (силиконды майлар)
- Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
- Жаза ұғымы және оның түрлері
- Кәсiпорынның сыртқы экономикалық қызметтiның қаржылық есебі курстық жұмыс
- Түргеш қағанаты