Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері туралы қазақша реферат
Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарьн қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? — деген сұрақ туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы — өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар — ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ иянаттардан корғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады («Неке және отбасы туралы» заңның 113-бабы).
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгерщілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкІн болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі.
«Неке және отбасы туралы» Заңының 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған адамдар;
сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;
денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мІндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мџмкін.
Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және ғамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.
Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдьн ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамкорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауғ, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ, аталған мәмілелер нәтижесінде корғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ («Неке және отбасы туралы» Заңының 114-бабы).
Қорғаншьг немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншьшы немесе қамқоршыны осы міндетгерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мџмкін.
Тағы рефераттар
- Кезекті аударма туралы қазақша реферат
- Резинаны өңдеуде жиі қолданылатын негізгі процестер
- Кәсіпорынның материалдық-техникалық ұйымдастырылуы курстық жұмыс
- Қаржылық инвестициялардың есебі мен аудиті
- Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі