Көркем және эстетикалық тәрбие беру туралы қазақша реферат

Көркем және эстетикалық тәрбие беру бөлімінде балалардың шығармашылық дарынын танытатын алғашқы кәсіп таңдаудағы табалдырықты және оны дамыта білетін педагогтер қызмет етеді. Бөлімнің үйірме мүшелері өз өнерлерін көптеген ұйымдарда, мектептерде, балалар үйлерінде көрсетеді. Жас дарынды балалардың ондағы спектакльдерінің, премьераларының және концерттік бағдарламаларының тұсауы Үлкен Концерт залында кесілді. Мұнда ән айтуды, би билеуді жақсы көретін, өзін актермын, суретшімін деп сезінетін және көптеген телебағдарламалардың жүргізушісі болғысы, сахна заңын танығысы келетін балаларды күтеді. Кәсіптік дәрежесі жоғары бөлім педагогтері музыка заңын, жоғары сән және дизайн үлгілерін, дәм дайындап үйрену, тоқу, тігу сиқырларын танып білуге көмектеседі. Егер арманың болса көркем және эстетикалық тәрбие беру бөлімінде орындалады. Көптеген таным бағдарламаларына, қызықты кездесулерге, спектакльдерге және жаңа жылдық шырша мерекелері мен концерттерді тамашалауға баршаларыңызды шақырады. Музыка адамның мәдениеті мен рухани дамуына көмектеседі.
Көркем және эстетикалық тәрбие беру бөлімінде «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрі (жет.Төлеуғалиева К.Ж.) оркестр жанындағы «Шертер»балалар коллективі (жет. Егембердиева Ш.Қ.), «Бұлбұл» терме үйірмесі (жет.Досқожанова Н.А.), «Балдәурен» фольклорлық ансамблі (жет.Абдуқадыров Т.Б.) жұмыс істейді. Аталған бөлімнің балалары сахналық және актерлық шеберлікке шыңдалып, түрлі бұқаралық шараларға, концерттерге қатысу үшін домбыра, асатаяқ, дабыл, тұяқтас сияқты халық аспаптарын ойнауды меңгерген. Мұндай балалардың телерадиобағдарламаларға, әр түрлі байқауларға қатысуға мүмкіншіліктері бар.
Хореография – би өнері, ол адамның ішкі жан дүниесін ырғақтар арқылы жеткізу болып табылады. Би – қозғалыс, тән сымбаты. Бөлімде: «Ақ көгершін» ансамблі (жет.Бакенова Г.М.)- І және ІІ халықаралық «Айналайын» фестивалінің лауреаты (1996,1997 жж), халықаралық «Сопот-89» балалар фестивалінің лауреаты. «Жібек жолы» ансамблі (жет.Когут А.Ш.)- «Азия Даусы» халықаралық фестивалі Балалар шығармашылығының ІІ фестивалінің дипломанты. «Таңсұлу» ансамблі (жет.Ауталипова Т.Қ.)- халықаралық «Шығыс балалары достасады» балалар байқауының лауреаты. «Қарлығаш» ансамблі (жет.Тұрлыбаева Ж.Т.) «Фантазия» ансамблі (жет.Урынтаева А.Р.) жұмыс істейді. Бөлімдегі бұл балалар коллективтері республика көлеміне танымал болған, үлгілі шығармашылық бағдарламаларымен жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүр.
Балалардың ұшқыр қиялындағы ойларын қолмен шебер іске асыратын қолөнер үйірмелерінде: тігу, тоқу, сурет салуды үйретеді.

 

-29-

«Аспаздық және тұрмыс эстетикасы» (жет.Ысхакова Г.А.). Негізгі бағыты

үйірме мүшелеріне аспаздықтың қыр-сырын үйретіп, ас дайындаудың сан түрін меңгертеді. Сонымен қатар тамақ сапасын, оның құрамына кіретін негізгі элементтерімен таныстырады. Ерекшілігі үйірмеде қыз-балалары қазақстан халқының және басқа халықтардың ұлттық тағамдары мен аспаздығы туралы үйреніп, өз қолдарымен жасайды. Тағамның энергетикалық құндылығы, витаминдер мен минералдардың адам ағзасына пайдасы туралы да мәлімет алады. Дастархан мәзірін қалай жасау қажет екендігін, кондитерлік тағамдарды әсем безендіруді үйренеді. Әр түрлі байқаулар, мерекелік дастархан жасауда өз шеберліктерін байқатады. Үйірме мүшелері тағамды таза, әрі дәмді жасауды үйреніп, болашақта тұрмыста іске асырады деп сенеміз.
Бейнелеу, сурет салуды үйрететін «Кескіндеме» үйірмесі (жет.Наурыз Н.) болашақ суретшілерді дайындайды. Мұнда балалар тек көркемдік білім алып қана қоймай, өнер туындыларын бағалауды, тарихи ескерткіштер мен архитектуралық құндылықтарды, әсем табиғаттың сұлулығын, байлығын тани отырып, қағаз бетіне бейнелеу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттырады. Көптеген балалар болашаққа жолдама алып көркемөнер оқу орындарына түсіп, суретші, дизайнер, мүсінші, сәулетші, суретші-модельер болып шығады.Үйірме мүшелері «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз», «Қысқы қиял», «Наурыз», «Жастар нашақорлыққа қарсы», «Өмір тамшысы» және т.б. республикалық, қалалық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Шебер қолдар» үйірмесі (жет. Ә.Омарова) балалардың жеке тұлға ретінде адам болып қалыптасуына үлкен әсер ететін саланың бір түрі көркемөнерге баулиды. Еңбек сабақтары баланың көзқарасының кеңеюіне, эстетикалық қабілетін арттыруға, ойлау және шығармашылық белсенділігін арттыруға, өмірге көркемдік көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелейді. Үйірме жұмысы олардың еңбекқорлық, жинақылық, сұлулық сияқты қасиеттерін қалыптастырады, сонымен қатар, графика, композиция, кескіндеу тәлімін бойларына сіңіреді. «Асыл ағаш» үйірмесі(жет.О.Руханов).
Мұнда 12 жастан жоғары балалар домбыра, балалайка, қобыз, гитара сияқты музыкалық аспаптар жасап үйренеді. Сонымен қатар бабалар ұлттық қол өнерін, мәдениетін игеріп, еңбекқорлыққа шынығады. Аспаптардың жасалу күрделілігін, технологиясын игеру, заттардың көлемін үлкейту жас ерекшеліктеріне қарай үлкейген сайын өсе түседі. Бұл үйірмеде нағыз музыкант – орындаушылар үшін кәсіптік деңгейі жоғары аспаптар да дайындалады. Балалардың қолымен жасалған аспаптар көптеген көрмелерге қатысып, шет ел меймандарына сыйлық ретінде табыс етіледі. «Асыл ағаш» үйірмесінде тәрбиелеген балалар болашақта ағаш шебері, музыкалық аспап жасаушы шеберлер болатыны айғақ.
Тағы рефераттар