Қорқыту туралы қазақша реферат
Қылмыстың тікелей обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы.
Қылмыс обьективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққ ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауыпты тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.
Заңда қорқытудың нақты түрлері – ( өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты көрсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан ( ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты – жоғарыда көрсетілген қорқыту тәсілдерінің іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табылады. Мұндай негіздер әртүрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байланысты шешіледі: кінәлінің қорқыту әрекеттерін жасау тәсілдері, оның қару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері ( бұрын сотталғандығы, эмоциялық жай-күйі, т.с.с.).
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады.
Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.
Қылмыстың субьектісі – 16-ға толған адам.
Тағы рефераттар
- Жалпы меншік
- Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы курстық жұмыс
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі курстық жұмыс
- Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі
- Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның мәдени дамуы